28
Тапсырмалар:
1. Микроскопиялық препараттан метафазалық пластинканы табыңыз.
Ұлғайтқыш
объективке ауыстырып, хромосомалардың санын және
морфологиясын анықтаңыз.
2. Препараттар мен суреттегі митоздық бөлінуді хронологиялық реттілікпен
орналастырыңыз:
А) ұршық жіпшелер түзіледі.
Б) хромосомалар полюстерге қарай бағытталады.
В) хромосомалар конденсацияланады.
Г) цитоплазма бөлінеді.
Д) хромосомалар жасуша экваторы бойында тізіліп тұрады.
29
ІІ Тарау. Мендель ашқан белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары
Мақсаты: будандастыру кезіндегі
бұршақ тұқымының пішіні мен
түсінің тұқым қуалауы туралы білімін арттыра отырып, Мендельдің
заңдылықтарымен таныстыру.
Материал және жабдықтар: генетика
саласына еңбегі сіңген
ғалымдар суреттері, ас бұршақтарының, будандастыруға арналған кестелер.
Генетикалық зерттеу әдістерінің баннерлері мен муляждары.
2.1. Г. Мендель тәжірибелері және олардың ерекшеліктері.
Жыныстық өсіп
-өну кезіндегі нәсілдік қасиеттердің
ұрпақтан ұрпаққа
тұқым қуалауы арқылы берілуі селекциялық және сұрыптау жұмыстарына
генетиканың
заңдарына
сүйенеді.
Сондықтан,
тұқым
қуалаудың
заңдылықтарын білудің мал тұқымын асылдандыруда пайдасы өте зор. Ол
заңдылықты білмей сұрыптап алу және жұп таңдау немесе будандастыру
үшін қажетті тұқымдарды таңдап алу өте қиын. Мал тұқымын асылдандыру
жұмысының нәтижелігі осы істердің үздіксіз жүргізіліп
отыруына
байланысты. Мал тұқымын асылдандыру, жаңа мал тұқымын шығару
жұмысымен адам баласы қолына мал ұстаған күннен
бастап әрқашанда
айналысып келеді. Бұл салада селекционердің қолы жеткен табысы да
айтарлықтай.
П. Ф. Рокицкий айтқандай «олар
тұқым
қуалау
заңдылығын
мал
шаруашылығында оның негізін білмей
қолданған,
бұл мыңдаған жылдар бойы
жанудың мәнін білмей отты қолданғанмен
бірдей еді». Сондықтан болар XIX ғасырда
селекцияның мал өсіру өнері деп атап, құпия
түрде әкеден балаға ғана белгілі болды.
Қазіргі кезде
мал тұқымын асылдандыру
жұмысы тек дарынды селекционерлердің
мол тәжірибесіне сүйеніп қана емес,
селекцияның
ғылыми негізі - генетика
ғылымының
тиянақты
заңдылықтарына
сәйкес жүргізілуі тиіс. Генетиканың негізгі
заңдарын чех табиғат зерттеушісі – Г.
Мендель 1865 жылы ашқан. Бірақ оның
тәжірибелерінің
мазмұнын және ол ашқан
заңның мағынасын ғылым 1900 жылдан
бастап бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: