Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет6/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Экономикалық заңдар – экономикалық құбылыстар мен процестердің ішкі мәнін көрсететін тұрақты, көп рет қайталана-тын себеп-салдарлық байланыстары.
Экономикалық категория – адамдардың қоғамдық өнді-рістік қатынастарының теориялық көрнісі. Өндірістік қатынас-тардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАР

АРНАУЛЫ

ЕРЕКШЕ

ЖАЛПЫ


Шаруашылық жүргізудің нақты, анықталған нысандарының даму заңдары

Олардың қолданылу жағдайлары сақталатын тарихи дәуірлерге тән заңдар

Барлық тарихи дәуірлерге тән заңдар


Экономикалық теория экономикалық саясатты құрастыру үшін қолданылады. Экономикалық саясат – бұл экономикалық мәселелерді шешу және олардың механизмін іске қосу бойынша мемлекеттің іс-әрекеті. Экономикалық саясат макро және микро деңгейдегі экономикалық мақсаттарды шешу жолдарын іздесті-румен айналысады.




Тақырып 2. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.
Бірінші санаттағы игіліктер - біздің физиологиямызбен шартталған қажеттіліктер болып табылады (тамақ, киім, тұрғын үй, қауіпсіз өмір сүру).
Екінші санаттағы игіліктер - өмір сүру үрдісінде қалыптасады (білім алу, мӘдениет).
Қажеттіліктердің басқа түрлері жоғарыда айтылғандармен тығыз байланысты. Материалдық қажеттіліктер тауарлар (азық-түлік, киім, тұрғын үй жӘне т.б.) жӘне қызметтермен (автомобиль жӘне пӘтерді жөндеуден өткізу, дӘрігердің кеңесі жӘне т.б.) қанағаттандырылады. Рухани қажеттіліктер білім алумен, өнер жӘне ғылыммен айналысумен қанағаттандырылады. Әлеуметтік қажеттіліктер қоғамдағы түрлі адамдармен қызметтесумен қанағаттандырылады. Қанағаттандырылу Әдістері бойынша – жеке жӘне біріккен қанағаттандыру қажеттіліктері болып бөлінеді. Сонымен қатар жеке тұлға, кӘсіпорын, мемлекеттік қажеттіліктер деп те бөледі. Адамдардың талап-тілектері сан-алуан болғандықтан, оларды тек материалдық қажеттіліктермен шектеуге болмайды, сондықтан Американ социал-экономисі Абрахам Маслоу арнайы қажеттілік “пирамидасын” ұсынған, онда барлық адамның Әртүрлі қажеттіліктері мен ой-мақсаттары бейнеленген.
Жалпы адам қажеттіліктері шексіз жӘне Әрдайым өсу жағына ғана өзгереді. Өндіріс қандайда бір қажеттіліктерді қанағаттандырса, сол мезетте жаңа қажеттіліктер пайда болады, осылайша олардың айналымы өсе береді. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолданылатын құралдар игіліктер деп аталады. Белгілі бір төлемді қажет ететін, нарықта құны бар, шектеулі игіліктер экономикалық деп аталады. Экономикалық игіліктерді алу үшін сӘйкесінше ресурстар қажет. Олар таурларды өндіру қызметтерді көрсетуде қолданылады. Оларға:
1. табиғи - өндірісте пайдаланатын табиғи ресурстар;
2. материалды - өндіріс құралдары;
3. еңбек – барлық еңбекке қабілетті тұрғындар;
4. қаржылық - өндірісті ұйымдастыруға бөлетін ақшалай қаражаттар.
Өндіріс факторларының капитал жӘне еңбек деп бөлінуіне байланысты еңбек өткен еңбек жӘне нақты еңбек деп бөлінеді. Өткен еңбек – бұл нақты өндіріс барысына дейін жасалған еңбек: нӘтижесі құрал-жабдықтарға айналып, келесі еңбек барысына қатыса алады. Нақты еңбек – нақты өндіріс барысында жүзеге асырылып, адамның өзі жұмыс Әрекетіне қатысатын еңбектің түрі.
Еңбек өнімділігі нақты еңбектің жӘне өндірістің маңызды көрсеткіші болып табылады. Еңбек өнімділігі белгілі-бір уақыт ішінде жасалған өнім көлемі мен оған кеткен шығындарымен анықталады. Еңбек өнімділігінің өсуінің маңызды себептері:

  • еңбек өнімділігі өскен сайын қоғамның байлығы көбейеді;

  • өндіріс арзандайды;

  • өнім өндіруден босаған жұмыскерлер адам еңбегін қажет ететін басқа салаларға ауыса алады;

  • жұмыс уақыты үнемделіп, бос уақыт көбейеді.

Еңбек өнімділігін келесі факторлар анықтайды:

  • жұмыскерлердің білім деңгейі, іскерлік, мамандық дӘрежесі;

  • өнім өндірушілердің өз еңбегінің нӘтижесіне мүдделігі;

  • ғылым мен техниканың даму деңгейі мен оны өндірісте қолдану;

  • өндіріс құралдарының тиімділік дӘрежесі;

  • табиғат жағдайлары.

Жоғарыда айтылып кеткен материалдық жӘне рухани игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау жӘне тұтыну үрдісі кезіндегі адамдар арасындағы қатынастар экономикалық қатынастар деп аталады. Өндіріс процессінің Әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет