Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет41/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Бақылау сұрақтары 
1. ДНҚ- және РНҚ-ның Химиялық құрылысы, құрамы қандай? 
2. ДЖ.Уотсон және Ф.Крик теориясы бойынша ДНҚ-ның құрамын 
түсіндіріңіз. 
3. ДНҚ мен РНҚ биосинтезі қалай жүзеге асады? 
4. Ақуыз түзілуі қандай бөлімдерден тұрады? 
5. Генетикалық кодтың маңызы неде? 
6. Генетикалық кодтың қасиеттерін атаңыз. 
7. РНҚ-ның қандай түрлері ажыратылады? 
 
Тапсырмалар: 
1. Ақуыздарды құрамы, құрылысы және атқаратын қызметі бойынша 
жіктеңіздер. 
2. Ген бөлігінің нуклеотидтері саналатын ТАЦ, ЦАА, АЦА, ЦТГ, АГА 
иРНҚ тізбегінің нуклеотидтері мен аминқышқылдар тізбегін өрнектеңіздер. 


62 
ІV Тарау. Микроорганизмдер генетикасы 
Мақсаты: микроорганизмдер генетикасымен, бактериялар мен 
вирустардың генетикалық ерекшеліктерімен, құрылысы және өсіп-өнуімен 
танысу. 
Материал және жабдықтар: микроорганизмдер бейнеленген 
баннерлер, трансформация, трансдукция және конъюгация құбылыстарының 
муляждары, әр түрлі штаммдар, микроскоп, қоректік орталар. 
 
4.1. Микроорганизмдер генетикасын зерттеу. Аса ұсақ тіршілік 
иелеріне биохимия, биофизика, микробиологиямен қатар генетика да ерекше 
көңіл бөліп отыр. Молекулалық биология молекулалардың өзаpa қарым-
қатынасын зерттеу үшін, вирустар мен бактериялардың өте жақсы моделі 
болып табылатынын анықтады. Кейбір вирустардан және бактериофагтардан 
басқа барлық микробтар бір жасушалы ағзалар болып табылады. Егер 
жануарлар мен өсімдіктердің басым көпшілігі көп жасушалы ағзалар болса 
микробтар әлемі әдетте бір жасушалы болып келеді. Бактериялар, ашытқы 
саңырауқұлақтар (дрожжи). кейбір микросаңырауқұлақтар, қарапайым 
ағзалар және көптеген балдырлар - осылардың бәрі микроорганизмдер 
әлемінің бір жасушалы өкілі прокариоттар деп аталалы. Олардың 
жасушасының дамуы ең қарапайым эуукариоттардан да (жоғары 
сатыдағылар) төмен ұйымдасқан. Микроорганизмдерде митоз да мейоз да 
болмайды, ал жасуша құрылысында ешқандай компартментлизация 
құбылысы (жасушаның ядроға, ядрошыққа және цитоплазма органоидтарына 
бөлінуі) 
жоқ. 
Электрондық 
микрофотографияларда 
прокариоттар 
жасушасының екі түрлі құрылымдылық бөліктен тұратынын көруге болады. 
Олар цитоплазма, нуклеоплазма немесе нуклеоид. Цитоплазмамен 
нуклеоплазма арасында мембрана болмайды. 
Генетикалық зерттеулерде қолданылатын классикалық объектілерге 
бактериялардан ішек таяқшасы (Escherichia colі, Salmonella) туыстаc 
бакктерияллр. нейроспора, ал вирустардың ішінде, осы аталған 
бактерияларды зақымдандыратын, бактериофагтар мен темекі теңбілінің 
вирусы (қысқаша ВТМ - вирус табачной мозаики). 
Бұлардың қызметін генетиктер 40-жылдардан ғана бастап пайдаланды. 
1944 жылдан 1952 жылға дейін бактерияларда генетикалық материалдың 
қосылуын және рекомбинациясын тудыратын үш маңызды үдерістер 
ашылды, олар - трансформация, конъюгация және трансдукция. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет