Қазақстан республикасы білім


§ 16.6 Кран асты балкалары мен темір жолдарын жəне фермаларды монтаждаудағы геодезиялық жұмыстар



бет119/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   133
Геодезия кітабы

§ 16.6 Кран асты балкалары мен темір жолдарын жəне фермаларды монтаждаудағы геодезиялық жұмыстар


Кран асты балкаларын монтаждаудағы қадалау жұмыс- тары. Кран асты балкалары ретінде құрама, алдын ала керілген, темірбетонды таврлық жəне екі таврлық қималы балкалар пайда- ланылады (155-сурет). Балкалар əртүрлі құя жаншылған профиль- дерден жасалуы мүмкін.
Кран асты швеллер жəне ағаш бөренелерден тұратын бал- калары үстіне бұрандалар арқылы бекітілетін рельстер жатқы- зылады (156-сурет). Балкаларды төсеніш үстіне жатқызып, уақытша бағанадағы тіреулерге сопақша тесігі бар жалбыз арқылы бекітеді. Кран асты балкалар өндіріс ғимаратының құрамына кіреді жəне бір уақытта барлық ғимаратпен бірге монтаждайды.
Кран асты балкаларын салу келесі ретпен атқарылады. Кран асты балкаларын қоймастан бұрын, мысалы, ұзынабойлық АА
жəне ВВ осьтерімен бірге, шеткі I-II жəне III-IV бағана консольдеріне балкалардың ұзынабойлық осьтерін салады (3.60 а-сурет). Ол үшін баға- налардың ішкі қырларынан кран ас- ты жолының осіне дейінгі жобалық өлшемін салады, ал олардың арасы өлшенуі керек. I жəне III нүктеле- ріне ретімен теодолит орнатып, II жəне IV дүрбіні бағыттап, барлық консольдардың тірек жазықтығына



  1. сурет. Кран асты темірбетонды балка

1 балкаларды бекітетін болат салмалар ; 2, 4, 5 консоль, бағана жəне балкалардың арасына салынатын темір салмалар; 3 бетон

осьтерін шығарады да, а1, а3,..., b1, b2 нүктелерін белгілейді. Əрі қарай қатар нүктелерден бағаналардың ішкі қырынан d кесінділерін өлшейді (157 ə-сурет). Өлшеу нəтижелерін əр бағанаға бояумен жазып қояды.





  1. сурет. Кран асты жолының қимасы

1 бетон құйма; 2 тірек
швелері; 3 рельс;
4 – қапсырма; 5 брус; 6 – болт; 7 – кран асты балкасы





  1. сурет. Кран асты балкаларының (а) жəне бағана консольдері осьтерін (ə)қадалау тəсімі

Биіктік бойынша алдын ала балкаларды жатқызу үшін кон- сольдердің тірек жазықтықтарын нивелирлеудегі берілімдерін жəне бағаналардағы ойық-сызықтардың нөлдік биіктіктерін пай- даланады. Консольдердің жəне бағана төбелерінің есептелінген биіктіктері арқылы ірі масштабта профилін салады да, сол арқылы кран асты темір жолының орташа жазықтықта орналасу деңгейін белгілейді. Орташа деңгей арқылы конструкция құрылымының астына салатын жалбыздың қалыңдығын анықтайды.
Кран асты балкаларын түзету, негізгі бағана каркасын салып болған соң жүргізіледі. Балкалардың біиіктік бойынша орна- ласуын тексеру үшін бағананың төменгі қырындағы ойық-сы- зықтың биіктік шамаларын пайдаланады. Осы ойық – сызықтан болат таспамен, кран асты жолының рельс басынан 0,3 – 0,5 м жоғары, биіктік шамасын бағана үстіне 0,5 немесе 1 м дейін дөңгелектеп шығарады. Əрі қарай нивелирді орнатататын орын іздейді, ол кран асты балкаларының деңгейінен жоғарырақ жəне кран асты жолының жобамен ортасында болуы керек. Егер кран асты балкаларының қатары бір шама ұзын болса (200 м жоғары), онда нивелирлеу үшін бірнеше тұрақ жасайды.
Нивелирді орнату үшін арнаулы орын (тиянақ) жасайды, яғни нивелир тиянағы нивелирлеушінің тұрған орнынан бөлек болуы керек. Нивелирлеу үшін қысқартылған екі жақты рейка- лар қолданылады, оларды консоль жанындағы балканың үстіне орнатады. Сонымен бірге əр бағана қырына салынған ойық- сызықты да нивелирлейді. Ойық-сызықтар арқылы салмалардың қалыңдығын тексеріп отырады.
Кран асты балкаларын түзету нəтижесінде олардың бағана консольіндегі орналасу тəсімін, кран асты балкалардың үстінгі бетінің қабылданған шамасынан қанша ауытқығанын қоса жазып отырады.
Кран асты рельстерін монтаждауды қадалау. Кран асты балкаларын орнатып болған соң, кран асты рельстерін жобалық орнына жатқызады. Рельстің бір жағын теодолитпен қатаң түрде жатқызады да, екінші жағын рельсаралық қашықтығын сақтай отырып, өлшеп жатқызады. Көпірлік кранды рельс бойымен тексере отырып, өткізгеннен кейін ғана рельсті соңғы рет түзеп салады. Кранның дұрыс істеп тұру жағдайын қамтамасыз ету үшін кран асты рельстері түзу сызықты, пареллель, жазық жəне
бір жазықтықта жатуы керек. Бұл талаптарды орындау үшін рельс осьтерін қадалауды ұйымдастырады. Рельс жолдарын қадалаудың бірнеше жолдары бар, солардың бірі – рельсаралық қашықтық, өлшеу жабдығының ұзындығынан аспайтын жағдайдағы түрін қарастырамыз:



  1. сурет. Кран асты рельстерін монтаждау үшін осьтерді қадалау тəсімі

Айталық, АВ сызығы ғимарат ішіне құрылыс осьтерін қадалау кезінде бекітілген кран асты иінінің симметрия осі (158-сурет). Алдымен көпірлік кран рельсінің осін, кран асты балкасына (Б) шығарады. Ол үшін АВ сызығына параллель l қашықтықта ab сызығын жүргізеді, мұнда ab сызығы арқылы өтетін тік жазықтық, кран асты балкасына бекітілген арматура кесіндісі
үстіндегі a/, b/ нүктелерін басып өтуі керек. d қашықтығына тең, қатар сы- зықты жоғарыға жеткенше шығарып, кран асты рельсі осінің жобалық орна- ласу жағдайын анықтайды. Рельстің екінші жағын кран жолының жобалық арақашықтығына тең етіп, өлшеп табады. Мұнда температураға, өз салмағынан

  1. сурет. Кран асты рельстері осьтерінің арасын өлшеу тəсімі

18–589
созылуға түзету шамаларын есепке алып отыру керек.
Рельстердің түзу сызықтылығына,
273

түбін (астын) ығыстыра қазып түзету арқылы қол жеткізеді. Түзетілген рельсті балкаға арнаулы конструкциялы құрсау арқылы бекітеді. Рельстің биіктігін, оның астына салынатын салманың қалыңдығын өзгерте отырып реттейді.
Егер рельстер осінің арасындағы қашықтық өлшегіш жабдық- тан артық болса, онда тіктеуіштің көмегімен атқаруға болады. Ол үшін рельс осінің бағытына перпендикуляр тақтайларды бекітеді де, олардың шет жағына а1 жəне а2 нүктелеріне ауыр тіктеуіш іледі (159-сурет). Тіктеуіштерді жазық тақтай деңгейінен төмен түсіріп, қою сұйық құйылған ыдыс ішіне түсіреді. А жəне В арақашықтығын өлшейді. Толық рельстер арасын өлшеу үшін d арақашықтығына миллиметрлік сызғышпен өлшенген, тіктеуіш жібінен кран асты балкаларына немесе рельстеріне дейінгі d1 жəне d2 кесінділерін қосады .
Кран асты балкаларын, рельстерін соңғы рет түзетіп жəне монтаждап болған соң, кран жабдықтарын пландық жəне биіктік орналасу жағдайларының тəсімін жасайды да, монтаждау жұмыстарын тапсыруға дайындайды. Тəсім үлгісі 160-суретте берілген.
Фермаларды монтаждау кезіндегі қадалау жұмыстары. Не- гізгі жабу конструкциясы болып фермалар саналады, олардың жабу ұзындығы 12, 15, 18,...., 36 м болып келеді. Фермаларды үшбұрышты полигональды, параллель белдемелі етіп жасайды. Фермалардың ең көп тараған түрі – полигональды қаңқалы болып келеді. Фермаларды монтаждау жұмыстарын қадалау, бағаналар басына бағана қатарының осін салудан тұрады. Ол үшін бағаналардың бірінің үстіне теодолит орнатып, оны шеткі бағананың ортасына бағдарлайды да, осы ось сəулесін аралық- тағы барлық бағана қатарының басына проекциялайды. Бағана үстіне ферманы орнатып болған соң, ферманың төменгі бел- демесінің жазықтығын жəне ферма жазықтығының тіктігін тексеріп түзетеді. Ферманың төменгі белдемелік жазықтығын, ферманың түйіндік (жалғасқан) нүктелерін нивелирлеу, ал түзу сызықтығын тірек түйіндері арасына сым керу арқылы түзетеді. Төменгі белдеменің төмен ойысуы (стрела прогиба) ферма ұзындығының 1/1500 қатынасындай шамадан кем, бірақ 10 мм артпауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет