3.5. Донорларды таңдау
Донорларды таңдау көптеген жағдайларда донор сиыр ретінде потенциальды (күшті) асыл тұқымды бұқа шешелерін таңдайды.
Донорларды таңдау тұқымды шаруашылықтарда, негізінен сүт өнімділігі жоғары деңгейдегі асыл тұқымды зауыттарда жүргізіледі.
Трансплантациялау тәжірибесінде бұқа шешелері тобына бөлінген донор сиырларды таңдап, бағалауды екі кезеңде өткізеді. Бірінші кезеңде сүт өнміділігі мен майлылығы деңгейінде бағаланады, екінші кезеңде желін мен емшек пішіні, сүт беру қасиеті, резистенттілігі, сүйек, тұяқ беріктілігі, типі, ұдайы өндіру сапалары ескеріледі. Қой шаруашылығында да донорларды жоғары өнімді аналықтардың қатарынан таңдайды. Бұл кезде жоғары жүн қырқылуы, тірі салмағы тәрізді көрсеткіштер ескеріледі.
Донорларды дайындау жұмысын трансплантациялаудан 2 ай бұрын бастайды. Бұл кезде қозыларды бөліп, мал дәрігерлік санитарлық өңдеу жұмыстарын өткізеді.
Микроэлементтер мен витаминдер қосып, азықтандыру сапасын жоғарылатады.
3.6. Суперовуляцияны тудыру
Полиовуляцияны индуцирлеу (тудыру). Донорларды таңдаған соң, көптік овуляцияны индуцирлеуге кіріседі. Бұл үшін буаз биенің қағанағын өндіретін гонадотропин немесе ауылшаруашылығы малдарының гипофизынан алынатын гипофизарлы гормондар ФСГ қолданылады.
Осы гонадотропиндерді қолдану арқылы сиырлардың 70%-да суперовуляция тудыруға болады. Яғни, суперовуляцияны өткен 30%-ды гонадотропин белсендіруіне әсер етпейді. Овуляцияның орта есептегі саны 8-10-ға тең. СЖК гонадотропинінің оптимальды мөлшері 2500-3000 ӨБ. Оның мөлшерін көбейткенде овуляцияланбаған фолликул саны ұлғаяды.
Суперовуляцияның жоғарғы әсері эстральды циклдың 10-17 күн аралығында ГСЖК және 48 сағаттан кейін сары дене регрессиясын, жыныс күйіті мен овуляцияны тударатын эстрофан егуінен туады. Эстрофан еккен соң, 48 сағат бойы 98% донор сиырларда барлық эструс белгілері бар суперовуляция өтеді. Бұндай технологиядан соң орта есеппен 10 овуляция, ал ұрықтандырылғаннан кейін аналық жыныс клеткасының 80%-дың ұрықтану болатыны дәлелденген. Басқа суперовуляциялы әсері бар гормон ретінде гипофиздің алдыңғы бөлігінен өндірілетін фолликул ынталандыратын гормонды ФСГ-ні айтуға болады. СЖК-ның гонадотропиннен айырмашылығы ол ФСГ-ні бір рет емес бірнеше рет енгізу қажет. Алайда ФСГ-ны қолданудан жақсы нәтижелер алынған. Эстрофанмен қатар еккенде овуляция саны орта есеппен 11,3-14-ке жетеді. Қой шаруашылығында да суперовуляция тудыру үшін ГСЖК-дан басқа гравогормон, фоллигон, ФСГ, фоллитропин, грофолон қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |