Қазақстан республикасы білім


§16.7 Қабырғаларды тұрғызудағы қабатаралық жабу жəне ішкі жабдықтарды орнатудағы геодезиялық жұмыстар



бет121/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   133
Геодезия кітабы

§16.7 Қабырғаларды тұрғызудағы қабатаралық жабу жəне ішкі жабдықтарды орнатудағы геодезиялық жұмыстар


Ғимарат қабырғасын тұрғызу үшін осьтерін қадалау. Ғи- марат осьтерін қадалаудың бастапқы берілімі болып, ғимарат- тың құрылыс осьтерін салу кездеріндегі белгілер саналады. Қабырғалардың барлық ұзынабойлық, көлденең жəне олардың сыртқы, ішкі қырларын болат таспамен фундамент үстінде қа- далайды. Фундамент үстінде салынған ойық-сызықтар арасын- да бор жағылған шнурды тартып, қабырға осін немесе қабырға қырының орнын белгілейді. Ғимаратты салу кезінде жүйелі түрде осьтерді жəне қабырға қырларын теодолитпен шығарып отыра- ды. Бірінші рет осьтерді қабырға биіктігі 2 м көтерілген кез- де шығарады. Шығарылған осьтерді бояумен белгілейді жəне олардың ретін, атын жазып қояды. Мұндай белгілерден есік жəне терезе орындарын қадалау жұмыстары жүргізіледі.
Астыңғы қабаттан басқа əр қабат қабырғаларын қадалау
бағана осьтерінен жүргізіледі. Бірақ мұнда орындалған жұ- мыстың тəсімінде көрсетілген бағаналардың жобалық орналасу жағдайларынан ауытқу шамаларын есепке алып отырады. Есік, терезе, коммуникациялық ұя, қуыстардың жобалық орналасу жағдайларын тексеріп отыру керек. Мұнда шектік ауытқулар ша- маларын ұзындыққа сай, тең етіп бөліп жібереді. Шектік ауытқу шамасынан асып кеткен жағдайда, осьтерді шығару дұрыстығын тексереді.
Ғимарат қабырғалары өскен сайын, оның биіктік шамасын сол деңгейге шығарып отырады. Ярус шамасында (екі қабат ша- масында), биіктікті тік ілінген таспа арқылы береді. Шығарылған биіктік шамасын қабырғаға бояумен белгілеп жазып қояды. Жұмыс істеу сызбаларында нөлдік биіктік шамасы ретінде бірінші қабаттың «таза еден» (уровень чистого пола) деңгейі алынады, ал бұл деңгей оның абсолютті биіктігіне тең болады.
Ғимаратты кірпіштен қалау кездерінде, мұндай деңгейді барлық жұмыс істеп жатқан тұстарының əр жеріне шығарып, белгілеп қояды. Осы биіктік шамаларын кірпішпен қаланған қабаттарды түзеткеннен кейін, қабырғаның сыртқы жағына, деңгей шамасын бірдей, оңай оқылатындай етіп жазып қояды (+0,5; +1,5 т.с.с.). Бұл белгінің қатарына кірпішті биіктік бойын-
ша қалай дұрыс қалауды көрсетіп тұратын қатарлағыш-реттеуші шкаласы бар рейканы қағып қояды. Рейкадағы шкала бөліктері əр 75 мм сайын, яғни стандартты кірпіш қалыңдығы 65 мм, лай қоспасының қалыңдығы 10 мм тең шамамен жүргізіледі.
Кірпіш қалаудың жазықтығын, қатарлағыш арқылы əр кірпіш қатарына шнур тартып тексереді. Келесі қатарлағышты орнатуда оның төменгі жағын нивелир арқылы белгілейді. Бірінші қабатты дұрыс қалау келесі қабаттарды қалаудың сапа- сын арттырады. Сондықтан қалау беттерінің тіктігі, жазықтығы жəне бұрыштарының дұрыс шығарылуы, сонымен бірге қалау қатарларының жазықтығын 1 м биіктікке екі рет тексеріп оты- рады. Байқалған ауытқуларды, егер олар шектік шамадан аспа- са, қабатаралық жабу деңгейі кезінде ретке келтіреді. Қабырға қалаудың тіктігін екі метрлік рейканы қабырғаға жанастыра қойып тексереді.
Ғимарат қабырғасы қаланып болған тұсында орындалған жұмыстың тəсімі жасалады, бұл тəсім қабырғаны əрілеу кезінде негізгі құжат болып саналады. Қабырғаны осьтік ойық-сызықтан бастап түсіреді. Қабырғаның көлденең қалыңдығын, оның жо- ғары жағынан өлшеу арқылы немесе жобалық осьтер арасын- дағы ойық-сызық арқылы есептеп шығарады. Орындалған жұ- мысты түсіруде бүйірден нивелирлеу əдісі кеңінен қолданылады. Терезелік жəне есік орындарын қадалау əр қабаттағы қабырға қырларына шығарылған осьтерінен басталады. Мұндағы қадалау жұмыстарын тексеру екі іргелес осьтерден атқарылады. Каркасты (қаңқалы) ғимараттар үшін есік жəне терезе орындарын жобалық осьтерден ауытқуы мүмкін екендігін есепке ала отырып, жақын
орналасқан бағаналардан бастап қадалауға болады.
Кірпіштен салынатын ғимараттарда, іргелес терезе орын- дарының жобалық орындарынан ауытқуы ±20 мм аспауы керек, ал ірі панельді жəне блоктардан салынатын ғимаратарда ±10 мм аспайды. Осындай шектік шамалар терезе мен есік орындары- ның биіктік шамаларын тексеруде қолданылады. Көп қабатты ғимараттарда терезе блоктарының ұзынабойлық жəне көлденең осьтерін төменгі жəне жоғары қабат блоктарында, төменгі қабаттан жоғары қабаттар арасында ойық-сызықтар арқылы керілген сым арқылы белгілейді. Терезе блоктарын биіктік бо- йынша орнату үшін, əр терезе орындарына терезенің қандай биік- тікте орнатылатынын нивелир арқылы шығарып, бояумен жаза-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет