Қазақстан республикасы білім



бет122/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   133
Геодезия кітабы

161-сурет. Қабат аралық жабуды монтаждау
жұмыстарындағы ауытқулар
1 – панельдердің жазық жазықтықтан ауытқуы (6 мм); 2 – қадалау осьтеріне қарағандағы ригел жəне балкалардың ауытқуы (5 мм); 3 іргелес екі панельдің төменгі беттерінің айыр- масы (2 мм); 4 тік жазықтықтан бүйірлік аркалардың ауытқуы (3 мм); 5 – панельдің жабу астындағы тимей тұрған саңылауы (5 мм)
ды да, терезе блоктарын деңгей жəне тіктеуішті пайдалана оты- рып, жобалық биіктікке орна- тады. Терезе блоктарын орна- тудағы орындалған жұмыс тəсімін жасайды, бұл құжат атқарылған жұмысты тапсыру актісінің қосымшасы ретінде қабылданады. Есік орындарын қадалау ғимарат ішіндегі кез келген құрылыс немесе қосымша осьтерінен басталады.
Қабат араларын темірбе- тонды плиталармен жабу ке- зіндегі қадалау жұмыстары. Темірбетонды плиталармен қа- бат аралықтарын жабу алдында ригелдер осьтерінің пландық аралары тексеріледі. Плиталарды орнатпастан бұрын, балкалардың

түзу сызықтылығын, тартылған сым немесе сызғышпен анықтайды.
Темірбетонды монолит жаппалар үшін, құйма қалыптардың пландық жағдайларын құрылыс осьтерін бекітетін сызық- ойықтардан немесе бағана осьтерінен бастап белгілейді. Жабудың жоғарғы жағын, ригелдерді пісіріп бекітудегі орындалған жұмыс тəсімін пайдалана отырып, каркас ригелінің қырынан бастап орнатады. Жабу жұмыстарын бетондау қалай дəл орындал- са, соғұрлым таза еден құрылымы төзімді болады. Сондықтан жабу плитасының қалыңдығы, жобалық шамасынан ±10 мм кем болмауы керек. Жабу үшін орнатылған қалыптың жоғарғы жақ биіктік шамасын, қабырғаның немесе бағананың ішкі қырына шығарылған биіктіктерінен бастап тексереді.
Сонымен бірге жабу плитасында қалдырылған тесіктегі ағаш тығын орындарының орналасу жағдайларын тексереді. Бұдан басқа, кейбір жерлерде жабу плитасындағы арматура торының жоғары жақ биіктік шамаларын нивелирлеп, қорғаныс қабаты- ның (судан, дыбысты азайту, суықтан қорғайтын қабат) қа- лыңдығын анықтайды, мұнда қабат қалыңдығының дəлдігін
±5 мм сақтау керек (161-сурет).

Қабат аралық жабудағы қоршама қалыпты жəне монолитті бетондаудың тереңдігін, орналасу жағдайларын орындалған жұмыстың тəсімінде көрсетеді де, бұл жұмысты бетондап болған соң атқарады. Орындалған жұмысты түсіру жəне оның тəсімін жа- саудың геодезиялық негізі болып, құрылыс осьтері жəне қадалау жұмыстарында пайдаланылған нивелирлік нүктелер (реперлер) саналады. Биіктік бойынша ауытқулар көбейе бермеу үшін оны қабаттан қабатқа шығара бермей, өлшеу жабдығының барлық ұзындығын (бес қабатқа) пайдаланады. Аралық қабаттардағы ауытқуларды теңдеу төменгі жəне жоғарғы қабаттардағы репер- лердің биіктіктерін пайдаланып атқарылады
Құрама темірбетон қабатаралық жабуды монтаждау кезін- дегі жобалық жағдайларынан ауытқулар (СНиП III-В.1-97) 161-суреттегі шамаларынан аспауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет