105
6.4. Иммундық генетиканың маңызы және шығу тарихы
Мақсаты: иммундық генетика мен және полиморфизм, ұрпақтар шығу
тегінің нақтылылығын анықтау әдістерімен танысу.
Материал және жабдықтар: тақырыпқа сәйкес әртүрлі нобайлар,
баннерлер, кестелер, микроскоп, зертханалық құрал жабдықтар, дәнді
дақылдар.
Иммундық генетика. Жеке ағзалар
арасындағы тұқым куалаудың
айырмашылығы немесе генетикалық полиморфизм көбiнде иммунологиялық
әдістер арқылы зерттеледi. Осы зерттеулер саласын шартты түрде
иммуногенетика деп атайды.
Ауыл шаруашылық малдарына қолданылатын иммуногентика
зоотехникалық ғылымдардың iшiндегi ең жас ғылымдардың бiрi.
Иммуногенетика атауын 1947 жылы Ирвин ұсынған. Ол бұл ғылымда
иммунологиялық және генетикалық әдістердің бiрiгуiн ескерген.
Барлық тірі ағзалардың iшкi оргндары, ұлпалары және олардың
жасушаларындағы мыңдаған органикалық косылыстардың мөлшерi мен
сапасы арқашан бiр қалыпты және тұрақты болуы керек. Оны ғылым тiлiнде
гомеостаз дейдi және ол ағзадағы көптеген iшкi үдерістермен реттелiп,
сақталынып отырады. Ауа, су және тамақпен бірге милиондаған
микроорганизмдер денемiзге енiп, бiраз түрлерi
кейбiр витаминдердi,
аминқышқылдарын
жасайды.
Дегенмен,
ағзада
көптеген
зиянды
бактерияларда бар. Оларды патогендi деп атайды, Осы бактериялар белiп
шыгаратын заттар ағза гомеостазына тiкелей әсер етедi.
Иммунитет - ағзаның жұқпалы агенттерi және антигендiк касиеті бар
генегикалық бөгде заттарды кабылдамауы. Р.В. Петровтың (1983) айтуы
бойынша иммунитет ағзаның генетикалық бегде белгiлерi бар тірі денелер
мен заттардан өзiн-өзi қорғау кабілеті.
Бұл тұжырымның негiзiнде Бернеттің теориясы жатыр, ол бойынша
өзiндiк және басқаны тану иммунитеттің орталық
биологиялық механизмі
болып табылады. Иммунитеттің негiзгi кызметі - ағзаның iшкi тұрақтылығын
бақылау. Генетикалық табиғаты бөгде зттарды тану, одан кейiн оны ерекше
тежеу, бейтараптау немесе жою. Генетикалық табиғаттың дербестiгiн
сактауға ағзанiң иммундық жуйесi - лимфалық мүшелер және лимфалық
жасушалар жиынтығы жауап бередi (лат."лимпа" - шөл, жануарлардың
ағзаiнде коректік заттарды бойға тарататын сұйық зат.
Иммундык жүйе орталық және шеткі opгaндapдaн тұрады. Иммундық
жуйенің кұрамына төс астындағы сырт пiшiнi айыр тәрiздi болып келетiн
тимус, қарын aстында орналасқан көк бауыр, жілік майы, ішектерді жағалай
opналaсқан лимфалык түйiндер жатады. Бұл мүшелер денеге таралып сөл
(лимфа) тамырлары арқылы ағзаның барлық мушелерiн қамтып жатады.
Жоғарыда қан сарысуының иммундық қабiлетi туралы әңгiмеледiк. Сарысу
106
қанмен қосылып жатққан лимфа болып табылады. Иммундық мүшелердан
ағып шыққан лимфа иықтағы бұғана сүйегiнің
тұсында канмен қосылып,
онымен бiрге дененi айналып келiп, лимфалық түйiндерде қайтадан қаннан
белiнiп, иммундықмүшелерге келедi. Олар қанның сарысуында болғандықтан
ғылымдар иммунитетін гуморальдық («гумор» - суйык) теориясын жасады.
Лимфа негiзiнен лимфоцит деп аталатын жасушалардан тұрады.
Иммундық жүйенiң құдiретiн керсететін дәл осы жасушалар. Лимфоциттер
жасалатын жасушалар алғаш iште жатқан баланын бауырында пайда болады.
Одан сүйектің майына түсiп, сол жерде пiсiп жетiледi де, одан майда
лимфоциттер жасалады. Жiлiктен "шыққан" лимфоциттердің бiр бөлiгi
тимусқа жетiп, ол жерде ерекше қасиетке ие болады,
Одан шыққан
лимфоцитің Т-лимфоцит' (тимустық лимфоцит) деп атайды. Иммундық
жүйеде Т- лимфоцит әрі қарай бөлiнiп, мынадай жасушалар тобын бередi:
1) антигендi жутып, ыдыратып жiберетiн макрофаг;
2) антигендiк жасушаны өлтiретiн жасушалар - Т-киллер (ағылш. "килл" -
өлтiру деген сөз);
3) антидене жасайтын лимфоциттермен хабарласып туратын жасушалар - Т-
хелпер(«хелп»-көмектесу).
4) антидененің жасалуын тоқтататын - Т -супрессор жасушалары. Осы
айтылғандар иммунитеттің ең белсенді жасушалары болып табылады. Бұлар
еш уакытта антидене жасамайды.
Т-және Б-лимфоциттердің шығу тегі - тимус - төс сүйегінің
астындағы айырша без. Бұл без ағзаның жасы ұлғайған сайын бiртiндеп
кішірейе береді. Жатырда жатқан баланың салмағының 2 проценті тимус
болса, жаңа туған баладағы оның үлесі 0,5 процент, ал қырыққа келген
адамда небәрі - 0,01
процентке дейін төмендеп, қарт адамдарда ол мүлдем
жойылып кетедi. Адам қартайғанда аурушыл болатыны да осы бездің
жоғалуынан. Көптеген зерттеулер тимусы хирургиялық, жолмен алып
тасталған жас малдың нашар болып өсетінің көрсетiп отыр. Ондай малдарда
лимфоциттердің мөлшерi күрт азайып, иммунитеттің ешбiр белгici
байқалмайды, жұкпалы аурумен тез ауырады. Егер малдарға тимус безiн
кайта салса, ауруға қарсылығы күшейетіні анықталды, Осы нәтижелер
тимустың иммундык жүйеде ең басты рөль атқаратынын дәлелдейді.
Сонымен тимустан иммунитетте ерекше қызмет атқаратын төрт түрлi
жасушалар тобын - макрофаг, өлтiргiш, көмекшi жене тежегiш
- жасушалар
(супрессор) беретiн Т-лимфоциттер, "дайындалып" шығатынын бiлдiк. Т-
лимфоциттер соншалықты мықты болғанмен иммундық, жүйе Б-
лимфоциттер деп аталатын жасушаларсыз ағзаны бөтен заттардан қорғауы
мүмкін емес. Антиденелердi осы Б-лимфоциттер жасап шығарады. Яғни
денеге енген антигендi «сиқырлы оқ» - антиденелермен «атқылайтын» осы
жасушалар. Бұл жасушалардың Б-лимфоциттер деп аталу себебi мынаған
байланысты. 1956 жылы Глик антидене жасайтын жасушаларды алғаш рет
құстың "бурса" деп аталатын безiнен тапты. Сондыкган "бурса" деген сөздің
107
бiрiншi әріпін қосып, антидене жасайтын иммундық,
жасушаларды Б-
лимфоциттер деп атайды.
Адам және жануар ағзада бурса безi жоқ, Ал кұста сүйек майынан
шыққан лимфоциттердің бiр бөлiгi бурсада, антидене жасайтын жасушаларға
айналады. Ал адам мен жануарларда сүйек майынан шыққан лимфоциттердің
бiр бөлігі Т-лимфоцитке айналу үшiн тимусқа барса, екiншi бөлiгi Б-
лимфоциттерге бiрден айналып отырады екен. Сонымен қорыта айтқанда
иммундык жүйе ағзаны Т-және Б-лимфоциттерiнiң арқасында ғана
антигеннен қорғай алады. Қалыпты жағдайда иммундык жүйедегi Т-жене Б-
лимфоциттер бiр-бiрiмен араласпай, лимфалық түйіндердің
әр бөлiгiнде
орналасқан. Олар иммундык мүшелерден шығып қан тамырларына енгенде
ғана араласады.
Достарыңызбен бөлісу: