Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Хромосоманың екі еселенуі



Pdf көрінісі
бет17/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Хромосоманың екі еселенуі. Кейбір тұқым қуалайтын өзгерістердің 
(соматикалық мутациялар, хромосомалардың қайта құрылуы) ұрпақтан-
ұрпаққа берілуін дұрыс түсіну үшін хромосомалардың жүйелі түрде 
еселенуін және олардың жіпшелерінде болатын ДНҚ молекулаларының 
бөлінуін білудің маңызы зор. Осы циклдің әр сатысын белгілеу үшін ерекше 
атаулар (номенклатура) жасалған. ДНҚ-ның жаңа молекулаларының пайда 
болуы алдындағы сатысын G

жаңа ДНҚ молекулалары синтезделу сатысын 
S, ал синтезден кейінгі кезеңді G

деп белгілеген. Митоз кезіндегі хромосома 
көшірмелері жаңа пайда болған жасушалардың ұқсастығын қамтамасыз 
етеді. Осы күнге дейін міндетті түрде өздігінен екі еселенетіні дәлелденген 
құрылымдардың бірі хромосомалар, сондықтан генетика оларды тұқым 
қуалаудың негізгі бірлігі деп қарайды.
Хромосомалардың саны мен үлгілерін метафаза кезеңінде экваторлық 
жазықтықта 
анықтауға 
болады. 
Осы 
жағдайда 
көп 
ағзалардың 
хромосомаларының тұр айырмашылығы, үлгісі және мөлшері анық 
байқалады.
1.2.3. Жыныстық көбеюдің цитологиялық негіздері.
Жыныстық көбею жануарлар мен өсімдіктердің көбеюінің бір түрі. 
Жыныстық көбею жолында жаңа ағза әдетте аналық және аталық жынысы 
жасушалары гаметалардың (гр «гамета» - ұрғашы, «гаметес»-еркек) 
қосылуынан пайда болатын зиготадан (гр «зиготос»-қосылған) дамиды. 


22 
Зигота кезеңі  ұрықтың алғашқы даму сатысы және бұл кезде екі еселенген 
(диплоидты) хромосомалары бар бір жасушадан тұрады.
Партеногенез 
– 
(гр»партенос»-ұрықтанбай даму) ағзалардың 
жыныстық көбеюінің бір түрі. Бұл ұрықтанбаған аналық жасушаның дамуы. 
Бұл жолымен көбею жыныстық көбеюдің түрі ретінде бір жасушалы және 
көп жасушалы омыртқасыздар арасында және өсімдіктерде кең тараған. 
Дегенмен де бұл жыныстық көбеюдің жекеленген түрі болып келеді. 
Жыныстық көбеюдің биологиялық маңызы жаңа ағзада ата-анасынан екі 
түрлі тұқым қуалау белгілері болады және ол ұрпақтың тіршілік ортасының 
өзгерістеріне бейімділігін арттырады, сұрыптау үшін көп материал береді. 
Ұрықтану нәтижесінде:
1. Ұрықтар арасында материалдық үзілмейтін байланыс жасалады.
2. Хромосомалардың диплоидтық жиынтығы қалпына келтіріледі.
3. Аталық және аналық тұқым қуалау бастамалары бір ағзада бірігеді. 
Осының барлығы түрдің салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 
Жыныс ұлпалары жасушаның физиологиялық тұрғыдан мамандануы 
(жекеленуі) жыныс жасушаларының морфологиялық құрылымына және 
физиологиялық ерекшелігіне өз әсерін тигізген. Сондықтан жануарлар мен 
өсімдіктердің аналық және аталық жыныс жасушалары бір-бірінен әлдеқайда 
өзгеше болады. Бұл өзгешеліктердің эволюция барысында пайда болуының 
өз мәні бар. Мысалы, жұмыртқа жасушасы тұқым қуалау ақпаратын берумен 
қатар ұрықтың алғашқы сатысында оны қоректік затпен қамтамасыз етеді. 
Ал аталық жыныс жасушаларында мұндай қасиет жоқ, олар тек қана аталық 
қасиетті тұқымға береді де, жұмыртқа жасушасының әрі қарай дамуына 
септігін тигізбейді.
Жыныс жасушаларының даму жолдары мен ұрықтану үдерістері әр 
түрлі, мысалы, жануарлар мен өсімдіктерде. Бірақ жыныс жасушаларының 
даму негізінде бір жалпы үдеріс бар ол ұрық жасушаларының 
(эмбриондық) бөлшектену (дифференция) және осы жасушалардың 
хромосомалар санының азаю механизмі (редукция). 
Бұл механизмді басқаратын да, атқаратын да, мейоз – жыныс 
жасушаларының бөліну әдістері. Осы мейоз арқылы аталық және аналық 
хромосомалар қосылып, олардың саны екі есе азаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет