Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Акушерлік операцияның ерекшеліктері және маңызы



бет75/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   115
акушерство китап

7 Тарау. Туу патологиясы

Акушерлік операцияның ерекшеліктері және маңызы.


Оперативтік акушерлігі – анасы мен төлге хирургиялық көмек беру әдістерінің жиынтығы. Әрбір акушерлік операция шұғыл, тез және дәл орындалуға тиісті. Акушердің әрбір кешігуі, батылсыз болуы жиі төлдің ал, кей жағдайда анасының өміріне қауып тудырады.
Акушерлік көмектін басты мақсаты – анасы мен төлдің өмірлерін сақтап қалу болып саналады. Бірақ мал – дәрігерлік, тәжірибесінде, жағдайына байланысты, акушер осы екеуінің өмірін сақтап қалу арасынан біреуін таңдауға тиісті болады. Көп жағдайда барлық акушерлік операциялар хирургиялық операцияларға қарағанда тек қолдың сезінуімен орындалады, ал хирургиялық операциялар әдетте көздің бақылауымен жүргізіледі.
Операция жасау үшін біріншіден акушер топографиялық анатомияны жеткілікті білуге тиісті, сонымен қатар операция әдісінің айқын жоспары және диагнозды дұрыс қойғанына сенімді болуы қажет.
Акушерлік көмек көрсету кезіндегі оперативтік араласудың нәтижесі келесі көрсеткіштерге байланысты: 1) диагнозды дұрыс қоюынан, 2) дер кезінде араласуынан, 3) операцияның лайықты әдісін таңдауынан және оны тез сонымен бірге шебер орындауынан.
Анамнез көрсеткіштерін және төлдейтін малды зерттеу нәтижелерінің негізіне сүйеніп, дұрыс диагнозды анықтау мүмкін болады. Бірініші және екінші буаздылықты анықтауы, оның ұзақтығын, туу уақытының басталуын, малдың тууға дейінгі және туу уақытында мінезінің ерекшелігі, туу актісінің шиеленісу түрін білуге анамнездік мәліметтер мүмкіндік береді.
Зерттеу, төлдейтін малдың жалпы жағдайының бағалауынан және оның туу жолдарының анықтауынан тұрады.
Көмек көрсетудің әдісін таңдағанда негізгі фактор болып, төлдің денесінің орналасуы, позициясы, қалпы сонымен бірге оның жағдайы саналады.
Операцияға дайындық жүргізгеннен кейін, акушер зерттеуге кіріседі. Ол үшін қолымен туу жолдарын, қағанақ қабықтарын және төлді басып қарайды. Төл басымен жатқан жағдайда оның олуін бұлшық етінің босансуынан және: 1) аяқтарынаң тартқан кезде, немесе көздін алмасына басқанда реакциясы болмауынан, 2) төлдің ауызына саусақты салғанда соратың қимылдарының жоқ болуынан, 3) жүректін соғуы немесе күре тамырды басқанда соғуының байқалмауынан анықталады.
Төл жамбасымен жатқан кезінде, кіндік тамырларының немесе оның жамбас тамырларының жағдайы негізгі белгі болып саналады. Атап өткен тамырларды басып көру үшін, төлдің тік ішігіне саусақ салады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет