Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет46/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

 
4.1.5. Трансдукция. Бактериофагтың көмегімен тұқым қуалау 
ақпаратын (гендерді) бір бактериядан екіншісіне тасымалдау құбылысы 
трансдукция деп аталады. 
Бұл құбылысты 1951 жылы Дж. Ледебергтің шәкірті Н. Зиндер ашты. 
Трансдукциямен таныспай тұрып бактериямен бактериофагтың қарым-
қатынасына толығырақ тоқтала кетейік. 
Бактериофагтар немесе бактерия вирустары екі топқа бөлінеді — улы 
(вирулентті, ауру туғызушы) және усыз (ұстамды) (умеренные 
бактериофаги). Вирлентті бактериофаг (немесе жай ғана - фаг) жасушаға 
кіргеннен кейін литикалық әрекет жасайды, яғни өсіп-көбейеді де бактерия 
жасушасын құртады. Ал ұстамды бактериофагтар литикалық та, лизогендік 
те әсер етеді. Лизогендік әсердің арқасында жұқтыратын фаг профаг күйіне 
айналып, бактерия хромосомасымен қатар өсіп-өнеді. Құрамында профаг бар 
бактерияларды лизогенді бактериялар деп атайды. Лизогенді бактерияда 
иммунитет пайда болады, яғни қайтадан сол бактериофагты оларға 
жұқтыруға болмайды.
Жалпы трансдукцияның кезінде фаг бөлшектеріне бактериялық ДНҚ-
ның фрагменттері кіреді. Трансдукцияның бұл түріне Р-1 және Р-22 фагтар 
арқылы эшерихийлерде, шигелдерде және сальманеллаларда жүреді. Ал, 
спецификалық (ерекше) трансдукцияда профаг бактерия хромосомасының 


67 
белгілі бір жеріне ғана орналасып тек белгілі бір гендерді ғана 
трансдукциялайды. 
22А-Трифтофан синтездей
алмайтын бактерия штаммы; 
2А-Трифтофан синтездей
алатын бактерия штаммы. 
 
1. бактерия жасушалары 
2. Т+гені 
3. ыраған жасуша 
4. бактериофаг 
5. сүзгі
 
23-сурет. Трансдукция 
құбылысы бейнеленген 
тәжірибе үлгісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет