Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.
2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.
3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж
Қосымша әдебиеттер:
4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.
5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.
6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.
7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.
8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.
№ 21 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Тыныс алу орталығы
Лекцияның жоспары:
1. Тыныс алу орталығы.
2.Тыныс алу ырғағын қамтамасыз етудегі сопақша мидың структураларының автоматикалық және рефлекторлық белсенділігінің ролі.
3.Тыныс ырғағының қалыптасуындағы рецепторлармен өкпенің афференттік жүйесінің қатысы.
4. Орталық мидағы пневмотаксикалық құрамдар, гипоталламус , ми қыртысының рецепторлары және сопақша мидағы тыныс алу орталығы араларындағы қарым қатынасы.
Лекцияның мақсаты: Тынсы алу –тотығу – тотықсыздану процестері мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Тыныс алу туралы ілімнің негізін қалаушылар М.В. Ломоносов (1775) және А. Л. Лавуазье (1777) болып саналады. Олар жану дегеніміз жанатын дененің ауа оттегісімен қосылуы- деп атап көрсетті. Сондықтан,заттардың оттегімен қосылуын тотығу, ал ажырауын тотықсыздану деп атады. Бұндай реакциялардың тірі организмдерде де өтетіндігі кейінрек анықталды. Олар биологиялық тотығу реакциялары деп атады. Соңынан біртіндеп өлі табиғаттағы жану мен тірі организмдердегі тыныс алу процестерінің арасында ұқсастықтардың бар екендігі айқындалды. Бұл түсінік бойынша тыныс алу кезінде оттегінің ткандерде сутек және көміртек атомдарымен қосылуынан СО2 ,Н2О және энергия пайда болады. Яғни, органикалық заттар диссимиляция процестеріне ұшырап, энергия бөліп шығару арқылы ыдырайды, бұл энергия организмнің бүкіл тіршілік процестеріне және өзінің құрлымын белсенді күйде ұстауға пайдаланылады. Жалпы алғанда, тыныс алу процесін былайша жалғауға болады:
С6Н12О6+6О2 6СО2+6Н2О+288І кДж / моль.
Біріншіден, бұл теңдеуден органикалық зат, глюкозаның, организм жағдайындағы және одан тыс жағдайдағы тотығуының энергетикалық тиімділігін бір екендігін көреміз.
Екіншіден, бұл теңддеуден тыныс алу процесі фотосинтезге қарама-қарсы процес екндігіне қайталап көз жеткіземіз. Егер фотосинтез кезінде органикалық зат түзіліп,
онда энергия қоры жиналатын болса, ал тыныс алу процесінде, керсінше органикалық зат ыдырап , ондағы энергия босап шығады. Шынында да ткандердің және клеткалардың тыныс алу кезнде организмде химиялық энергиялар пайда болады. Бұл процестің тыныс алу процесі деп аталу себебі, тіршілік барсында ткандермен клеткалар О2 сіңіріп, СО2 бөліп шығаруында жатыр.
Әрине, тыныс алудың мәні тек бос энергия өндіруде ғана емес, мұнда көптеген жанама, аралық және өнімдердің түзілуі үлкен роль атқарады. Бұл аталған өнімлер жалпы зат алмасудағы әртүрлі синтез процесіне пайдаланылады. Сонымен қатар сол көмір сулар , белоктар және липидтер арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет етеді. Осы тұрғыдан, энергия бөліп шығара отырып және органикалық заттың толық немесе жартылай тотығу өнімдерін түзе отырып жүретін белгілі реакциялардың жиынтығы деп, тыныс алу процесін санауға болады. Сонымен қатар тыныс алу процесі зат алмасуындағы орталық буын болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |