63
материяның ең ұсақ және лайықты белгілі
орта жағдайында өз бетімен
тіршілік ете алатын бөлігі.
Микробтар әлемінде жеке жасушалардың қозғалыс, зат алмасу, көбею,
сыртқы әсерге жауап беру сияқты негізгі тіршілік әрекеттерін дербес түрде
атқара алу қабілеті бар екендігі жайлы көптеген фактілерді кездестіруге
болады.
Жасуша қабығының қорғаныш қызмет атқаратыны 1-ші
тараудан
белгілі, сонымен бірге ол әр түрлі бактериялардың өздеріне ғана тән тұрақты
пішін береді. Егер бактерия таяқшасының қабығынан оның ішіндегі затын
бөліп ажыратса, онда протопласт (протопласт - цитоплазмалық мембранамен
шектелген протоплазма) таяқша пішінінен
айырылады да шар пішіндес
болып қалады, бұл бірақ өзінің барлық тіршілік қызметін сақтап қалады.
Вирустар мен фагтар бактерияларда (бактериофагтар), өсімдіктер мен
жануарларда (вирустар) паразиттік тіршілік
ететін жасушасыз формалар
болыл табылады. Оларда хромосоманың рөлін ДНҚ немесе РНҚ молекуласы
атқарады. Бактериялар (прокариот) аралық орын алады. Вирустарға
қарағанда бактериялар едәуір күрделі
құрылымды келеді, бірақ олардың
ядросы цитоплазмадан бөлінбеген, ал хромосоманың қызметін мұнда да ДНҚ
жіпшелері атқарады. Жасуша ұршық түзбестен бөлінеді.
Алайда
микроорганизмдерде молекулалық генетиканың объектісі болатын жалпы
ерекшеліктері бар. Тіршілік циклінің қысқалығы
негізгі ерекшелігі болып
табылады. Мысалы, көптеген бактериофагтарда, вирустар мен бактерияларда
бір бөлінуден екінші бөлінуге дейінгі уақыт 20-30 минут, саңырауқұлақтарда
1-2 сағат, ал хлорелла балдырында 1 тәулік болады. Олардың мұндай
ерекшелігі қысқа мерзім ішінде орасан көп ұрпақ алуды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: