Қазақстан республикасы білім


-сурет. Тік бұрышты координаталар 106-сурет



бет87/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   133
Геодезия кітабы

105-сурет. Тік бұрышты координаталар 106-сурет. Тік бұрыштық əдісінің тəсілі қиылыстыру
Айталық, құрылыс торы – ОАВС шаршысының (105-сурет) ішінде ғимарат осьтерін қадалау керек, мұнда NPQF ғимарат

бұрыштарының координаталары жобада берілген. Ғимарат- тың бір бұрышының, мысалы, N бұрышын жер бетіне түсіру үшін, О тірек қосынынан жазық ОМ = х кесіндісін салады, əрі қарай ОА қатарында М нүктесін бекітіп, осы нүктеде МN = у перпендикулярын салып, N нүктесін бекітеді. Осыған ұқсас негізгі ұзынабойлық ось үстінде жатқан F нүктесін қадалайды.
NF кесіндісінің ұзындығын тиянақты өлшеп, оны жобалық шамасымен салыстырады. NF кесіндісі базистік арақашықтық болып есептеледі де, ғимараттың барлық бөліктеріндегі өл- шемдер осы кесіндіден бастап қадаланады. Бұрыштық нүкте- лердің дұрыс қадаланғандығын тексеру құрылыс торы қабыр- ғаларына дейінгі толықтыру арақашықтығын өлшеумен іске асады. Осындай тексерулердің нəтижесінде əр қашықтық екі рет өлшеніп, тексеріліп отырылады. Мысалы, N нүктесінің орнын анықтау екінші рет х/ жəне у/ координаталары арқылы есептеліп тексеріледі (105-суретті қараңыз).
Тік бұрышты координаталар əдісімен қадалау жұмыстары кездерінде негізгі қателік көздері болып: х абсциссасын жəне у ординатасын өлшеу, сонымен бірге жер бетінде тік бұрышты салу қателері. Басқа қателер: бастапқы тірек қосындарын бекіту, центрлеу (аспапты, рейканы нүкте үстіне дəл орнату) жəне редукциялау қадалау нəтижесіне көп əсер етпейді, сондықтан оларды есепке алмаса да болады. Сондықтан нүктені қадалау дəлдігін формуламен төмендегідей өрнектеуге болады


m = , (157)



мұндағы,
mS – абсцисса мен ординатты салудың орташа
S

квадраттық қатесі; mb – тік бұрышты салудың орташа квадраттық

қатесі; р – радиан. Егер х = 60,25, у = 50,43,
mS = 1:2000 жəне
S

mb = ±30// болса, онда (156) формула бойынша табатынымыз:


m = = ±0,04 м.

  1. формуланы сараптай келе байқайтынымыз, сандық мəні жағынан ең көбі mS қателігі. Сондықтан қадалау дəлдігін арттыру үшін сызықтық өлшемді тиянақты өлшеу керек екендігі байқалады.

Тік бұрыштық қиылыстыру əдісі. Өлшеу алаңында тікелей өлшеу мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті бөгетті айналып өту немесе анықталмақшы нүктелер бір деңгейде емес, оның үстіне тірек торлары қосындарынан едəуір қашықтықта орналасқан жағдайда тік бұрыштық қиылыстыру əдісі қолданылады. Мұн- дай жағдай көпір жəне гидротехникалық құрылыстарды салуда кездеседі. Бұл əдістің мəні мынада: А нүктесінің орны жер бетін- де ретімен IV жəне V-IV бағыттарынан a жəне b бұрыштарын салумен анықталады (69-сурет). а жəне b бағыттарының қиылыс- қан жерінде, іздеп отырған А нүктесінің орнын табамыз. a жəне b бұрыштарының мəнін IV-V тірек нүктелерінің координаталарын пайдалана отырып есептейді.
Бұл əдіспен қадалау жұмысының дəлдігі S базистік арақа- шықтықты өлшеу, a жəне b бұрыштарын құру дəлдігіне байла- нысты болады.
IV-V бастапқы қосындардың орналасу қателерін есепке ал- мастан, тік бұрыштық қиылыстыру əдісінің қатесі m формуламен есептеледі
m  , (158)

мұндағы mb теодолитпен бұрыш өлшеудің қатесі;


а жəне b – бақылаудың қиылысушы қабырғалары;
a жəне b – қиылыстыру бұрыштары.

  1. формуладан байқайтынымыз, sin (a + b) =1 болған жағ- дайда m ең кіші мəні. sin (a + b) шамасы нөлге ұмтылған сайын m қатесінің шамасы арта түседі. Ізденіс нəтижесінде А нүктесінің орнын анықтаудың дəлдігі b = 108028/ жəне a = 35016/ болған жағдайда қатесі ең аз шамасына жетеді.

Қалған жағдайларда, тік бұрыштық қиылыстыру əдісімен нүктенің орнын анықтау қатесі ұлғаяды.
Мысал. Берілгені: а = 50 м; b =80 м; (a + b) =1300; a жəне b бұрыштарын өлшеу қатесі ± 30//. А нүктесін қадалау қатесін (m) анықтау керек.
(158) формулаға сəйкес, табатынымыз
m 30 206265  0,766

  0,02 м.

А нүктесін қадалау қатесін еске ала отырып, (158) формуладан a жəне b бұрыштарын қандай дəлдікпен өлшеу керек екендігін анықтауға болады.
Сызықтық қиылыстыру əдісі (107-сурет). Сызықтық қиы- лыстыру əдісін жобаланбақшы С нүктесі, А жəне В тірек торлары қосындарынан қашықтық өлшегіш таспаның ұзындығынан ас- пайтын жəне де a жəне b бұрыштарының шамасы 400-тан аз емес, 1400-тан көп болмаған жағдайдайларда жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет