Фетотомия төлді бөлшектеп жатырдан шығару бойынша жасалатын операция. Көрсеткіштері жамбас аралығына төл көлемінің сәйкеспеуі немесе дұрыс келмеу, төл позициясы, орналасуының ақаулықтарын түзеу мүмкіндігінің болмауы.
Ветеринарлық тәжірибеде фетотомия маңызы зор, өйткені өнімді мал өмірін сақтауға ұмтылу төлді бөлшектеуге итермелейді. Өкінішке орай көптеген мамандар фетотомияға кері көзқарас танытады да операциядан кейінгі ағымының ауыр өтетінін алға тартады. Алайда көптеген ғалымдардың клиникалық тәжірибеде түйгендері мұндай операциядан кейінгі асқынулар төмендегі жағдайларда орын алады: 1) алдын ала ұзақ мерзімді және нәтижесіз консервативтік жәрдем көрсетулері кезінде туу жолдарының көп мөлшерде жарақаттануы, малдың қатты әлсіреуі, организмнің патогенді микроорганизмдерге қарсы резистенттілігінің төмендеуі; 2) акушердің қатты шаршауы; 3) асептика және антисептика ережелерін ұстанбау, операция барысында дөрекі техникалық тәсілдер қолданылуы.
Төл өлген кезде уақтылы, дұрыс және жылдам жасалған операция операциядан кейінгі ағымның жеңіл өтуіне жағдай жасайды. Операция мәні төл органдарының көлемін кішірейту, оларды толығымен немесе жартылай кесіп шығаруға келіп саяды. Төлдеуге жәрдемдесудің консервативті әдістеріндегідей фетотомия кезінде де төлдің алдыңғы жатқан органдарын алдымен түйін я болмаса ілмектермен іліп алған соң ғана барып операция әрекеттеріне кіріседі. Тірі төлді кесу көрсеткіші болған жағдайда ол алдын ала кіндігін қысу, мойын тамырларын жару немесе миды зақымдау арқылы өлтіріле алады.
М.Г.Миролюбов (1973) сиырлар мен биелер төлін фетотомиясыз алып шыға алатын ет тартқыш сипатында әрекет жасайтын имекті фетотом құрастырған. Айта кетері фетотомия жасаудың дайын түұрлері жасалмаған, әр кезде акушер жолын табатын тәсілдер қолдануы қажет етіледі.
Туу жарақаттары
Сарпай мен қынаптың жыртылуы Алғаш туатын жыныс органдары дұрыс жетілмеген, немесе тыртықталған жануарларда байқалады. Сирек жағдайда туу жолдары акушерлік жәрдем көрсету барысында жарақаттанады.
Төл аяқтарының дұрыс орналаспауы кезінде тұяқтары қынаптың дорсалды бөлігіне тіреліп барлық туу жолы беткейін жыртуы мүмкін. Кейде фетотомия кезінде туу жолдары сүйектермен жыртылып, зақымдалына алады.
Диагноз. Оны қою қиындық тудырмайды, жаралар қарау немесе пальпациялау кезінде анықталады.
Болжам. Жарақат көлемі мен жағдайына байланысты. Сарпай жарақаттары өмірге қауіп төндірмейді. Бүйірлік қабырға жаралары артқы жатыр артериясының жарақаттануымен асқына алады. Краниалды беткейдегі кіре болған қынап жаралары аса қауіпті, өйткені перитонит, ішек иірімдерінің т.б. түсуі байқалуы мүмкін.
Емі. «Сыртқы жыныс органдары аурулары» бөліміндегідей.
Достарыңызбен бөлісу: |