Экономиканың негізгі мәселесі
Өндіріс Өндіріс нәтижесі
Экономикалық теорияның пәні – бұл ресурстардың шектеулігі мен адам қажеттіліктерінің шексіздігі арасын-дағы қайшылықтар жағдайында материалдық игіліктер мен қызметтерді өндірудің тиімді жолдарын іздестіру үрдісіндегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар".
Бұдан адам қажеттіліктері мен ресурстар ұғымдарын қа-растыру қажеттілігі туындайды.
Қажеттілік – адамның өмір сүруі мен дамуы үшін қа-жетті объективті мұқтаждықтар.
Ресурстар – адамдарға қажетті өнімдерді өндіруде қолда-натын барлық материалдық игіліктер мен қызметтер. Ресурстар-ды екіге бөлуге болады: шексіз және экономикалық ресурстар.
Адам қажеттіліктерінің шексіздігі мен ресурстардың шек-теулігі арасындағы қайшылықтардың салдарынан кез-келген қо-ғамның алдында экономиканың негізгі үш сұрағы туындайды: не, қалай және кім үшін өндіру.
Экономикалық теория басқа ғылымдармен өзара байла-нысты, соның ішінде: философия, психология, тарих, құқықта-ну, математика және т.б. Джон Мейнард Кейнс пікірінше нағыз экономист белгілі-бір дәрежеде математик, тарихшы, мемлекет-тік қайраткер, философ болуы керек.
Экономикалық ғылымдар жүйесінде экономикалық тео-рия бұл жүйенің жалпы теориялық негізі бола отырып, орталық орынға ие болады.
Экономикалық теорияның құрылымы мен олардың зерт-теу объектлері келесі кестеде көрсетілген.
Экономикалық зерттеулер деңгейлері (салалары)
|