Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет71/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   115
акушерство китап

Травматикалық іш тастау (abortus traumaticus) келесі себеп салдарынан болады:
1) құрсақ қабырғаларының соғылуы
2) шұғыл қимылдар
3) тік ішек және вагинальдық зерттеулер кезінде дөрекі қимыл
жасау
4) буаз аналық малды екінші рет қолдан ұрықтандыру
5) тайғанақ жолмен жүру
6) ауыр жұмыс
7) үрку (қорқу).
Сиырларда травматикалық іш тастаулар тар өткелден өткізгеннен болады.
Биелерде іш тастаулар жұмысқа екі малды олардың темпераменттарын еске алмай сұрыптаған жағдайда көрінеді.
Мегежіндерде мұндай іш тастаулар оларды топтап ұстағанда жақсы жататын орын үшін және азық үшін таласқанда байқалады.
Ұрықтың қуылуы 4-12 сағат, кейде зақымдалғаннан кейін 2-3 күн өткесін болады.
Үйреншікті (дағдылы) іш тастау (abortus habitualis) симптомдық және идиопаттық іш тастаулардың бір түрі. Барлық мал түрлерінде кездеседі, көбіне биелер мен сиырларда байқалады. Малдарды асырауына қарамастан кейбір аналық малдарда әрбір келесі буаздылық бір белгілі сатысында үзіледі, әдетте үйреншікті іш тастау буаздылықтың екінші жартысында байқалады.
Іш тастаудың нақтылы себептері болып инфантилизм, эндометрияның және миометрияның өзгерулері саналады.
Диагнозды болған буаздылықтардың ағымын туу және туудан кейінгі аурулардың негізгі себебін талқылау арқылы қояды.
Сақтандыру шаралары. Ауру малдарды аналық тобынан шығарады немесе фермада шартты төл алу үшін жарамдыларын қалдырады. Бұндай малға буаздылық кезінде, өте көп көңіл бөлген жөн. Биелерді мүлдем осы уақытта жұмыстан босатады және асырауы мен күтімін жақсартады.


6.4. Жұқпалы және инвазиялық іш тастаулар
Жұқпалы іш тастаулар әсерінен қуылған ұрықта, үнемі ауру қоздырғыштары табыла бермейді, сондықтан олардың себептерін тек зертханалық әдіспен анықтайды.
Идиопаттық жұқпалы іш тастаулар, бруцеллез қоздырғышынан туатын іш тастаулар мегежіндерде, саулықтарда, сиырларда, ал биелерде сальмонелла, кампилобактерий және басқа қоздырғыштарының себебінен кездесетін іш тастаулар кездеседі.
Симптомдық жұқпалы іш тастауларға буаздылықтың бар сатысында, анасының жұқпалы аурумен ауырып жазылуы салдарынан үзілуі жатады. Симптомдық іш тастаулар биелердің жұқпалы қан аздығында (ИАЛ), туберкулез, аусыл, топалаң, инфлюэнция, плевропневмония, маңқа, ірі қара мал обасы және басқа жұқпалы ауруларда байқалады.
Идиопаттық инвазиялы іш тастаулар трихомонозда, токсоплазмозда трипаносомозда кездеседі.
Симптомдық инвазиялық іш тастаулар гемоспоридиоздарда және гельминттік инвазия ауруларында организмнің жалпы әлсіреуінен және интоксикация салдарынан болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет