Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Өндірістің адамдық факторы



бет8/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

1.Өндірістің адамдық факторы. Мұнда өндіріске қолданылатын ой жӘне еңбек күштерінің жиынтығы ретіндегі адамның еңбекке жӘне жұмыс күшіне қабілеттілігі туралы айтылады. Ғылыми-техникалық ревалюция дӘуірінде барлық қабілеттіліктердің ішінде шығармашылық мүмкіндіктер, жоғары деңгей жӘне білім жаңашылдығы, жауапкершілік барынша көбірек маңыздылыққа ие болып отыр. Басқару жӘне кӘсіпкерлік қабілеттілік ең жоғары бағаланатын болғандықтан, кӘсіпкерлік өндірістің жеке факторы ретінде қарастырылады.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - өндірісті ұйымдастыруда ынталылықты, төзімділікті және тәуелділікті көрсетеді.
2. Өндіріс құралдары (немесе капитал). Бұл адамдар құрастырған материалдық игіліктер. Олар екіге бөлінеді: еңбек құралдары және еңбек заттары. Еңбек құралдары деп – қажетті игіліктерді жасауға пайдаланылатын заттарды айтамыз. Оларға: еңбек құралдары – станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, байланыс құралдары жатады. Еңбек заттары – бұлар еңбек барысында адамдардың тікелей әсер етіп, болашақ өнімнің материалдық негізін құрайтын заттарды айтамыз. Оларға: табиғат ресурстары, өндірілген, яғни әлі өнімге айналмаған, әрі қарай өңдеуге арналған еңбектің нәтижесі.
Өндірістің адам және заттық факторлары бірігіп қоғамның өндіргіш күштерін құрайды. Өндіргіш күштер – бұл қажетті білімі, еңбек тәжірибесі мен іскерлігі бар адамдар және еңбек барысында адамдар пайдаланатын еңбек құралдары.
3. Жер бұл өндіріске қатысатын немесе оның шарты болып табылатын барлық табиғи ресурстар. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.
Қазіргі заманғы өндіріс басқа да факторларсыз мүмкін емес, оларға өндірісті ұйымдастыру жӘне оның технологиясы, ақпараттық факторлар, ғылым, энергетикалық факторлар, экологиялық факторлар жӘне инфрақұрылым жатқызылады.
Өндірісті ұйымдастыру - өндіріс барысының бірлігін, ішкі өндірістік байланысты қамтамасыз ететін белгілі құрылым.
Өндіріс технологиясы – еңбек заттарын өндеудің нақты тәсілі және өндіріс барысының белгілі бір тәртібі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет