Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Аналық клетканың жыныс жолдарымен жылжуы



бет37/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115
акушерство китап

3.2. Аналық клетканың жыныс жолдарымен жылжуы
Ұрықтанудың нәтижесі тек ұрықтың ғана емес, сонымен бірге аналық клетканың фолликулдан бөлінгеннен кейінгі тағдырына да байланысты. Овуляция кезінде сәулелі жиекпен қоршалған аналық клетка, фолликулярлық сұйықпен бірге құрсақ қуысына бөлінеді. Аналық жыныс клеткасының түтігі аналық жыныс безімен тығыз байланысты, сол себептен аналық клетка әдетте шашақтың бұтақтарына түседі. Шашақ /бахромка/ оның тамырлары қанмен толуына байланысты қатаяды және аналық жыныс клеткасын қоршайды, сонымен бірге бөлінетін ядроға орын дайындайды.
Биеде, мегежінде және кейбір басқа түрдегі аналық малдарында, аналық жыныс бездері шашақтың ішіне немесе аналық жыныс бездерінің түтіктеріне алынған. Осындай қарым-қатынас туу себебінен бөлінген жұмыртқа тікелей шашаққа түсуі тиісті.
Басқа малдардың шашақтары /сиыр, саулық/ нашар дамыған. Сондықтан аналық жыныс безінің овуляциялық бөлігін қоршай алмайды.
Дәрігерлердің бақылаулары бойынша, көпшілік жағдайларда аналық бездің түтігінде ұрық пайда болғанда, аналық жыныс клеткасы оң жақ аналық жыныс безінен бөлінеді, ал ұрық сол жақ түтікте дамиды. Осы жағдай овуляциядан кейін, аналық жыныс клеткасы құрсақ қуысында мүмкін бос жүреді деген гипотеза тууына мүмкіндік берді. Сосын аналық жыныс клеткасы оң немесе сол аналық жыныс клеткасы түтігіне түседі. Арнайы зерттеулер сыртқы және ішкі жұмыртқаның немесе зиготаның «бос жүруі» деген түсініктемелерін енгізуге себеп болды. Бірінші жағдайда /сыртқы бос жүруі/ аналық жыныс клеткасы, аналық жыныс безінен бөлінгесін біраз уақыт ішектің ілмек аралықтарында қалқиды. Кейіннен түтіктің бір саңылауынан жатырдың қуысы ішіне кіреді. Зиготаның /мүмкін ұрықтың/ ішкі «бос жүруі» жатыр денесі арқылы бір мүйізден екінші мүйізге ауыспауын, жатыр бұлшық еттерінің жиырылуынан болады деп түсіндіріледі.
Аналық жыныс клеткаларының, аналық жыныс түтіктерінен жылжу мерзімінің шамасы қатты құбылуы мүмкін. Арнайы зерттеулер және бақылаулар көрсеткендей, жұмыртқаның барлық аналық малдардың жыныс түтіктерінен өтуі 1-2 тәулікке созылады. Сиырларда овуляциядан кейін бірінші 6-12 сағат аралығында жұмыртқа 1/3 аналық жыныс түтігінен өтеді. Аналық жыныс клеткасының әрі қарай жылжуы өте баяу болады 1 сағатта 1 см.
Егерде ұрықтану үрдісі болмаса онда аналық жыныс клеткасы өледі және сіңіп кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет