Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Тақырып 7. Сұраныс пен ұсыныс



бет25/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Тақырып 7. Сұраныс пен ұсыныс.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтықң өзін-өзі реттеу механизмнің бір бөлшегі болып табылады.
Сұраныс – бұл белгілі бір тауарларға төлем қабілеті бар қажеттілік, яғни сатып алушылардың өздеріне қажетті бұйымдар мен қызмет түрлеріне ақша төлеу дайындығы.
Сүраныс заңы - сұраныс көлемінің бағаға кері байланыста деп білеміз: тауардың бағасы неғурлым төмен болса, тауар сұранысы жоғарлайды, тауардың бағасы жоғары болса, тауар сұранысы азаяды.
Сұраныстың қисық сызығы- сұраныс заңының графикалық бейнелеуі.
P
D


Q
Сұранысқа бағадан басқа да факторлар әсер етеді, олар:

  1. Тұтынушылардың кірістері.

  1. Тұтынушылардың талғамы.

  1. Тұтынушылардың күтімі.

  2. Өзара алмастырушы ж/е өзара толықтырушы тауарлардың бағасы.



P



d2
d1 d

Q
Бағадан тыс факторлардың әрекеті нәтижесінде сұраныс өзгереді. Оң жаққа жылжыуы- сұраныстың ұлғаюы, сол жаққа –сұраныстың азаюы.


Ұсыныс - бұл өндірушілердің белгілі бір бағалар бойынша сатуға дайындаған тауарларының жиынтығы.
Ұсыныс заңы – ұсыныс баға деңгейіне тікелей байланыста: баға жоғарлаған сайын, нарықтағы ұсыныс ұлғаяды, баға төмендеген сайын , нарықтағы ұсыныс азаяды.
Ұсыныстың қисық сызығы- ұсыныс заңының графикалық бейнелеуі.



P S
Q

Ұсыныстың өзгеруіне бағадан да басқа факторлар әсер етеді, олар:



  1. Ресурс бағалары

  2. Технология

  3. Басқа тауарлардың бағалары

  4. Сатушылар саны

  5. Салық пен жәрдем қаражаты

P s1 s

s2


Q

  1. Халықтың күтімі

Бағадан тыс фактордың әрекеті нәтижесінде ұсыныстың өзгеруі: Оңға жылжыуы –ұсыныстың ұлғаюы, сол жаққа жылжыуы –ұсыныстың кемігені.


Сұраныс пен ұсыныс тығыз байланыста, яғни өзара икемді қарым-қатынас жасап, олар өзара сәйкестікке ұмтылады. Нарықтық тепе-теңдік сатып алушылар мен сатушылардың жоспарлы толығымен сәйкестеніп шартты бағамен ұсыныс көлемі сұраныс көлеміне тең болған жағдай. Нарықтық тепе –теңдік негізіне тепе-теңдік баға жатыр. Осы бойынша нарықтағы ұсынылған тауар саны тауар санына деген сұранымға тең.
Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда тауар ұсынысының артықшылығы пайда болады. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда тауар ұсынысының тапшылығы пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет