70
V Тарау. Гендік инженерия
Мақсаты: гендік инженерия туралы толық мәліметпен танысу.
Материал және жабдықтар: гендік инженерия туралы әртүрлі
нобайлар, баннерлер, микроскоп, ПТР зертханасы.
5.1. Молекулалық биологияның жаңа саласы гендік инженерия. Ол
зертханалық әдістер арқылы генетикалық жүйелер мен тұқымы өзгерген
ағзаларды алу жолдарын қарастырады. Гендік
инженерияның пайда болуы
генетиканың, биохимияның, микробиологияның
және молекулалық
биологияның жетістіктерімен тікелей байланысты. Соңғы кезде «гендік
инженерия» жалпылама түрде қолданылып жүр.
Молекулалық биология ғылыми жетістіктерінің нәтижесінде пайда
болған гендік инженерия ағзаның бағалы қасиетін
сақтап қана қоймай оған
жаңа әрі сапалы қасиет бере алады. “Инженерия” деген атау құрастыру деген
мағына білдіреді.
Ген инженерияның дүниеге келген уақыты 1972 жыл деп есептеледі. Т.
Берг алғаш рет сынауықта үш түрлі микроорганизмнің ДНҚ
-ның
фрагментерінің жаңа гибридтік ДНҚ құрастырды.
Жасушада жұмыс істей
алатын гибридтік ДНҚ-ын 1973
-1974 жылдары С. Коэн мен Г. Бойер
құрастырды. Олар басқа ағзадан бөліп алған ДНҚ үзінділерін (фрагментін)
бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Ол
плазмидадағы бөтен
гендердің алғаш рет жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын көрсетті.
Гендік инженериясы шешетін мәселелер:
1. генді химиялық немесе ферменнті қолдану жолымен түзу (синтездеу).
2. әртүрлі ағзадан алынған ДНҚ үзінділерін (фрагменттерін) бір
-бірімен
жалғастыру (ДНҚ рекомбинанттарын алу).
3. жасушаларға гендерді немесе генетикалық жүйелерді енгізу және бөтен
ақуыз түзу.
4. бөтен генді жаңа жасушаға векторлық ДНҚ арқылы жеткізу және олардың
қызмет жасауын қамтамасыз ету.
5. бөтен генге ие болған жасушаларды таңдап бөліп алу жолдарын ашу
Достарыңызбен бөлісу: