56
Ерітіндідегі ДНҚ молекуласын 100°С
температурада қайнатқан
жағдайда ДНҚ
- тізбектері бір
-бірінен ажырайды мұндай үдеріс диатурация
-
табиғи түрін жоғалту деп аталады.
3.6.2. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық
байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ
-
ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты
негіздері ретінде аденин,
гуанин,
цитозин
және
урацилболады.
Рибонуклеин
қышқылдары
рибосомалық (рРНҚ),
ақпараттық (аРНҚ) және
тасымалдаушы (тРНҚ)
болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған
нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын
біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Ағзада РНҚ ақуыздармен кешенді
байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық
ақпараттың жүзеге асуы мен ақуыз синтезіне қатысып, барлық тірі ағзаларда
аса маңызды биологиялық рөл атқарады (
19-сурет).
аРНҚ
тРНҚ
рРНҚ
19-сурет. РНҚ- түрлері
Көптеген
вирустарда РНҚ- жалғыз нуклеинді компонент (құраушы)
құрайды. Осындай РНҚ вирустарда РНҚ биосинтезімен қатар ДНҚ
биосинтезінде де матрица рөлін атқара алады (кері транскриптаза).
Бактериялар, өсімдіктер және жануарлар жасушаларында құрылымы,
метаболизмі және биологиялық қызметтері әр түрлі РНҚ типтері кездеседі.
Мысалы, рРНҚ рибосоманың құрамына еніп,
жасушадағы РНҚ-ның негізгі
салмағын құрайды және көлемі, құрылымы түрлі ағзаларда әр түрлі болады.
Жасушада негізінен рРНҚ
-да ақуыздың биосинтезі жүреді; тРНҚ жасушада
амин қышқылдары қалдықтарын жалғастырып алып, оны ақуыз синтезі өтіп
жатқан жерге тасымалдайды. Әрбір амин
қышқылының өзіне сай арнайы
тРНҚ (әдетте бірнеше) болады. Барлық тРНҚ жоңышқа жапырағына ұқсас
макромолекулалы құрылымға ие. Олардың рибосомаға және аРНҚ
-на
жабысатын, үш нуклеотидтен тұратын (антикодон) және амин қышқылы
қалдығын жалғастыратын аймақтары бар. РНҚ
-ның барлық түрлері
жасушада
ДНҚ матрицасында синтезделеді, соның нәтижесінде ДНҚ
-дағы
дезоксирибонуклеотидтер тізбегінде комплементарлы рибонуклеотидтер
тізбегі құрастырылады, мұны транскрипция үдерісі деп атайды.
Жасуша
ядросында матрица РНҚ
-ның (мРНҚ) бастамасы болып келетін алып
57
молекулалар табылған, олардың көп бөлігі ядрода ыдырайды да, аз бөлігі
цитоплазмаға өтіп, нағыз мРНҚ
-ын құрайды.
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) - бұл сызықты тарамдалмаған
полирибонуклеотидтер,
рибонуклеозид
монофосфатрибонуклеин
қышқылының
(РНҚ
-ның)
құрылым
бiрлiгi
болып
табылады.
Рибонуклеозидмонофосфат РНМФ - бұл ( H3PO4) фосфор қышқылының бiр
қалдығынан және рибозаның пуриндi және пиримидиндi азотты негiздерiнен
тұратын қосылыстар. Рибонуклеин қышқылдары құрамы жағынан ДНҚ
-ға
ұқсайды, тек РНҚ молекуласында дезоксирибоза
орнына рибоза болады, ал
тимин урацилмен алмастырылған. Сонымен рибонуклеин қышқылдарының
құрамына азотты негiздерден аденин, гуанин, цитозин және урацил кiредi.
РНҚ
-ның құрамындағы гидроксил туындылары (кето
- түрiнде) лактамдар
түрiнде кездеседi (20
-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: