Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет66/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

 
Бақылау сұрақтары 
1. Табиғи сұрыптау дегеніміз не? 
2. Табиғи 
сұрыптау 
мен 
тұрақтандырушы 
сұрыптаудың 
айырмашылығы неде? 
4. Харди-Вайнберг формуласы неге бағытталған? 
5. Панмиксиялық популяция дегеніміз не? 
6. Аталық із немесе таза линия деген не? 
7. Ірі тұқым себілсе ұрпағы ірі, кішкене тұқым себілсе ұрпақтарының 
көлемі кішірейетіндігін байқаған ғалым кім? 
8. Қозғаушы сұрыптау дегеніміз не? 
Тапсырмалар: 
1. ( 33-суретте) бейнеленген суреттегі сұрыпталуды түсіндіріп беріңіз. 
2. Табында қара және қызыл түсті сиырлар бар. Бұқа қара түсті болды. 
Осы кезеңде пайда болған барлық бұзаулар қара түсті болды. Рецессивті 
түсті анықтаңыз. Олар өскен кезде осы бұзаулар қандай ұрпақ туылады? 
6.3. Сандық және сапалық белгілердің тұқым қуалау генетикасы. 
Генетикада белгілерді сапалық және сандық деп екі класқа бөледі. 
Олардың тұқым қуалау ерекшелігі және өзгергіштігінен бір-бірінен 
өзгешелігі бар. 
Шаруашылыққа пайдалы белгілер деп мал шаруашылық өнімдерінің 
экономикалық бағалыларын айтады. Кейбір белгілер, әсіресе таза қанды 
тұқымдарда, мысалы, түсі тек белгілі тұқымға тәндігін ғана көрсетеді. 
Әдетте, белгілер бір немесе шамалы ғана гендер жұбымен анықталады және 
фенотиптік жағынан бір- бірінен өте айқын айырылады. Мысалы, қара 
малдың түсі сары ала, ақ ала симментал тұқымы, қазақтың ақ бас сиыры- 
басы ақ, қызыл, қызыл ала т.б. Мұндай белгілер сапалық белгілер деп 
аталады. Ауыл шаруашылығында өсірілетін малдардың бірсыпыра белгілері 
көптеген гендер жұбының бақылауында болады, ал фенотиптер класының 
арасында айқын айырмашылық жоқ, тек қана бірте-бірте (үздіксіз) бір 
фенотиптік шектне екіншісіне қарай ауысу болады. Мұндай белгілерді 
сандық белгілер деп атайды. Оларға шаруашылыққа пайдалы белгілер
малдың туғандағы және анасынан айырғандағы салмағы, өсу жылдамдығы, 
азықты бордақылағанда нәтижелі пайдалануы, сүт өнімі, жүктілігінің 
ұзақтығы, жұмыртқа өнімдері т.с.с. Кейде сапалық белгілерді де сандық 
белгілер сияқты бағалауға болады, мысалы, мал қылшығында пигменттің 
құрамы арқылы талшықтың түсі өзгереді, бұл геннің аддитивті әрекетінен 
болады. Сандық белгі сияқты сапалық белгілерінің тұқым қуалау мысалы 


101 
ретінде Кэстл зерттеген Голландиялық үй қоянының ала реңінің тұқым 
қуалауын келтіруге болады. Біркелкі қара рең төрт доминантты аллельдерге 
А1А1А2А2А3А3А4А4 байланысы екені анықталды; ақ қояндардың генотипі 
а1а1а2а2а3а3а4а4. Бұл гендердің кейбіреулерінде аллельдер екіден көп. 
Қояндардың денесіне ақ дақтардың тарауы генотиптегі доминантты 
аллельдер санына тәуелді. Сандық және сапалық белгілердің тұқым 
қуалауында айтулы өзгеріс жоқ екендігін көрсетеді; бұл жағдайда 
айырмашалық ағза жүйлерінің өзара күрделі әректтері мен ортаның белгінің 
дамуына әсер етуіне және сандық белгілер мөлшері арқылы ағзаның 
генотипін анықтау қиындығымен байланысты. Көптеген шаруашылыққа 
пайдалы белгілер гендер жүйесінің әсерімен дамиды. Ол әсер осы гендер 
жүйесін құрайтын элементтері белгіге жанама жолмен ықпал жасайды. 
Онтогенез барысында бір ген екінші генге дұрыс және теріс бағытта 
әсер етеді. Жүннің салмағы, ұзындығы, жіңішкелігі және қоюлығы, терісінің 
қатпары арасындағы өзара теріс байланыста, ал терісінің қатпары мен жүннің 
қоюлығы дұрыс корреляцияда болады. Жалпы жүн өніміне оның қоюлығы 
мен терісінің қатпары қөбірек, ал ұзындығы - азырақ әсер етеді. Осындай 
құбылысты сиыр сүт майының мөлшерінен көруге болады, ол сүт 
мөлшерінен және оның майлылығынан тұрады, ал бұл екі көрсеткіш өзара 
теріс баланыста. 
Ақырғы көрсеткіштің бастапқыларының бір қатарынан тәуелділігі 
соңғы көрсеткіштің тұқым қуалауын зерттеу үшін алғашқы көрсеткіштерді 
мүшелеп, оларды сұрыптағанда жеке есепке алуға мәжбүр етеді. Сонымен 
қатар, ортаның әсері де бұл белгілерге бірдей емес. Мысалы, жүннің 
ұзындығы мен оның талшығының жіңішкелігі қойды азықтандыру және 
күтуге байланысты, ал терісінің қатпары немесе 1 мм
2
терідегі талшық 
фолликулаларының саны тұқымға байланысты, сиыр сүтінің майлылығына 
азықтандыру, сандық белгілерді зерттеу үшін қарапайым генетикалық талдау 
әдітерін қолдану әрдайым нәтижелі болмайды. 
Генотиптік өзгергіштікті фенотиптік өзгергіштіктен айыру үшін 
сататистикалық әдіс қолданылады. Оларды зерттеп сипаттау үшін арнаулы 
түсініктер мен математикалық көрсеткіштер (параметрлер) жасалынған. 
Ондай ұғымдар тұқым қуалағыштық және қайталанғыштық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет