Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Ұрықты ұзақ мерзімде сақтау



бет28/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   115
акушерство китап

Ұрықты ұзақ мерзімде сақтау. Ұрықты 2-5 температурада сақтағанда оның құрамында алмасу процесі жүреді, ол ұрықтың ұрықтандыру қасиетіне керісінше әсер етеді. Ұрықты ұзақ уақыт бойы сақтау биохимиялық процестерді қатты тежеу арқылы болады. Ұрықты тоңазыту арқылы тіршілігін уақытша тоқтату теориясын орыс ғалымы П.И. Бахметьев (1902) негіздеген.
Бірінші рет айғыр ұрығын төменгі температурада (-15°) тоңазытуды И.И. Иванов (1907) жүргізді. Кешірек Янель (938) адам ұрығын (196°) сұйық азотта және сұйық геллиде (-129°) тоңазытуға болатынын тапты.
1948 жылы И.В. Смирнов бірінші рет айғырдың, қоянның, бұқаның және қошқардың ұрықтарын аллюминий (жылтыр қағаз) фольгасынан жасалған қапшықта тоңазытуға болатынын дәлелдеді және сұйық оттегінің буында (-183°) қою арқылы жетістікке жетті. Бірақ ұрықтың көбі өліп қалды, ал еріткен уақытта тек қана 5-30% ұрықтар өздерінің үдемелі жылжу белсенділіктерін сақтап қалды. И.В. Смирнов аналық малдарды жыныстық қозу сатысында бірнеше рет ұрықтандыру арқылы 1950-1951 жылдары бірінші болып қозы мен бұзау алды.
Әрі қарай ағылшын ғалымдары Полдж және Раусон (952) ұрықты тоңазыту кезінде қорғаныс ретінде глицеринді қолданып бұқа ұрығын -196° сұйық азотта сақтау әдісін дәлелдеді. Қазіргі кезде бұл тәсіл шетелде де, біздің елде де кеңінен таралған.
Ұрықты сұйық азотта сақтау өсіретін малдың тұқымдық сапасын жақсартады, өйткені бағалы аталық мал ұрықтарымен ұрықтандырғанда аналық малдардың ұрықтану саны бірнеше мыңға жоғарлайды.
Сұйық азотта 25 жыл сақталған бұқа ұрығы өзінің ұрықтандырғыш қасиетін жоймайды екен.
Бұқа ұрығын тоңазыту үшін оның ұрығының белсенділігі 8 баллдан төмен болмау керек.
Ұрықтың тоңазытуын біртіндеп және жылдам жүргізуге болады.
Бұқа ұрығын көбінесе түйіршік гранула түрінде тоңазытады (0,1-0,3 мл) бұндай жұмыс Дьюар ыдысын пайдалы қолдануға мүмкіндік туғызады.
Францияда ұрықты жылдам тоңазыту жұмыстарын «сабан талшығында» (сабан пайетасы) жүргізеді екен. Сонымен бірге «сабан талшығы» сиырды ұрықтандыру кезіндегі құрал болып есептелінеді, осы әдісті біздің елімізде де қолданады.
Полипропилендік талшықта (0,25-0,04 мл) ұрықты тоңазыту технологиясы жақсы нәтиже береді (И. Хабибуллин).
Жылдың мерзімдерінің негізгі факторлары. Жазғы ыстық уақыттарда сиырды тоңазытылған ұрықпен ұрықтандырғанда нәтижесі төмен болады.
Ең қолайлы ұрықты тоңазыту кезендері болып көктем мен күз саналады.
Айғыр ұрығын түйіршік түрінде және аллюминдік қабшықта тоназыту тәсілі дәлелденді, қазір осы тәсіл пратикада қолдану тапты (Е.М. Платов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет