Өзінің төлін жеп қою. Көбінесе мегежін мен саулықта кездесетін ауру, итте де күшігін жеп қою байқалады.
Себебі. Буаздалық кезінде азықтың кұнарсыз, жеткіліксіз болуы витаминдердің, минеральды заттардың жетіспеуі, іш аурулары. Туу процесі кезінде кезекшілер бөлініп түскен шуды дер кезінде алып тастап, жеткілікті етіп астауға таза су құйып қояды. Буаздылық кезінде рацион құнарлы болып, жататын жері таза болуына көңіл бөлу керек.
Төлдеуден кейінгі жіті іріңді-катаральды эндометрит.
Кешігіп көмек көрсету төлдеуден кейінгі жіті жатыр қабығы кілегейінің қабынуы, әдетте іріңді-катаральді қабынуға (эндометрит) ауысады.
Ауру қоздырғышы жатыр мойыны арқылы немесе қан арқылы болады.
Клиникалық белгілері. Малдың жалпы жағдайы әдетте өзгеріссіз. Кейде жеңіл қызба, тәбетінің және сүт бөлінуінің төмендеуі байқалады. Сыртқы жыныс органдарынан шырышты немесе шырышты-іріңді, ал интенсивті қабыну процессі кезінде сұйық экссудат бөлінеді. Әдетте, жыныс органынан бөлінген экссудатты тәңертең мал жатқан еденнен байқалады. Кейде мал зәр шығару кезіндегі жағдайға енеді, күйзеледі, белін бүкшитеді. Қынап кіреберісінде және қынапта патологиялық өзгерістер табылмайды. Жатыр мойыны сәл ашық. Тік ішек арқылы зерттеу кезінде бір немесе екі мүйіздердің үлкейгенін анықтайды, олар пальпациялауға нашар жауап қатады.
Т.Ж. Әбдірахмановтың (2002) зерттеулері көрсеткендей іріңді- катаральды эндометриттер сиырларда экссудативті-деструктивті өзгерістермен айқын байқалатын жатыр мүйіздерінде, аналық түтікшілерінде және аналық бездерінде сірі-геморрагиялық эндосальпингитпен өтеді.
Төлдеуден кейінгі кезеңде катаральды эндометритті жатыр инволюциясы деп санауға болады.
Емі. Организмнің резистентілігін жоғарлату, жатырдағы микрофлораны басу және оның ішіндегі сұйықты шығаруын қамтамасыз ету үшін ем қажет. Тік ішек арқылы жатырға массаж жасау және сорып алу немесе бүрку жақсы нәтиже береді. Қынаптың ішіне ихтиол-глицеринді тампон енгізу ұсынылады. В.А. Акатов 20-40 мл 5-10%-тік ихтиолдің су ерітіндісін 3-4 күн бойы 3-4 рет бұлшық етке еккенде жақсы нәтиже байқаған. Соңғы жылдары 7%-дық ихтиол ерітіндісін 25-30 мл мөлшерінде арасына 48 сағат салып 3-6 егеді, ал жатыр ішіне-фуразолидон жатыр таяқшаларын немесе таяқшаларын енгізеді.
Т.Ж. Әбдірахмановтың (2002) мәліметтері бойынша сиырлардың іріңді-катаральды эндометриті кезінде кешенді этиопатогенетикалық терапияда антигистаминді қан сары суын, окситоцин, фуразолидон таяқшаларын және бициллин-5 бірге қолдану жатыр микрофолорасына бактерицидті әсер етеді, 100% сиырлардың аурудан айығуына әкеледі, емдеу мерзімін, сервис-кезеңін қысқартады, ұрықтануын жоғарлатады
Жатыр мойыны жолының тарылуына байланысты таяқшаларды енгізу қиын немесе мүлдем болмайды, оларды сұйық дәрі заттармен алмастырады (нитвисол, биосан, спумосан, стрептофур және басқалары) (кесте). Препараттарды жатыр ішіне енгізу новокаиндік терапиямен алмастыру қажет.
5-Кесте. Сиырлардың жіті эндометриті кезінде медикаменттерді қолдану
Препарат
|
Бір реттік
мөлшері
|
Енгізу әдісі және реті
|
Шиеленісу және қайшы әсері
|
Антимикробты және утеротоникалық әсерлі препараттар
|
Метромакс
|
1-2 таяқшалар
|
Жатыр ішіне 24-48 сағ. аралығы 3-5 рет
|
10-20 минуттан кейін көбіктің көп пайда болуына байланысты мазасыздану болуы мүмкін
|
Гистеротоп
|
1-2 таблетка-лар
|
Жатыр ішіне аралығы 48-72 сағ.
|
Сілекей аққанда, мазасыс-
данғанда, тышқанға тері астына 0,5%-дық атропин сульфат ерітіндісін 2-3 мл мөлшерінде егеді. Әрі қарай қолдануын тоқтата-ды.
|
Эгонин
|
100 мл
|
Жатыр ішіне 300-қа дейін жылытылған аралығы 48-72с.
|
Саливация кезінде тері астына 10-20 мл 0,1%-дық атропин ерітіндісін егеді. Эгонин егуін тоқтатады.
|
Микробқа қарсы препараттар
|
Неофур
|
3-5 таяқшалар
|
Жатыр ішіне аралығы 48 с.
|
Анықталған жоқ
|
Эндоксер
|
3 таяқшалар
|
Жатыр ішіне аралығы 48-72 сағат
|
Анықталған жоқ
|
Пролевометрин-1
|
2 таяқшалар
|
Жатыр ішіне 12 сағат ішіне
|
Анықталған жоқ
|
3-5%-тік прополис линименті
|
30-50 мл
|
Жатыр ішіне 12 с. аралығы
|
Анықталған жоқ
|
Лефуран
|
0,5 мл/кг (200 мл
көп емес)
|
170С-ға дейін жылытылған ерітіндіні жатыр ішіне аралығы 48 с
|
Аллергиялық реакция беруі мүмкін оны жою үшін глюконат кальций және жүрек заттарын қолданады, лефуран қолдануын тоқтатады.
|
Иодвисмутсульфат йод эмуль-сиясы
|
100-200 мл
|
380С-ға дейiн
жылытылған түрде жатыр iшіне арасына 48с
|
Емдеу кезінде сүтті қолданбайды және емдеуден кейін 5 күн бойы
|
Кестенiң жалғасы
|
Лизосубти-мин Г10х
|
2 млн ЕД
|
Препаратты 100 мл дистилл-денген суда ерітеді де жатыр ішіне 1-4
күн интервал-
мен құяды.
|
Анықталған жоқ
|
Левоэрит-роциклин
|
75-100 мл
|
Енгізу алдында көлемі бірдей қайнатылған су-мен, физ. ерітін-дімен немесе 1%-дық новокаин ері-тіндісімен 3-5 күн интервал мен жатырға құяды
|
Уақытша мазасыздану сүтті емдеу кезінде және емдеуден кейін 3 күн бойы қолданбайды ал сою 7 күннен кейін болады
|
М.А. Багманов (1997) сиырлардың эндометриттерін емдеуге және алдын алу үшін «хориофаг» - ерекшілікті бактериофағы бар плацентаның экстрактын ұсынды. Оны сиырға параректальды шұңқырлардың борпылдақ клетчаткасына екі жақтан жартылай дозасын 0,1 мл 1 кг тірі салмағына есеппен 5-6 рет арасына 48 сағат салып егеді. Антигистаминді қан сарысуын сиыр төлдеу және төлдеуен кейін 50 мл мөлшерде тері астына екі рет егу төлдеуден кейінгі иммунодеффициттің алдын алуға әкеледі (Т.Ж. Әбдірахманов). В.В. Мосин бойынша блокаданы антимикробтік заттармен қолдану жақсы нәтиже береді (А.Г. Шехватов).
А.А. Мұханбетқалиева. Т.Ж. Әбдірахманов (2005) алғаш рет эндометритпен шалдыққан сиырлардың жатырындағы кейбір микроорганизмдердің Saussurea Salsa экстрактысына сезімталдылығын зерттеген. Saussurea Salsa экстрактының терапевтикалық тиімділігі экспериментальды дәлелденіп, сиырдың туудан кейінгі іріңді-катаральды эндометриті кезінде қолдану үлгісін әзірлеген. Saussurea Salsa экстрактының сиыр ағзасының иммундық күйіне және өзіндік емес резистентілігіне оңтайлы әсер ететіндігі анықталынған.
Сонымен сиырдың төлдеуден кейінгі іріңді-катаральды эндометритін шаруашылық жағдайында емдеуге аранлған жиынтықты терапия: Saussurea Salsa экстрактын 1%-дық спирт ерітіндісі түрінде Эсмарх кружкасын қолданып жатыр ішіне 500 мл көлемінде күніне бір рет енгізу, В.В. Мосин бойынша блокада, екі инъекция тривитамин, синестрол инъекциясы және глюкоза және кальций хлоридін күре тамырға жіберу.
Экстрактының бір күндік терапиялық дозасы 0,08 мг 1 кг тірі салмағына құрайды. Препаратты енгізгеннен кейін оның жақсы – сіңірілуі үшін тік ішек арқылы жатырға массаж жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |