64
тірі ағзаларға тән белгілері бар, өсіп-көбейе алады (бірақ
тек қана тірі
жасушалар арасында) және соңғы уақытта дәлелденгендей, тұқым қуалау
өзгерістеріне ұшырайды. Вирустардың тек қана
белгілі бір формасы мен
мөлшері ғана емес, сонымен бірге ақуызпен нуклеин қышқылының белгілі
бір құрылысын байқататын ішкі қасиеті де болады. Дегенмен жасушалармен
салыстырғанда ол анағұрлым қарапайым. Сондай-ақ
ең ірі вирустар мен ең
ұсақ бактериялардың арасында көлемі жағынан бірқатар айырмашылық бар.
Вирустардың аса ірі молекулаларының, сонымен қабат тірі материяның
ең кішкене формасының бір ғана жалпы ерекшелік белгісі бар: олардың бәрі
де тірі ағзалар жасушаларында тіршілік ететін жәндік болып табылады.
Вирустардың, бактериялардың паразиттерінің ішінен бактериофагтардың
бірнеше типтері белгілі.
Рибонуклеин қышқылы вирус бөлшегінде қарапайым шиыршық
түрінде есті 1,1 ақуыздың макромолекуласы
болып саналатын цилиндрде
тасаланған. Бөлшектің ішінде қуыс "канал" бар. Бұл каналдың диаметрі 4 нм.
Ақуыздың микромолекуласы ұсақ пептид тізбектері кем (суббірліктерден)
тұрады, олар ВТМ-ның әр бөлшегінде орта есеппен 2200-ге жуықтайды. РНҚ
спиралінің үстінен жабатын "жамылғыш" тәрізденген осы тізбектер
неғұрлым ірі спираль, болып табылады, оның сыртқы диаметрі 17-18 пм тен.
Спираль 360 градусқа айналған сайын ақуыздық "жамылғышқа" 16 1/3 жаңа
пептид тізбектері қосылып, оның ұзындығы 2,3 нм ұзарады. Орамдардың
жалпы саны 130-ға жуық. Жеке вирус бөлшегі —
осы вирустың нсгізгі
инфекциялық бірлігі. Ол ақуыздық ''қабықтан'' және оның ішінде жасырын
жатқан нуклеин қышқылы молекуласынан тұрады. Вирустар бөлшектерінің
жасушалардан тағы бір айырмашылығы
- оларда әрдайым нуклеин
қышқылының (ДНҚ, РНК) екеуі де бактериялардың және басқа ағзалардың
жасушаларындағы сияқты әрбір вирус бөлшегінде маңызды "басқару"
қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: