Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Метафаза 
кезеңіндегі 
хромосомалар 
құрылысының 
нобайы
 


18 
1) акроцентрикалық (бір иіні 
өте қысқа) 
 2) субметацентрикалық (әр 
түрлі иінді) 
3) метацентрикалық (тең 
иінді) 
 
3-сурет. Метафаза кезеңіндегі хромосомалар түрлері. 
Барлық хромосомаларға мөлшеріне қарай (иін ұзындығының өзгеруіне 
байланысты) қатар саны белгіленеді. (Р-қысқа иін, Q-ұзын иін), сонымен әр 
геннің учаскелері нөмірленеді. Мұндай әдіс хромосомаларда кездесетін 
аномалияларды (әдеттен тыс ауытқулық) нақтылы сипаттау үшін 
қолданылады.
Атқаратын қызметіне қарай хромосомалар екіге бөлінеді. Олар 
аутосомалар және жыныстық хромосомалар. Жыныстық хромосомалардың 
белгілі бір жыныстық дамуына қатысы болғандықтан оларды жыныстық 
хромосомалар деп атайды, олар Х және У хромосомалар. Мысалы әйелдің 
жыныс жасушасында басқа аутосмалардан өзге Х хромосома, ал ер адам 
ұрығының (сперматозоид) біреуінде Х-хромосома, екіншісінде У- хромосома 
болады. Жыныс хромосомасының басқа хромосомаларға қарағанда 
құрылысында, бөлшектенуінде, коньюгациясында гетерохроматині көбірек 
болады. Жыныс хромосомаларының өзара және басқа хромосомалардан 
айырмашылығы болғандықтан, мейоз кезінде де олар өздеріне тән 
ерекшеліктер көрсетеді.
1.2.1. Кариотип және оның түрлік ерекшеліктері 
Дене жасушаларындағы хромосомалар санының түрлік тұрақтылығы
саны, ұзындығы, морфологиялық белгілерінің жиынтығы кариотип деп 
аталады.
Табиғи сұрыптаудың барысында әр түрдің өзіне сай хромосом 
аппараты қалыптасқан. Әдетте хромосомалар жұп санды болып келеді. 2п 
әдетте көпшілік ағзаға тән диплоиды (қосарланған хромосомалар жинағы) 
болады. Диплоид жиынтығын ойша екіге бөлгенде, 1п хромосома қаласа, оны 
гиплоидты жиынтық дейді. Бұл жыныс жасушаларында болады.
Ағзаның әр түрлі белгілері хромосомалар санымен ғана емес, олардың 
формасы, көлемі және орналасуына қарай сипатталады. Бұл көрсеткіштердің 
барлығы «кариотип» деген ұғымға бірігеді. Хромосомалардың диплоидтық 
жиынтығы ата мен анадан берілгендіктен олар дене жасушаларында (екі 
дана) жұп болады. Жұп санды хромосомаларды гомологиялық (құрылысы 
және шығу тегі бір, бірақ атқаратын қызметі әр түрлі) деп аталады. Әдетте 
гомологиялық 
хромосомалардың 
морфологиялық 
айырмашылығы 
байқалмайды.


19 
1-кесте. Жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің дене 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет