Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет55/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Номиналды табыс – белгілі мерзімде жеке тұлғалармен алынған ақша саны.
Қолдағы табыс – салық және міндетті төлемдер бойынша номиналды табыстан төмен.
Нақты табыс – қолдағы табысқа белгілі мерзімде сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердін саны. Егер бағалар жоғары болса, онда нақты табыс төмен болады, немесе керісінше. Нақты табыс баға индексімен өлшенеді. Баға индексін анықтау үшін «тұтынушылық қоржын» деген ұғым қарастырылады, яғни, белгілі тауарлар мен қызметердің жиынтық бағасы.
Халықтың өмір сүру деңгейі – бұл материалды игіліктерді тұтыну деңгейі (халықтың өнеркәсіптік азықпен, азық–түлікпен, үй–жаймен және т.б. қамтылуы). Ол «минималды тұтыну деңгейін», «рационалды тұтыну деңгейін» және «физиологиялық тұтыну деңгейін» бөліп қарастырады.
«Рационалды тұтыну деңгейі» – адамның саналы қажеттіліктерін қанағаттандырылуымен анықталады. Бұған индивидтің толық үйлесімді физиологиялық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін тауарлар мен қызметтер жиынтығы кіреді.
«Минималды тұтыну деңгейі» қажеттіліктің минималды деңгейімен есептелінеді. Оның көлемі біліктілігі жоқ жұмысшылар және оның қарауындағы жандардың тауарлар мен қызметтер жиынтығымен анықталады.
«Физиологиялық тұтыну деңгейі» – бұл адам физикалық өмір сүре алмайтынан төмен деңгей. Онымен «кедейшілік деңгейі» ұғым байланысты. Бұл үкіметпен тағайынданған ресми деңгейден төмен табыс алатын халықтың бөлігі, кедейшілікпен шекаралас. Өмір сүру деңгейі сапасын бағалау уақытта және кеңістікте өзгереді.
Ең алғаш рет өмір сүру деңгейін бағалауды неміс статисті Эрнст Энгель (1821-1896) іске асырды, бұл жанұя табысының деңгейімен азық-түлікті тұтыну бөлігінің тәуелділігін құрастырды.
Энгель заңы – осыған сәйкес тұтынушылардың табыстары ұлғайған сайын астамдық заттарға шығындарды көбейтеді, ал ең қажетті тауарларға шығындар – аз дәрежеде, табыс ұлғайған сайын заңдылық. Сонымен қатар, табыстың өсуі ең қажетті тауарларға тұтынушылардың шығындарының үлесінің азаюына әкеледі (мысалы, негізгі азық–түлік) және тұтынушылардың шығындарының астамдық заттарға үлесінің ұлғаюы (мысалы, бейнекамералар, автокөліктер). Энгель заңын қорыта келе: басқа тең жағдайларда тамақа шығындалатын табыс үлесі, халықтың осы тобының әл–ауқатының деңгейнің көрсеткіші болып табылады.
Өмір сүру деңгейін бағалау үшін сандық және сапалық көрсеткіштер пайдаланады. БҰҰ келесі көрсеткіштерді пайдалануды ұсынады, олар 12 топқа біріккен:

  1. Туу, өлім және халықтың басқа демографиялық сипаттамасы;

  2. Санитарлық–тазалық өмір сүру жағдайы;

  3. Азықты тауарларды тұтыну;

  4. Баспана жағдайы;

  5. Білім және мәдениет;

  6. Еңбек жағдайы және жұмысбастылық;

  7. Халықтың табысы мен шығыны;

  8. Өмір сүру бағасы мен тұтыну бағасы;

  9. Көлік бағалары;

  10. Демалысты ұйымдастыру;

  11. Әлеуметтік қамсыздандыру;

  12. Адам еркіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет