Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет53/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Мемлекеттік қарыз – бұл белгілі мерзімде жинақталған бюджеттік тапшылықтың және сол уақытта бюджеттің жағымды қалдығын алып тастағаннан кейін қалған сома.
Мемлекеттік қарыз түрлері келесі кестеде көрсетілген.
Мемлекеттік қарыздың болуы нақты жағымсыз салдарға әкеліп соғады:

  1. Ішкі қарызды халыққа пайызды төлеу арқылы жабу әр-түрлі әлеуметтік топтардың теңсіздігін ұлғайтады, себебі мемле-кеттік міндеттемелердің көп бөлігі өте дәулетті халықтың қо-лында шоғырланған. Осыдан, мемлекеттік бағалы қағаздарға ие болғандар, оны жабу кезіңде одан да дәулетті болады.

  2. Мемлекеттік қарыз бойынша пайызды төлеу мақсаты-мен салықтардың жоғарлату немесе төмендету, бұл өндірістің дамуының экономикалық ынтасын төмендетеді.

  3. Егер үкімет пайызды төлеу үшін капитал нарығынан за-йым алатын болса, бұл жағдай экономикаға жағымсыз әсер ете-ді, себебі бұл жағдай ішкі мемлекеттегі капитал салымдарының қысқаруын өсіреді.

  4. Мемлекеттік қарыздың болуы мемлекеттегі психикалық кернеуліктің, тұтас және жеке азаматардың іскерлік белсеңділі-гінің тұрақсыздығына әкеледі.

Мемлекеттің негізгі табыс көзі салықтар болып табылады. Осыған орай мемлекет жүргізетін салық саясаты фискалды деп аталады. «Фискалды» деген сөз латын тілінен аударғанда «қазыналық» деген мағынаны білдіреді.
Салықтар - бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекет-ке төлейтін міндетті төлемдері.
Салық салу - табыс пен шығындарды реттеу арқылы мем-лекеттік құралдарды толтыру болып табылады.
Салықтар келесі қызметтерді атқарады:

  1. Қазыналық қызметі – түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді.

  2. Реттеуші қызмет – бюджеке түскен салық түсімдерін рет-тейді және бақылап отырады..

  3. Қайта бөлу қызметі – салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

  4. Шектеу қызметі – салық саясаты арқылы мемлекет өнді-ріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет