160-сурет. Кран асты рельстерінің орналасу жағдайларының тəсімі 1, 2 – екі консольді жəне бір консольді бағаналар. Үшкілдермен кран асты рельстерінің осіне қарағандағы ауытқуы көрсетілген (мм); плюс (+) жəне минус (-) таңбалары бағаналардың жоғары немесе төмен орналасқанын көрсетеді (мм)
Ферма жазықтығының, сонымен бірге ортаңғы түйіндері- нің тіктігін, яғни тік жазықтықтан ауытқуын тіктеуіш арқылы тексереді. Ферманың тік жағдайынан ауытқу шамасы, ферма биіктігінің 1/250 қатынасындай шамадан аспауы керек.
Монтаждау жұмыстарының сапасы төменде келтірілген шек- тік шамаларды сақтауға байланысты.
Кран асты балкалары жəне кран асты темір жолдары құрама темірбетондарының шектік шамалары:
Іргелес бір қатардағы бағаналар үстіндегі кран асты рельс- терінің айырмашылығы (l – бағаналардың аралық қашықтығы),
0.001 l, бірақ 10 мм көп емес;
Кран асты балкалары осьтерінің, бағананың тірелген қадалау осінен ауытқуы ±5 мм;
Бір иіндегі кран асты рельс осьтерінің аралық қашық- тықтарының ауытқуы ±10 мм;
Кран асты рельс осінің, кран асты балкалар осіне қарағандағы ауытқуы, ±15 мм;
Екі іргелес бағаналар қатарындағы жəне екі көлденең қималық бағаналарының, кран асты балкаларының жоғарғы жақ биіктік шамаларының ауытқуы ±15 мм;
Бір ғимарат тұсындағы кран асты рельс бастарының биіктік шамаларының ауытқуы:
бір иінде, 15 мм;
тіреулерде, 20 мм.
Достарыңызбен бөлісу: |