Тақырып 15. Мемлекеттің әлеумететтік және аймақтық саясаты.
Әлеуметтік саясат – ұлттық табыстың дұрыс бөлінуін қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарлатуға бағытталған.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары – бұл:
адамды әлеуметтік қорғау, оның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқығын іске-асыру;
жалпы қоғам мен әр адамның әл-ауқатын жақсарту;
әртүрлі әлеуметтік топтардың статусын және өзара байланысын қолдау.
әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, яғни жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны қорғау;
адамның жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Әлеуметтік саясаттың екі негізгі бағыттары бар:
Барлық жұмысқа жарамды адамдардың жақсы жағдайлар мен кәсіпкерлікке және еңбекке ынталандыруын қамтамасыз ету.
Жұмысқа жұмыссыздарды әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету.
Бірінші бағыт келесі шараларды қамтиды:
бизнестің либерализациясы. Шағын бизнесті қолдау (несие, салық жеңілдіктері, техникалық және басқа көмек);
қоғамда жоғары жұмысбастылықты қолдау (адамдарды жұмыс қамтамасыз ету, жұмыс орнын көбейту, еңбекті қорғау)
еңбек қатынастарын реттеу (еңбек ақының)
Екінші бағыт мемлекеттің әлеуметтік сферасының дамуын қамтиды (мектеп, клиника, жәрдемақының жүйесі, мүгедектердің және қариялардың зейнетақысы, жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы ): тегін жалпы білім беру, дәрігерлік көмек көрсету және т.б.
Екінші бағытқа тоқталайық. Жұмысқа жарамсыз адамдарды материалды қамтамасыз ету жүйесін әлеуметтік сақтандыру деп атаймыз. Әлеуметтік сақтандыру келесі қорлар арқылы жүзеге асырылады:
әлеуметтік сақтандыру қоры;
халықты жұмыспен қамту қоры;
медициналық сақтандыру қоры;
зейнетақы қоры.
Халықтың өмір сүру деңгейі – бұл материалды игіліктерді тұтыну деңгейі (өнеркәсіптік өнімдермен, тамақ өнімдерімен, үймен халықты қамтамасыз ету).
Табыстар деп - жеке тұтынуға байланысты қызметтер және игіліктерге ие болуға арналған, белгілі уақыт арасында алатын қаржы құралдарының ақшасы.
Қаржы табыстарының 3 басты қайнар көзін белгілеуге болады:
жалақы (еңбек);
меншіктен түсетін табыстар (рента, дивиденд);
әлеуметтік төлемдер (зейнет ақысы, пособия).
Сонымен қатар, халықтың табыс деңгейін және динамикасын бағалау үшін келесі көрсеткіштерді қолданады: номиналды, қолдағы және нақты.
Достарыңызбен бөлісу: |