Қазақстан республикасы білім


§ 16.3 Бастапқы деңгейде пландық жəне биіктік қадалау торын құру



бет115/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   133
Геодезия кітабы

§ 16.3 Бастапқы деңгейде пландық жəне биіктік қадалау торын құру


Мұндай торды құру үшін орындалған жұмыс түсірісін жа- сайды да, онда ғимараттың жəне құрылыстың барлық осьтерін, қатар белгілерді, жұмыс реперлерін, бастапқы деңгейдің нақтылы биіктік шамаларын, осьтер арасындағы қашықтықтарды жəне т.с.с. берілімдерді көрсетеді.
Бастапқы деңгейде пландық қадалау торын құру. Пландық қадалау торының түрі жəне дəлдігіне, ғимараттың қабатты- лығына, құрылыс биіктігіне жəне олардың құрылыстық шешім- деріне байланысты болады. Дегенмен негізінен торды салын- бақшы ғимарат жəне құрылыс нобайын қайталайтын, дұрыс геометриялық пішін түрінде құрады. Тордың қабырғалары ғимарат немесе құрылыс осьтеріне параллель болулары керек, себебі сызықтық өлшемдерді құрылыс осьтерінен тікелей атқа- руға немесе қадалау кезінде қатар сызықтар, полярлық жəне тік бұрышты координаталар əдістерін қолдануға мүмкіндігі болу керек. Тұрғын үй құрылысында қолданылатын ең көп тараған
түрі, ол – полигонометриялық жүріс негізінде салынған қадалау торы 143-суретте көрсетілген. 143-суретте бастапқы деңгейде A, D, 1, 7, 13 тірек қосындарына байланыстырылған, тұйықталған поигонометриялық жүріс тəсімі берілген.


143-сурет. Бастапқы деңгейде пландық тордың тірек нүктелерінің тəсімі
СНиП III-2-97 ережелеріне сəйкес, геодезиялық қадалау жұ- мыстарының дəлдігі, ғимараттар мен құрылыстырдың сипат- тамаларына жəне олардың конструкцияларына байланысты қабылданады (3.5-кестеге қараңыз). 3.5-кестедегі талаптарды қам- тамасыз ету үшін бастапқы деңгейдегі қадалау торын монтаждау деңгейінде құрылатын торға қарағанда, үлкен дəлдікпен құру керек.
Жоғары дəлдікпен орнатылатын технологиялық жабдық- тары көп, күрделі пішінді өндіріс құрылыстарын, сонымен бірге биік ғимараттарды салуда, қадалау торын бастапқы деңгейде құруды трилатерация əдісімен іске асырған тиімді.
Бастапқы деңгейде пландық тор нүктелері I, II, III,…,X (143-суретті қараңыз) арматура кесінділерімен бекітіледі немесе фундаменттің қаланған қырына, жабу плиталарының бетіне белгі ортасын үшкір затпен сызып (керн) белгілейді. Тірек нүктелері- нің санын ғимараттар мен құрылымдардың сипаттамаларына байланысты қабылдайды.
Керек болған жағдайда бастапқы деңгейде қадалау торы, ғимарат осіне қарағанда бір жағына жылжытылып қадалануы мүмкін.
Бастапқы деңгейде қадалау торы нүктелері үстімен, құрылыс алаңында орналасқан, ең аз дегенде екі реперге байланыстырылған нивелирлік жүріс жүргізіледі.
Монтаждау деңгейіне қадалау осьтерін проекциялау жəне
биіктік шамаларын беру. Көп қабатты ғимараттарда немесе қабатты құрылымдарда монтаждау деңгейіне конструкция- ларды монтаждау жұмыстарын геодезиялық істермен қамтама- сыз ету үшін бастапқы деңгейде осьтерді бекітетін тірек нүктелері шығарылуы керек. Монтаждау деңгейінде мұндай нүктелер геодезиялық негіз торын құрайды. Монтаждау дең- гейіне шығарылушы тірек нүктелерінің саны, ғимарат немесе құрылымдардың пландағы өлшемдеріне (көлеміне, аумағына) жəне құрылыс-монтаждау үрдісінің технологиясына байланысты болады.
Бастапқы деңгейден монтаждау деңгейіне қадалау осьтерін проекциялау ең көп тараған екі əдіспен атқарылуы мүмкін: көлбеу немесе тік проекциялау əдістері.
Көлбеу проекциялау əдісі дегеніміз – теодолитпен тік жазық- тық құру болып саналады. Айталық, АА/ қатарында орналасқан А/ нүктесін (144-сурет) МNP монтаждау деңгейіне шығару керек. Ол үшін теодолитті А нүктесіне орнатып, АА/ қадалау осі бағытымен бағыттайды. Осымен бір уақытта үштағанға орнатылған көздегіш А// маркасын МNP монтаждау деңгейінде, жобамен қадалау осі қатарына, сыртқы қабырға жазықтығынан 50 метрдей қашықтыққа орнатады. Əрі қарай алидаданы бекітіп, теодолит дүрбісін тік жазықтықта бұрып, А// маркасының тұсына





  1. сурет. Монтаждау деңгейіне тірек торының нүктелерін көлбеу проекциялау əдісімен беру тəсімі

келтіреді. Оптикалық немесе жіпті тіктеуіштің көмегімен А// нүктесін деңгей үстіне проекциялайды да, сызып белгілейді. Осындай істі дүрбінің екінші жағдайында атқарады. Осы екі амалда сызылған белгілер бір-бірімен дəл келмесе, онда екі сызықты ортасынан бөліп, пайда болған сызықты монтаждау деңгейіне шығарылған ось жазықтығы ретінде қабылдайды.
Монтаждау деңгейінде (қабат аралық жазықтықта – бір қабаттың төбесінде) қадалау осінің бағытын құру үшін, осындай жұмысты ғимараттың келесі (қарсы) жағынан жүргізеді. Егер ол жақта теодолитті орнататын жер тар немесе мүмкіндік болмаса, онда келесі ретпен орындайды. Теодолитті қабат аралық жазықтықтағы көздеу нысанасына орнатады да, көздеу осін А нүктесіне бағыттайды. Теодолит дүрбісін тік жазықтықта бағдарлай отырып, зенит арқылы аударады да, деңгейдің қарсы бетіне В сызығын салады (144-суретті қараңыз). Осындай істі дүрбінің келесі жағдайында атқарып, пайда болған екі сызық- тың (сызықтар көбінесе бір-бірімен дəл келмейді) ортасынан монтаждау деңгейіндегі ауыстырылған ось орнын нақтылы белгілейді.
Ізденіс негізінде көлбеу проекциялау дəлдігі, 12 қабат мон- таждау деңгейіне дейін, құрылыс осьтерін берудің нормативтік талаптарын қанағат- тандыра алатындығына көз жеткізілген. Егер ғимарат биіктігі 40 м болса, құрылыс осьтерін монтаждау деңгейіне беру отыз секундтық теодолитпен, дүрбінің екі жағдайында,
450 көлбеулікте атқарылған болса, онда есептеулер нəтижесінде істелген жұмыстың орташа квадраттық қатесі ±2 мм болады.
Көлбеу проекциялаудың дəлдігін арттыру үшін, көлбеу деңгейлі теодолитті пайдалану тиімді, бірақ кейінгі кезде көп қабатты ғимараттарда жəне құрылыстарда осьтерді

  1. сурет. Тік

қабаттарға шығару арнаулы тік проекциялау

проекциялау əдісімен аспаптары қолданыла бастады.

тірек нүктелерін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет