Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Іш тастаулар кезінде жүргізілетін жалпы шаралар



бет72/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115
акушерство китап

Іш тастаулар кезінде жүргізілетін жалпы шаралар
Ауыл шаруашылық малдарының әрбір іш тастауын малдәрігері ұқыпты зерттеуге тиісті, сосын оның себебін анықтап келесі сақтық шараларын жүргізеді. Инфекцияның немесе инвазияның салдарынан болған іш тастауларды жойғанша оларды жұқпалы ауру деп есептеп малдәрігерлік заңға сәйкес шараларды қолдану қажет. Көпшілік іш тастаулар анасы және ұрық организмдерінің физиологиялық процесстері бұзылуы жиынтығының нәтижесі болып саналады. Малдәрігерлік маманның негізгі мақсаты әрбір іш тастауда басты себепті анықтау болып саналады.
Көбінесе ұрық жатырда өлі болады, тек шұғыл қимылдың әсерінен жұмыстан немесе басқа себептерден оның қуылуы тездетіледі, ал бұл оны дәлелсіз зақымдалған іш тастауға жатқызуға себеп болады.
Іш тастаудың себебін дұрыс ғылыми дәлелдеу, емдеу, сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін келесі жұмыстарды жүргізу қажет.
1) түсікті жұқпалы немесе инвазиялы ауруларға тексеріп анықтау
2) түсікті және ұрық қабықтары патологиялық процесстерін және даму аномалиясын анықтауға немесе шығарылуын мұқият зерттеу
3) алиментарлық іш тастауларды анықтау немесе бар-жоқтығын дәлелдеу үшін азықтың сапасын, құрамын зерттеу және аналық малдарды азықтандыру тәртібімен танысу керек.
4) симптомдық іш тастауды анықтау немесе бар-жоқтығын дәлелдеу керек
5) травматикалық іш тастауды тудыратын факторларды анықтау немесе бар-жоқтығын дәлелдеу
Ұрық дұрыс жағдайда орналасқанда окситоцинді немесе питуитринді егу орынды.


Іш тастаудың алдын алу
Іш тастауларды болдырмау тек экологиялық позицияларды жүргізгенде болады, өйткені негізгі себептер осыларға әкелетін олар буаз аналық малдардың өмірсүруін бұзады, стресске әкелетін (алиментарлық, жарақаттану) іш тастаумен аяқталады. Сондықтан іш тастаулардың алдын алу шаралары кешенін қолдану қажет.
Ұйымдастыру шаралары - мамандармен қамтамасыз ету, буаз малдарға азықтандыру мен ұстаудың оптимальды жағдайын жасау, организмнің резистентілігін жоғарлатуын қарастыру.
Агрономиялық шаралар - жақсы сапалы, қажеті ассортиментті азықтарды өсіруге негіздеу қажет.
Зоотехникалық шараларға азықтың сапасын үнемі тексеру, онда қоректік заттардың болуын анықтау, гиповитаминоздардың (А1, Е1, В1, В12) алдын алу.
Бұзылған және үсіген азықтарды қолданбау, ұстау кезінде малдарды тар ұстамау, буаз малдарды тар өткелден жүргізбеу. Буаз малдарды абайлап тасымалдау.
Ветеринарлық шаралар буаз малдарды ұстау орындарында тиісті санитарлық режимді қамтамасыз ету қажет. Шаурашылыққа әкелген барлық малдар карантинде болуға және жұқпалы ауруларға тексерілуі тиісті.
Азықтарға токсикологиялық анализ жүргізеді. Әр түрлі алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде буаз малдарды жығуын жібермейді. Буаздылыққа тік ішек арқылы зерттеу кезінде дөрекілік жібермеу. Буаз малдарға келесі дәрілік заттарды: ареколин, физостигмин, ацетилхолин, вератрин, азерин, эрготин, экстрогендер, простагландиндер қолданбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет