Сиыр, саулық және ешкіде - несеп қабығы урахустен басталып екі біртіндеп тарылатын соқыр қапқа бөлініп тамырлы қабықтың бөлігінің ішіне алынған. Жатыр мүйіздерінің ішіне орналасқанда олардың пішіні соларға ұқсас болып келеді. Буаздылық ортасында несеп сұйықтығының саны 2-4 л аралығында ауытқиды, ал аяғында 4-8 л, саулық пен ешкіде олардың саны буаздылық аяғында 50-500 мл, түсі сыирлардікіне қарағанда ақшылдау.
Мегежіннің несеп қабығы пішіні және оның су мен тамырлы қабықтарымен байланысы жағынан күйіс қайыратын малдардың аллантоисіне жақын. Туу мезгілі келгенде несеп сұйықтығы азаяды немесе мүлдем сіңіріледі.
3. Тамырлы қабық /chorion/ .
Сүт қоректі жануарлардың ең сыртқы ұрықтың меншікті қабығы болып трофобластан құрылатын хорион саналады. Барлық малдарда тамырлы қабық ұрықты жан-жақтан қоршаған. Буаздылықтың бас кезінің сатысында трофобласт бірінші хорион құрады, оның ерекшілігі, барлық хорионның сырт бойында қылшық дамиды, әрбір қылшық эпителиальдық клеткаларының қабатынан және дәнекер болып тұратын тканнің негізінен құрылған.
Плацента /лат. placenta/ грек. ðlakas -шелпек/ - төл орыны, қағанақ. Құрсақтағы төлді қоршаған тамырлы қабық және жатырдың кілегей қабығынан дамыған, төлмен енесін байланыстырып ұрықты қорекпен қамтамасыз ететін тканьдер жиынтығы.
4 - Сурет. Аналық малдардың плаценталарының түрлері
Төлді қорекпен қамтамасыз етіп, енесі арқылы сыртқы ортамен ұштастырып, атқаратын қызметі жағынан сол төл үшін әрі өкпе, әрі ішек, әрі бүйрек, әрі тері болып табылатын күрделі орган.
Неғұрлым плацента қуатты болса соғұрлым ұрық белсенді дамиды. Туу кезінде плацентаға қарап жаңа туған төлдің өсуімен дамуын жатырдағы патологиялық процесстерді білуге болады.
а/ биенің хорионы буаз жатырдың ішкі беткейінің көшірме бейнесіне ұқсас, онда денесін және екі мүйіздің ажыратады.
Хорионның сыртқы беткейі бойынша орналасқан қылшықтар биенің плацентасын шашыраңқы түрге, ал қоректенуіне байланысты эмбриотрофиялыққа жатқызуға мүмкіншілік береді, өйткені ұрықпен анасы арасындағы байланыс эмбриотроф арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда жатыр эпителиясының секреті хорион форсинкаларымен қабылданып ұрыққа беріледі.
Эпителиохориальдық плацентаның негізгі бөлшектермен байланысы нашар, төл туу кезінде хорионның ворсинкалары криптадан тартылып жатыр кілегей қабығына және қан тамырларына зақым келтірмейді. Сондықтан биенің аналық плацентасын түспейтін топқа жатқызады.
б/ сиырдың тамырлы қабығы екі мүйізді қапшыққа ұқсас. Оның бір мүйізі төл жататын жерде орналасқан-үлкен, ал екіншісі-кішірек келген.
Хорионның жатыр денесі ішінде жатқан жері, қалған хориальдық қапшықтың бөлектерінен жіңішке. Күйіс қайыратын малдардың хорионының ішкі беткейі суу және несеп қабықтарымен онша тығыз байланыспаған және олардан жеңіл ажыратылады. Сыртқы беткейі жылтыр, тек жатыр карункулдарымен түскен жерлерінде ұрық плацентасының бөлшектері орналасқан. Жалпы плацентаның саны 80-нен 100-ге дейін.
Ұрық плацентасының ворсинкаларын қабылдау үшін жатырдың кілегей қабығында аналық плаценталар /сүйелдер/ дамиды. Буаздылық кезінде үлкейген карункулдер қаз жұмыртқасының көлеміндей болып жатыр саңылауына саңырауқұлақ тәрізді шығып тұрады. Олардың негізгі салмағы қалың қан тамырларынан құрылған. Аналық плацентаның сырты көпшілік крипталармен /ойықтармен/ жабылған оларға ұрық плацентасының ворсинкалары кіреді.
Құрылысы жағынан плацента көптілік тобына жатады. Жалпы ол көп санды кішкентай плаценталардан тұрады, байланысы жағынан оны десмохориальды плаценталарға жатқызады, өйткені ұрық плацентасының ворсинкаларының эпителийі тікелей эпителиальды жамылғысы жоқ криптаның дәнекер болып тұратын тканіне жабысып тұрады. Осындай қарым-қатынас ұрық және аналық плаценталардың арасында тығыз байланыс тудырады және өсіп кетуіне ықпал жасайды, төлдеу кезінде шудың кешеуілдеуіне әкеп соғады.
Буаз емес сиырлардың карункулдарында бездер болмайды, ал буаздықтың екінші жартысында карункулдарда бездер пайда болады.
в/ саулықтың плацентасы көптілік, десмохориальдық топқа жатады. Сиырдың плацентасынан айырмашылығы ол хорионның карункулдары ұрық плацентасын қабылдау үшін шеттері көтеріңкі ортада ойық құрады.
г/ мегежіннің хорионы созылған, қапшықтың аяғында тарылған түрге ие болады. Күйіс қайыратын малдардікі секілді ішкі беті су және несеп қабықтармен түйіседі. Мегежін өскінінің дамуының 10-шы күнінде амнион пайда болады, 15-ші күнінде аллантоис, байқалады 20-шы күнінде хорионның барлық қуысын толтырады. Ворсинкалар хорионның барлық бетінде шашыраңқы орналасқан, бірақ кейбір жерлерінде олар бірігіп хориальды түйін құрайды. Сондықтан, мегежіннің плацентасы пішіні жағынан шашыраңқы топқа жатады. Аналық және ұрық бөліктерінің байланысына қарай мегежіннің плацентасы эпителиохориальдық болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |