Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет80/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   115
акушерство китап

Сарпайдың тарлығы. Бұндай жағдай жараның, абсцесстен және қатты қабыну процесстерден немесе әдеттегі жамбас туу жері болып толық ауыспауынан байқалады. Көбінесе бірінші тума жас малда, кейде бұрын туып жүрген ересек малда да кездеседі.
Себебі - мал бұрын қиналып туып қынабы немесе сарпай арасы жыртылып тыртық болып бітуі мүмкін.
Клиникалық белгілері. Төлдің бір немесе екі аяғы, кейде ұрық /қағанақ/ көпіршігі сарпайдан шығып тұрады. Бір уақытта ұрықтың үлкен мүшелері сарпай аралық қабырғасына тіреліп оны томпайтып тұрады. Кей жағдайда сарпайдың тарлығы соншама болғандықтан малдардың жыныс саңылауына тек 2-3 саусақ сияды.
Әдетте төл көрсеткен қарсылығынан күшенулер күшейеді де аралық үзіледі.
Емі. Ең алдымен туу актісін тездетумен бірге аралықтың үзілмеуін қадағалау қажет. Ол келесі шаралармен орындалады: 1/ сарпайды стерилді майлы заттармен немесе сабынды ерітінділермен майлау, 2/ 1-2 кісінің күшімен төлді тарту, сонымен бірге аралықты жоғарыдан қолмен қысымды азайту үшін ұстау.
Егер, аралықтың үзілу белгілері айқын болса, онда оны жыртық жара болмау үшін сызығы бойынша кеседі. Туу актісі аяқталғасын аралықтың кілегей қабығына және терісіне тігіс салады.
Қынаптың тарлығы – бұрынғы қабынулар мен жарақаттар, қабырғаларының жабысып өсуі, ойықжаралану барысында дәнекер ұлпалы дәнекерленімдер дамуына орай оның тыртықталып тарылуынан бола алады. Бірінші тума жас малда туу актісі кейде туа біткен немесе жүре пайда болған қыздық плеваның гипертрофиясынан кешеуілдейді.
Туу процесін созатын себептерді қолмен зерттеп анықтауға болады.
Емі. Гипертрофияға ұшыраған қыздық плеваны жоғары жағынан скальпельмен кеседі. Дәнекерленімдер мен жалғамдарды қайшымен кеседі, қан ағуын болдырмау үшін айырады. Егер төл кептелсе оны алдыңғы бөліктері арқылы тартып шығаруға тырысады.
Жатыр мойыны жолының тарлығы – Көбіне тыртықты тартылулар, туындылар, даму ақаулары, созылмалы цервициттер салдарынан байқалады.
Клиникалық белгілері мен диагнозы Күшті күшенулер мен толғақтар жатыр мойыны талығына күдік туғызады. Мәселені қынаптық зерттеу арқылы шешуге болады, осы кезде жатыр бұралуын, әлсіз немесе уақытынан бұрын байқалатын күшенулерді жоққа шығару керек. Қынап арқылы қарау арқылы тыртық түріндегі жатыр мойыны өзгерістерін анқтауға болады, кейде жатыр мойыны жолының мүлдем жабысып қалуы орын ала алады.
Болжам. Егер тарылу мойын бөлігімен шектелсе төлдеу аздап жатыр мойыны жыртылуымен аяқталуы мүмкін. Көбіне қынаптың толығымен түсуі байқалып жатады, жатыр мойынының толығымен бітелуі жатыр жыртылуына әкеле алады.
Емі. Консервативтік және оперативтік емдер қолданыла алады. Консервативтік емге жатырдың мойынын ыстық (450 С) ерітінділермен, буламалармен сулау жатады. Мойынын ашуды С.Г.Исаев бойынша пресакралды анестезия, сакралды анестезия немесе А.Д.Ноздрачев бойынша блокадалау, жақпамайлар қолдануы (мысалы, Extract. Belladonnae 1,0; Adipis suilli 3,0-4,0) арқылы орындауға болады.
Жатыр мойынын шектеп ашу кезінде және оның жолына төлдің келген бөліктерін шығару барысында оны күштеп шығарып алуға болады. Осы кезде жануар өміріне төнетін қауіпті ескерген жөн, ондай жағдайлар туа қалса кесарь тілігін жасаған жақсы. Тыртықты тартылулар кезінде мойынын кеңейтуді радикалды әдіске жатқызу керек.
Құрғақ туу - жатыр мойыны толық ашылмай мерзімнен бұрын қағанақ және несеп сүйықтарының өз бетімен немесе қағанақ көпіршігінің жарылуынан ағып кетуі салдарынан туу жолдары жеткілікті суланбай қалады.
Емі. Туу жолдарына сырғу жағдайын беру үшін оларды майлы заттармен майлайды. Қағанақ суын алмастыру үшін жатыр қуысына сабынды су құяды. Туу жолдарын майлағасын төлді күштеп тартып шығару жақсы нәтиже береді. Төлді шығып тұрған бөліктерінен дөрекі тарту көп жағдайда қынап пен жатырдың айналып түсуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет