34
Сондықтан генотиптері толық түрде бірдей болып келетін бір жұмыртқалы
егіздердің өзі әр түрлі тіршілік жағдайларында дамып жетілген болса,
олардың арасында айтарлықтай үлкен Фенотиптік айырмашылықтарды
байқауға болады.
(9
-сурет), сондықтан Г. Мендель бірінші заңын доминанттылық немесе
«бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы» деп атайды.
9-сурет. Мендельдің біркелкілік заңы
2.3. Зерттеулердің доминанттық ережелерге енгізген өзгерістері
(доминанттылық түрлері)
Көптеген зерттеушілер өсімдіктер мен мал тұқымының әр түрлерінде
көп белгілердің толық доминанттық қасиет көрсетпейтінін дәлелдеді. Бірінші
ұрпақта екі белгінің де байқалатыны анықталды.
Олар аралық
доминанттылық, кодоминанттылық және асыра доминанттылық түрлерінде
кездеседі.
Аралық доминанттылық дегеніміз бірінші ұрпақтың ата
-аналарының
біріне де ұқсамайтын біркелкілігін айтады. Мұнда ата
-анасы белгілерінің
қасиетінің аралығы байқалады. Мысалы, бірсыпыра қой тұқымдарының
ішінде шұнақ қойлар кездеседі. Егерде ұзын құлақтылармен (салпаң құлақ)
шұнақ құлақты қойларды шағылыстырса құлағының ұзындығы орташа
қойлар
туады.
Құлақ
ұзындығы
орташа
қойларды
бір
-бірімен
шағылыстырған уақытта орта есеппен әрбір төрт қозының біреуі ұзын
құлақты, екеуінің
құлағы орташа ұзындықта, ал біреуінің құлағы шұнақ
болып туылады. Бұл нәтижелер әр түрлі құлақ формаларының бір жұп
аллельдердің басқаруымен тұқым қуалайтындығын және олардың арасында
толық басымдылықтың жоқтығын дәлелдейді. Осыған орай гомозиготалық
аллельдің біреуі, мысалы «аа»
- ұзын құлақты, екіншісі
- «АА» шұнақ құлақты
басқарады, ол екеуінің гетерозиготалық жағдайында «АА» кездескен
қойлардың құлағы орташа ұзындықта болады.
Бұл құбылыс (аралық тұқым қуалаушылық) ауылшаруалық
малдарының бәрінде де жиі кездеседі.
Кейбір кезде белгілер аралық жағдайдан ауытқып әкесінің не анасының
доминантты белгісіне қарай ығысады. Мұндай жағдай
орталау немесе
толымсыз доминанттылық деп аталады. Мысалы, кеудесі, бауыры және
аяқтары ақ сиырды бір түсті бұқамен шағылыстырса олардан туған бұзаудың
35
түсі біркелкі болғанмен аяғында немесе денесінің басқа жерлерінде ақ
теңбілдерінің болуы.
Аса жоғары доминанттылық жағдайында бірінші ұрпақта гетерозис
(грек тілінде гетероиозис – өзгерту) құбылысы пайда болады. Бұл өсімдік пен
малдың бірінші ұрпағының өсу қарқыны мен өнімін арттыратын ағзадағы
күшті құбылыс. Қазір тұқым аралық гетерозис алу үшін ірі қара, шошқа, қой
әсіресе құс шаруашылықтарында өндірістік будандастыру әдісі кең
қолданылады.
Кодоминантты тұқым қуалайтын ата-ана белгілерінің (соңғы кезде
ашылды) бірінші ұрпаққа бірдей берілуі.
Белгілер бір-бірінен тәуелсіз және
бірдей дәрежеде көрінеді. Мысал ретінде ірі қара малдың шортгорн
тұқымының түсін алуға болады. Егер таза қанды қызыл түсті малдарды бір-
бірімен шағылыстырса қызыл бұзау, ақ түсті малдарды шағылыстырса ақ
бұзау туады.
Қазіргі таңда қан топтары мен қан сарысуындағы ақуыздарды
басқаратын гендердің көптік аллельділігі анықталып отыр.
Сонымен генотиптің екі түрі кездеседі – гомозиготалық және
гетерозиготалық, гомо және гетерозиготалық гендердің селекциялық
жұмыстар үшін бір
-бірінен айырмашылықтары бар. Гомозиготалық
генотиптерді
шағылыстырғанда
үнемі
біркелкі
ұрпақ
береді.
Гетерозиготалық генотиптерде ажырасу байқалады.
Мендельдің екінші заңы осы – белгілердің
ажырауы будандастырғанда,
шағылыстырғанда, қолдан тозаңдастырғанда буданның екінші ұрпағында
доминант белгілермен қатар екінші – рецессивті белгінің анық байқалуы
көрінеді (10-сурет).
Тәуелсіз тұқым қуалау (тәуелсіз комбинациялану) заңы немесе
Мендельдің үшінші заңы баламалы белгілердің әр жұбы ұрпақтарға бір-
біріне тәуелсіз тарайды, сондықтан 2
-ұрпақта белгілі бір сандық
қатынастықта белгілердің жаңа комбинациялары бар дарабастар пайда
болады деген тұжырымдама жасайды.
Бұл заң тек қана, әр түрлі
хромосомаларда орналасқан гендерге байланысты. Әр гомологты
хромосомада орналасқан түрлі гендер бір
-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды.
Белгілердің тәуелсіз комбинациялануы туралы қорытынды жасау үшін
Мендель тұқымының сырты тегіс және түсі сары өсімдікті, сырты бұдыр
тұқымды жасыл түсті өсімдікпен будандастырды.
36
10-сурет. Мендельдің екінші белгілердің ажырау заңы
Доминанттылық ережеге және 1
-ұрпақ будандарының біркелкілігі
туралы заңға сәйкес, тәжірибеден алынған F1 1
-ұрпақтың барлығының
тұқымдарының сырты тегіс және түсі сары болып шықты.
11-сурет Дигибридті будандастыру
Бұл будан тұқымдардан өсірілген өсімдіктердің
өздігінен тозаңдануының
нәтижесінде 2
-F2 будан ұрпақ алынды. Нәтижесінде F2
-де тұқымдардың төрт
фенотиптік класы алынды: олардың ішінде тегіс сары, бұдыр сары, тегіс
жасыл және бұдыр жасыл тұқымдар бар. Бұл жағдайда зерттеуге алынған
белгілердің әр түрлі комбинациялары байқалады. Сонымен, екі жұп белгі бір-
бірінен тәуелсіз ажырайды, яғни ол тәуелсіз тұқым қуалайды. Мендельдің
тұқым қуалаушылық заңдары тұқым қуалаушылықтың мәнін айқындайды
және генетиканың негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: