Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Б) Жатыр мойынын тік ішек арқылы ұстап тұрып ұрықтандыру (ректоцервикальдық)



бет31/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   115
акушерство китап

Б) Жатыр мойынын тік ішек арқылы ұстап тұрып ұрықтандыру (ректоцервикальдық).
Көп мамандар малдарды қынап айнасынсыз пипеткамен тік ішек арқылы жатырды ұстап ұрықтандыруды қолайлы деп санайды. Бұл үшін бір қолмен тік ішек арқылы жатыр мойынын ұстап, ал екінші қолмен қынап арқылы пипетканы енгізеді. Бұл әдісте бір рет қолданылатын полиэтилен қолғаптар, полистироль немесе шыны пипеткалар қажет.
Бұл әдісті әсіресе жұқпалы аурулары бар шаруашылықтарда қолдану пайдалы. Бұл әдіспен ұрықтандыру үшін жуылған және спиртпен сүртілген құрғақ қолмен пакеттен полистироль пипетканы алады да, оған пластмасса ампуланы немесе резеңке баллонды қосады да, пипеткаға байланыстыратын муфтамен кішкентай капрон шприцті жалғайды, содан кейін 1 мл ұрық сорады.
Сулы тампонмен немесе қайнатылған сулы сықпамен сиырдың сыртқы органдарың сүрткен соң, оң қолмен пипетканы қынапқа оның жоғарғы енуінен (қабырғасынан) кіргізеді. Полиэтилен қолғап киілген бір қолды сабындап тік ішекке енгізеді, онан соң жатыр мойынынан ұстайды да пипетканың ұшын оған бағыттайды.
Пипетканы енгізгеннен кейін (бір әрекетте), оны әрі қарай жылжыту үшін жатыр мойынын қолдың барлық саусақтарымен ұстап жеңіл айналдырып, абайлап пипеткаға кигізеді. Аналық малды ұрықтандырғаннан кейін поиэтилен қолғапты және полистироль пипетканы жағып жібереді, ал шыны пипеткаларды сүртеді сосын стерильденгенше бөлек темір трубкада сақтайды.
Бұл әдісте ұрықтың кері құйылуы болмайды, өйткені қынаптың кілегейлі қабығы қынап айнасымен тітіркенбейді. Қынап айнасымен қынаптың микробтармен кірленуі және жарақаттануы болмайды. Кейбір ғалымдардың дәлелдері бойынша, осы әдіспен сиырларды ұрықтандырғанда олардың ұрықтану көрсеткіштері 8-10%-ға жоғарылайды.
Бірақ бұл әдісті басқа әдістерге қарағанда меңгеру қиынға түседі және ол арнайы дайындықты қажет етеді.
В) Жатыр мойынын қолмен ұстап тұрып ұрықтындару (маноцервикальдық)
Әдісті Ф.И. Осташко және В.А. Чирков ұсынды. Бұл әдісте стерильді бір рет қолданылатын аспаптарды: полистироль катетер мен полиэтилен және полиэтилен қолғап қолданады. Ұрығы бар ампуланы термостан алып шығып, 70°-дық спирт сіңірілген тампонмен сүртеді, ұрықтар араласу үшін сілкеді, содан кейін стерильді қайшымен қақпашасын кеседі, ампуланың мойынына полистироль катетерді салады, сосын зат шынысының үстіне ұрықтың бір тамшысын сығып оның белсенділігін тексереді. Ұрықтың сапасын тексерген соң оны жатыр мойынына енгізеді. Ол үшін сиырдың сарпайын және құйрық түбін фурацилин ерітіндісімен сүртеді, полиэтилен қолғап киілген және физиологиялық ерітіндімен суланған оң қолды абайлап қынапқа енгізеді, сосын жатыр мойынының қынап бөлігіне массаж жасайды. Қолды қынаптан шығармай екінші қолмен дайындалған ұрығы бар ампуланы береді. Қолдың бақылауымен катетерді жатыр мойынына кіргізеді, ампуланы көтеріңкірейді, сосын ампуланың ішіндегі ұрықты жатыр мойынына ол босаңсысымен баяу сығып жібереді.
Ұрықты жібергеннен кейін ампуланы қолмен босатпай, аспапты жатыр мойынынан алып шығып, қынап түбіне қояды да қолмен жатыр мойынына массаж жасайды, бұл ұрықтың жатыр қуысына жылжуын қамтамасыз етеді. Содан кейін қолды қынаптан абайлап ампуламен катетерді қоса алып шығады.
Бұл әдісті тек ірі сиырларға ғана қолдануға болады. Ұсақ сиырларды және қынабы тар құнажындарды ұрықтандыруға бұл әдіс жарамсыз, өйткені мұндай малдың жыныс органдары микробтармен зақымданып, микробтармен ластануы және қабынуы мүмкін.

3 -Сурет. Модифицирленген маноцервикалды ұрықтандыру әдісінің тәсілдері: 1- жатыр мойынын массаждау; 2- түтікшелі ампуланы қосу; 3- ұрық енгізілуі кезіндегі түтікше жағдайы.


Шаруашылық жағдайында бір әдісті екінші әдіске қайшы қоюдың қажеті жоқ, тек әрбіреуін орынды жағдайға байланысты қолдану керек. Әрбір әдісте өзінің артықшылығы мен кемшілігі болады. Ұрық жатыр мойынының жолынан қынапқа ағып кетпеуі үшін ұрықтандырылған аналық малды 20-30 минуттай байлауда ұстау қажет. 30 минут өткен соң малды арнайы бөлінген орынға байлау керек. Қолдан ұрықтандырғаннан кейін мегежіндердің жыныс аппаратына 10 минуттай массаж пайдалы. Осы жұмыс сиырлардың ұрықтану көрсеткішін 5-6%-ға жоғарылатады.
3. Жатыр әдісімен ұрықтандыру. Тек жатыр арқылы ұрықтанатын малдарда (бие, мегежін) қолданылады. Биелерді ұрықтандыруға көбінесе эбонит катетерді қолданады. Көздің бақылауымен катетерді қынап айнасы арқылы тікелей жатыр ішіне 10-15 см, тереңдікке кіргізеді. Жұмсақ резеңке катетерді қолданғанда оның бір ұшын қолмен ұстап, қынапқа кіргізеді, сосын саусақтармен оны жатыр мойынының жолына бағыттайды. Ұрық мөлшерінің көлемі көп болғандықтан оны жатырға енгізу үшін 20 граммдық шприц немесе арнайы ампулаларды қолданады, 30 мл көлемді ампулалар ұрықты тасымалдауға және ұрықтандыруға пайдаланылады. Ұрықтандырар алдында ампуланың жіңішке шетіне балонмен қосылған резеңкелі шланг кигізеді. Ампуланың екінші жағынан резеңкелі қақпағын алады. Ампуланы қолмен ұстап қынапқа кіргізеді, оның бос шетін жатыр мойынына бағыттайды. Баллонды қысқанда ұрық жатыр ішіне ауамен итеріледі. Растяпин аналықтарға ұрықты ампуладан И.И. Иванов катетері арқылы енгізуін ұсынды.
Мегежіндерді екі әдіспен ұрықтандырады: фракциялық және фракциялық емес. Фракциялық әдісте А.В. Квасницкий ұсынған универсальды зонд УЗК-5, ал фракциялық емес әдіс С.И. Сердюк пен А.А. Белов ұсынған ПОС-5 аспаптарын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет