3.3. Ұрықтану және өскіннің дамуы
Жыныс актісімен ұрықтану үрдісі болады. Ұрықтану - физиологиялық үрдіс, ұрық пен жұмыртқа қосылуынан жаңа клетка-өскін пайда болады. Ол екі жақты тұқым қуалаушылық қасиеттеріне ие болады.
1651 жылы Гарвей «Жаңаның бәрі жұмыртқадан шығады» деген тарихи ұғымды айтқан. Бұл тұжырым овистік бағытты тудырды / ovo - жұмыртқа/.
1677 жылы студент Гамм мен оның оқытушысы Левенгук ұрықтарды ашқаннан кейін, биологияда ұрықтар микроскопиялық кішкентай, бірақ толық құрылған организм деген теория қалыптасты /animalculum-аң, homunculum-адам/. Осы тұжырым бойынша ұрықтар жыныс актісі кезінде, жатыр қуысына түседі және анасы организімін өзінің өсуіне қолданады деп көрсетілген. Сондықтан да орыс әдебиетінде, ұрықтарды белгілеуде 2 тұрақты терістік терминдер кездеседі: сперматозоид /ұрық, малға ұқсас/ және пысықша /тірі адам/.
1759 жылы орыс академигі К.Ф. Вольф өзінің «Пайда болу теориясы» деген еңбегін жазды, бұл еңбек эпигенез, яғни даму теориясының бастамасын салды.
1827 жылы орыс ғалымы К. Бэр сүтқоректі жануарлардың жұмыртқа клеткасын ашты және қазіргі эмбриологияның түпнұсқасын құрды. Жұмыртқа клеткасы ашылғаннан кейін кейбір өзгертушілер /реформисттер/ дайын организм ұрықтарда деп, енді біреулері жұмыртқа клеткасында деп қарады.
1896 жылы Гертвег пен Фоль, бірінші рет ұрықты теңіз кірпісінің, жұмыртқа клеткасына кіруін байқады.
Осы кезден бастап ғылымда ұрықтың мағанасын түсінуге біртабан жақын қалды.
Ұрықтану кезінде, ұрықпен жұмыртқа клеткасында, екі жақты ассимиляция мен диссимиляция жүреді. Осының нәтижесінен жұмыртқа да және ұрық та болмайды, оның есесіне осыларға ұқсамайтын жаңа үшінші клетка-өскін пайда болады. Ассимиляция ол /лат. Assimilation-сіңіру, өзіндей ету/ зат алмасудағы негізгі қарама-қарсы екі сатының біреуі. Диссимиляция /лат. Dissimilis-ұқсас емес/ тотығу, ыдырау - денедегі органикалық заттардың ыдырауы. Сондықтан биологияда жиі қолданылатын зиготаның орнына, ұрықтанған жұмыртқа деген ұғым дұрыс емес, және дұрыс атына сәйкес келмейді.
Ұрықтанудың күрделі үрдісі аналық жыныс клеткасының түтігінің жоғарғы 3/4 бөлігінде өтеді. Бұқа ұрығы, ұрықтанудың алдында 6 сағаттай, аналық жыныс клеткасы түтігінің абдоминальдық /құрсақ жағындағы/ бөлігінде болуы керек. Осы уақыт ішінде олар «піседі» және ұрықтандыруға қабілетті болады.
Бұндай құбылыс капацитация /инкубация/ деп аталады. Ұрықтану тек ұрықтар жеткілікті мөлшерде жиналған жағдайында болуы мүмкін. Олардың саны бір түрге жататын малдардың өздерінің араларында да едәуір өзгеріп отырады. Ұрықтар аналық жыныс клеткасын тосып тұрады. Ақырғысы ұрықтар секілді «пісуге» тиісті. Осы үрдістер аналық жыныс клеткасы түтігінде өтеді, ал аналық жыныс клеткасы ovoyum сатысында түтікке түседі. Аналық жыныс клеткасының түтігінде, аналық жыныс клеткасы белсенді спермийлердің болған жағдайында піседі. Аналық жыныс клеткасының пісіп, жетілуіне қанша уақыт керек екені белгісіз. Саулықтарда шамамен осы үрдіске 2 сағаттай керек.
Белгілі, ұрықтану үрдісі әдеттегідей өту үшін ал осыған байланысты тіршілікке икемді ұрық алуға, тек толық жарамды жыныс клеткаларының қосылуы қажет. Толық жарамды емес гаметалар, ұрықтану үрдісіне қатынаспайды, немесе қатынасады, бірақ ерте даму сатысында өледі. Осыған байланысты малдарды ұрықтандыру уақыты, жыныс клеткаларының жасы және олардың белсенділігі маңызды мағына болып саналады.
Ұрықтану үрдісі төрт сатыдан тұрады:
Бірінші сатысы - денудация - аналық жыныс клеткасы, аналық жыныс клеткасының түтігінен өткен уақытта, оны қоршап тұрған фолликулярлық клеткаларынан босайды. Денудация үрдісінде, ұрықтар негізгі рөл атқарады. Олар фолликулярлық эпителийдің клеткалары аралықтарына еніп, ферменттерді, ең алдымен гиалуронидазаны бөледі. Мегежіндерді, бұқа мен қабан ұрықтарының қоспасымен ұрықтандырғанда, бұқаның ұрықтары фолликулярлық клеткалардан жұмыртқаны босатады, ал жұмыртқаға тек қабанның ұрығы енеді.
Ұрықтануға аналық жыныс клеткасы, толық фолликулярлық клеткалардан босануының қажеті жоқ.
Екінші сатысы - түрлік жағынан көбірек ерекшелігі бар. Осы уақытта аналық жыныс клеткасының пісуі аяқталады. Гаплоидтық санды хромосомы бар ядро, аналық пронуклеусіне айналады.
Үшінші сатысында - бірнеше ұрықтар аналық жыныс клеткасының сарғылт қабығынан өтіп, оның цитоплазмасының ішіне кіреді. Бұл өте ерекше процесс, өйткені аналық жыныс клеткасына тек өздерінің түріне жататын малдардың ұрықтары кіреді. Бұл жағдайда ұрықтың барлық бөлігі өтпейді, тек оның басы мен денесі. Ұрықтар аналық жыныс клеткасының цитоплазмасына еніп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Ұрықтың басы тез арада бірнеше рет үлкейеді.
Төртінші сатысында пронуклеустер /аналық жыныс клеткасының және ұрықтың ядролары/ біртіндеп жақындап тығыз түйіседі, олардың көлемдері тез кішірейеді және пронуклеустер толық қосылады. Осылардан сапасы жағынан басқа жаңа клетка /өскін/ пайда болады, сонымен бірге ол екі жақты тұқым қуалаушылық қасиетіне ие болады.
Полиспермия /көп ұрықтылық/ аналық жыныс клеткасы протоплазмасының ішіне екі немесе бірнеше ұрықтардың кіруі полиспермия деп аталады. Аналық малдың жыныс жолдарына шағылыс кезінде түскен жүз миллион ұрықтардан тек мыңы ғана шашаққа жетеді. Әдетте жұмыртқаның ішіне бір ұрық кірген соң, басқа ұрықтар зоналық реакцияның әсерінен кіре алмайды. Қартайып келе жатқан жұмыртқаларда, зоналық реакция бұзылады, сол себептен жұмыртқаның ядросы бірнеше ұрықтармен қосылады.
Полиспермия эмбриогенездің ағымын бұзады, өскіннің өлуіне әкеп соғады.
Көптеп ұрықтану - ол мезгіл жыныс циклында бірнеше аналық жыныс клеткаларының бірнеше өндірушілердің ұрықтарымен ұрықтану. Осы көрініс өте жиі көп ұрық дамитын малдарда /иттерде, мегежіндерде, мысықтарда/ сирегірек биелерде, сиырларда байқалады. Егерде аналық малдың ұрықтану процессі бір тұқымға жататын не аналық малға ұқсас бірнеше өндірушілердің ұрықтарымен өтсе, онда көптеп ұрықтану көрінісі байқалмайды. Егерде басқа түрлерге жататын бірнеше өндірушілер, аналық малды ұрықтану процессіне қатынасса, онда көптеп ұрықтанудың белгілері көрінеді.
Қазіргі уақытта, малшаруашылық тәжірибесінде, көптеп ұрықтануды туған төлдің өмірсүргіштігін жоғарлату үшін қолданады.
Ол үшін табиғи ұрықтану кезінде, аналықты екі аталық малмен аралықтары 10-15 минут шағылысқа жібереді, ал қолдан ұрықтану кезінде, екі өндірушілердің ұрықтарын араластырып, осы қоспамен аналық малдарды ұрықтандырады.
Ұрықтану үрдісі, жұмыртқамен ұрықтан өзгешілігі бар және клетка-өскін құрылуымен аяқталады. Өскіннің дамуы одан әр түрлі клеткалы және клеткасыз субстанцияның құрылуынан тұрады. Олар күрделі организмнің тканьдері мен органдарының негізін құрайтын элементтер, болып саналады.
Өскіннің бірінші бөлінуінен кейін екі бластомер /қыздық клеткалар/, ал ақырғылары бөлінгенде олар төрт немерелік бластомер береді.
Сиыр өскінінің бөліну процессі 8 тәулікке дейін созылады. Бірінші төрт тәулік ішінде бөліну үрдісі аналық жыныс клеткасы түтігінде өтеді, содан кейін жатыр мүйізінің бір бөлігінде болады.
Овуляциядан кейін 48 сағат өткесін өскін екіден, 72 сағаттан кейін үшеуден, ал 84 сағаттан соң алты бластомерден тұрады. Сонан соң 96 сағаттан кейін өскін жатыр мүйізіне морула сатысында түседі.
Мөлдір қабығына жабысып тұратын бластомердің сыртқы қабатын, трофобласт деп /қоректендіретін жапырақ/ атайды. Трофобластың ішіне алынған бластомерлер эмбриообласты /ұрық жапырағы/ құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |