Аналық жыныс аппаратында ұрықтардың өмірсүргіш мерзімі. Мамандар ұрықтандыру уақытын дайындау кезінде негізделетін овуляция жиі қүйлеу және жыныстық қозу уақытымен сәйкес келмейді. Сондықтан ұрықтар аналық түтікшелеріне тым ерте (овуляцияға дейін) немесе тым кеш овуляциядан кейін аналық клетка әлі қабілетті болмағанда немесе ұрықтану үрдісіне қатынасу қасиетін жоғалтып алуына байланысты ұрықтандыру ұрықтануға әкелмеуі мүмкін. Өте маңыздысы ол ұрықтардың аналық малдың жыныс сферасында күйлеу және қозу сатысының басқа феномендерінің көріну дәрежесіне байланысты өмір сіруін білу қажет. Бұл сұрақ толығымен зерттеліп болған жоқ. Белгілісі ұрықтардың өміріне ең қолайсыз орта болып қынап саналады.
Бие қынабында ұрықтардың ең көп өмір сүру ұзақтығы , сағат, саулық және сиыр қынабында сағат. Қынаптағы қабыну үрдістері ұрықтардың өмір сүргіштігін бірнеше ретке төмендетеді. Сиырлардың вагиниті кезінде ұрықтар алғашқы сағатта өледі, ешкілердің қынабында осы ауруда олар бір сағаттан минутке дейін өмір сүреді.
Көп зерттеушілер қынаптық топқа жататын аналықтардың жатыр мойынын ұрықтардың өмір сүруіне қолайлы жыныс аппаратының бөлігі деп санайды. Саулықтың жатыр мойыны бөлігінде ұрықтар сағатқа дейін, ал сиырларда сағатқа дейін өмір сүреді. Аналық малдың қүйіті аяқталғаннан кейін ұрықтарды жатыр мойына енгізгенде олар сағаттан кейін өліп қалады және жатыр мүйіздерінің жоғарысына жетпейді.
Бие және сиырдың жатырында ұрықтар сағатқа дейін өмір сүреді.
Аналық малдың жатырында күйлеу кезінде ұрықтарды енгізгеннен кейін , сағаттан соң тірі ұрықтар табылған, бірқалыптылық сатысында ұрықтандырған аналық малдың жатырында ұрықтардың өмір сүргіштігі сағатқа дейін төмендеген. Күйлеу фазасында сойылған малдың жатырынан сығып алынған сұйықта ұрықтар бірқалыптылық сатысында алынған жатырдан дайындалған шырындағы сұйықтыққа қарағанда көбірек өмір сүреді.
Ұрықтардың жыныс сферасындағы өмір сүргіштігіне жалпы жағдайы оның қоректенуі әсер етеді. Аналық малдың организміне түскен заттар жартылай оның жыныс жүйесімен бөлінуі мүмкін. Ішке фосфор, никотин, қорғасын ішкізу ұрықтардың өмірсүру уақытын қатты қысқартады және 50% жағдайда іш тастауды тудырады. Күшәлә, темір, күміс жатырдағы ұрықтардың өмір сүргіштігін қысқартады.
Бір түрге жататын аталықтын ұрығын басқа түрге жататын аналық малдың жатырына енгізсе, тез арада ол өліп калады, ал өз түріне енгізсе көбірек өмір сүреді.
Көптеген зерттеулер мен байқаулар көрсеткендей сүт қоректілер тобына жататын аналықтардың жыныс сферасында ұрық ұрықтану қабілеттілігін сағат бойы сақтайтыны дәлелденді. Осы мерзімдерді ескере отырып аналық малдардың ұрықтандыру мерзімін белгілеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |