Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министірлігі


Түпкілікті тістердің бастамасының дамуы



бет17/51
Дата06.09.2022
өлшемі3.66 Mb.
#460291
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Есимова Р.АС ҚОРЫТУ ТҮТІГІНІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Түпкілікті тістердің бастамасының дамуы эмбриональдық дамудың 4-айының аяғы – 5-айының басында жүзеге асады. Түпкілікті тістердің өскіндері де тіс табақшасынан және астыңғы мезенхимадан түзіледі. Түпкілікті тістің ұрығы әрбір сүт тістерінің бастамасынан соң орналасады. Сүт тістерінің жарып шығуы балаларда 6-7-ші айда басталады. Бұл кезге қарай тістің сауыты ғана қалыптасып, түбірдің қалануы енді-енді бастау алады. Үлкен азу сүт тістері (молярлар) түпкілікті кіші азу тістерімен (премолярлар) алмастырылады.
Түпкілікті үлкен азу тістердің бастамасының дамуы баланың 1-4-ші жасында жүзеге асады, әуелі екі тіс те (сүт және түпкілікті) ортақ альвеолада орналасады. Содан соң олардың арасында сүйек тосқауылы пайда болады.
Түпкілікті тіс өте баяу жетіледі. Сүт тістері түсетін кез келгенде, яғни 6-7 жас шамасында, остеокластылар бұл тосқауылдарды және түсетін тістің түбірін ерітеді, ал түпкілікті тіс тез жетіле бастайды. Сүт тістері секілді, түпкілікті тістер де тіс пульпасындағы дәнекер тіннің негізгі затының түзілуіне байланысты туатын қысымның күшімен сыртқа шығарылады. Тістер жарып шыққанға дейін минеральдық (кальций, фосфор, фтор және басқалар) және қоректік заттар қаннан ғана келіп тұрады. Тістер жарып шыққаннан кейін бұл үрдістерде сілекейдің және соған сәйкес оның химиялық құрамының маңызы артады.


ТІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Әрбір тісте оның үш бөлігін ажыратады: жақ сүйегінің альвеоласында орналасқан түбірін, қызылиекпен жабылған жіңішке жолақ түріндегі мойынын, ауыз қуысына шыға орналасқан сауытын (7 сурет). Сауыттың ішінде тіс қуысы, ал түбірде осы қуыспен байланысқан канал болады. Каналдар арқылы тістің қуысына нервтер, қан тамырлары кіреді.



7 сурет.Тістің бойлай кесілген шлифі

1. тіс сауыты


2. тіс мойыны
3. тіс түбірі
4. Эмаль
а. параллельді эмаль жолақтары
б. алмасып отыратын эмаль жолақтары
5. Дентин
в. дентин каналдары
6. Цемент
г. жасушалық
д. жасушасыз
7. тіс қуысы
8. тіс түбірінің каналы

Тіс қатты және жұмсақ тіндерден тұрады. Тістің қатты тініне эмаль, дентин және цемент жатады, тістің жұмсақ тіні пульпа болып табылады. Эмаль тістің сауытын жауып тұрады. Оның ең жақсы жетілген жері – сауыттың жоғарғы бөлігі, ол жерде эмальдың қалыңдығы 3,5мкм-ге жетеді. Эмальдың құрамында аздаған органикалық заттар (3-4 % шамасында) және бейорганикалық тұздар (96-97 %) болады. Бейорганикалық заттардың негізгі бөлігін кальцийдің фосфаттары мен карбонаттары және 4 % шамасында кальций фториттері құрайды. Эмаль қалыңдығы 3-5 мкм эмальдық призмадан түзілген. Әр призманың бойында ұзынша призмалар түріндегі гидрооксиапатит кристалдары орналасқан жұқа фибриллярлық торлар болады.


Призмалар шоғырлана әрі имектеле орналасады және дентиннің бетіне перпендикулярлы дерліктей бағытта жатады. Көлденең кесіндіде эмальдық призмалар әдетте көпқырлы пішінді болады. Призмалардың арасында азырақ әктелген желімдеуші зат орналасады. Тістің бойлық шлифтерінде олардың бірі – барынша бойлай, екіншілері – көлденеңірек кесіледі де, бұл ашық және қоңыр түсті эмаль жолақтарының кезектесе орналасуына әкеледі. Бойлық шлифтарда одан да гөрі жіңішке параллельді сызықтарды көруге болады. Олардың пайда болуын призмалардың өсу мерзімділігімен және әр түрлі аймақтық әктену қарқынымен, сондай – ақ эмаль құрылымында шайнау кезінде түсетін күш факторының әсерінен туындайтын күштеу сызықтарының көрініс табуымен байланыстырады.
Эмальдың сыртқы жағы кутикуламен жабылған. Ересек адамдарда ол тістің шайнау бетінде жойылады да, тек оның бүйір жақтарында ғана сақталынады.
Эмальдың химиялық құрамы организмдегі өтіп жатқан зат алмасуға, гидррооксиапатит кристалдарының еру қарқындылығына және органикалық матрицаның қайта минералдануына байланысты өзгереді. Белгілі бір дәрежеде эмальдан су, йондар, витаминдер, глюкоза, аминоқышқылдар және тікелей ауыз қуысынан келіп түсетін басқа заттар өтеді. Бұл кезде сілекей тек әр түрлі заттардың келіп түсу кезі ғана емес, сонымен бірге олардың тіс тініне өту үрдісіне қатты әсер ететін фактор ретінде үлкен қызмет атқарады. Оның өткізгіштігі қышқылдардың, кальцитониннің, спирттің, тамақтағы кальций тұздарының, фосфордың, фтордың және басқалардың жетіспеушілігінің әсерінен де артады.
Эмаль мен дентин өзара интердигитациялардың көмегімен байланысады.


Дентин тіс сауытының, мойыны мен түбірінің көп бөлігін құрайды. Ол 28 % органикалық заттардан (негізінен - коллагендер) және 72 % бейорганикалық заттардан (негізінен – кальций фторитінің қоспасы бар кальций және магний фосфаты) тұрады.
Дентиннің көп бөлімін түтікшелермен қамтылған негізгі зат түзейді. Дентиннің негізгі затының құрамында коллаген талшықтары және олардың арасында орналасқан мукопротеиндер болады. Коллаген талшықтары дентинде шоғырлар құрайды және негізінен екі: радиальдық және бойлық дерлік немесе тангенциальдық бағытта орналасады. Радиальдық талшықтар дентиннің сыртқы қабаты – плащтық (жамылғы) дентинде, тангенциальдық талшықтар ішкі – пульпа маңы дентинінде басым келеді. Дентиннің шеткері аймақтарында интерглобулярлық кеңістіктер байқалады.
Ірірек интерглобулярлық кеңістіктер – тіс сауытында, ал кішілері, бірақ көпшілігі – түбірінде орналасып, түйіршікті қабатты түзейді, интерглобулярлық кеңістіктер дентиннің зат алмасуына қатысады.
Дентиннің негізгі заты дентин түтікшелерімен тілімделген. Олар арқылы тіс пульпасында орналасқан дентинобластылардың өсінділері мен тіндік сұйықтық өтеді. Түтікшелер пульпадағы дентиннің ішкі бетінің маңынан басталып, сәуле тәрізді таралады да, оның сыртқы бетінде аяқталады. Дентинобластылардың өсінділерінен нерв импульсын жеткізуде маңызды роль атқаратын ацетилхолинэстераза табылған. Дентиндегі түтікшелердің саны, олардың пішіні мен өлшемдері әр түрлі аймақтарда әрқалай. Олар пулпаның төңірегінде тығызырақ орналасқан. Тіс түбірінің дентинінде түтікшелер ұзына бойы тармақталады. Ал сауытта олар бүйірлік тармақтар бермейді, эмаль төңірегінде ғана ұсақ салаларға бөлінеді. Цементпен шекаралас тұста да дентин түтікшелері өзара байланысқан аркадаларды құрып, тарамдалады. Бірқатар түтікшелер цемент пен эмальға өтіп, әсіресе шайнау төмпешіктері тұсында, колба тәрізді кеңейген құрылыммен аяқталады. Түтікшелер жүйесі дентиннің трофикасын қамтамасыз етеді. Дентиннің эмальмен қосылар тұсында әдетте иректелген жиектері болады да, бұл олардың бірігуіне әсер етеді. Дентин түтікшелерінің қабырғаларының ішкі қабаты дентиннің басқа аймақтардағы заттарына қарағанда көбірек минералданған, преколлаген және аргирофильді талшықтары болады.
Дентиннің көлденең шлифтерінде шеңберленген параллельді сызықтар білінеді. Олардың пайда болуы, шамасы, дентиннің өсу мерзімділігіне байланысты.
Дентин мен дентинобластылардың арасында коллагенді талшықтар мен аморфты заттан құралған предентиннің немесе әктенбеген дентиннің жолақшасы орналасады. Радиоактивті фосфорды пайдаланған тәжірибеде анықталғандай, дентин ерімейтін фосфаттардың предентинде бірте-бірте қабаттануы арқылы өседі. Дентиннің түзілуі ересек адамда да тоқталмайды. Мысалы, дентин түтікшесінің әлсіз бағытталуымен, көптеген интерглобулярлық кеңістіктердің болуымен ерекшеленетін қосалқы (екінші реттік) немесе орынбасушы дентин предентинде, пульпада (дентикльдер) болуы мүмкін. Дентикльдер зат алмасу бұзылғанда, жекелеген қабыну үрдістері кезінде түзіледі, әдетте олар қызметтері дентикльдерді құраумен байланысты дентинобластылардың айналасында шоғырланады. Дентинобластылар олардың даму көзі болып табылады. Тұздың азғантай мөлшері дентинге периодонт пен цемент арқылы өтуі ықтимал.


Цемент тіс түбірі мен мойынын жауып, сол жерлерде жіңішке қабат түрінде орналасады, көп жағдайда эмальдың үстіне шығып кетеді. Түбірдің ұшына қарай цемент қалыңдай береді. Химиялық құрамы жағынан цемент сүйекке жақын, оның құрамында 30 % органикалық және 70 % бейорганикалық заттар бар. Ең көбі – фосфат тұздары мен кальцийдің карбонаты. Гистологиялық құрылысы жағынан жасушасыз немесе алғашқы және жасушалық немесе қосалқы цемент ажыратылады. Жасушасыз цемент – көбіне түбірдің жоғарғы бөлігінде, ал жасушалық цемент оның төменгі бөлігінде орналасады. Көп түбірлі тістерде жасушалық цемент негізінен түбір тарамдарында жатады. Жасушалық цементтің құрамында жасушалар – цементоциттер, әр түрлі бағытта жатқан көптеген коллагенді талшықтар бар. Сондықтан жасушалық цементті құрылысы мен құрамы жағынан дөрекі талшықты сүйек тінімен салыстырады. Ал айырмашылығы – қан тамырларының жоқтығында. Жасушалық цементтің құрылысы қабатты болуы мүмкін. Жасушасыз цементте жасушалар да, олардың өсінділері де жоқ. Ол коллаген талшықтары мен олардың арасында жатқан аморфты желімдеуші заттан тұрады. Коллаген талшықтары бойлай және радиальдық бағыттарда орналасады. Радиальдық талшықтар тікелей периодонтқа жалғасады да, одан әрі қарай тесіп өтуші талшықтар түрінде альвеолярлық сүйектің құрамына кіреді. Ішкі жағынан олар дентиннің коллагенді радиальдық талшықтарымен бірігеді.
Цементтің қоректенуі диффузды түрде периодонттың қан тамырлары арқылы жүзеге асады. Тістің қатты бөліктеріндегі сұйықтықтың айналымы бірқатар факторлардың есебінен жүзеге асады. Бұл әсерлерге пульпа мен периодонт тамырларындағы қан қысымының тыныс алғанда, тамақты жеп, шайнағанда өзгеруі және ауыз қуысының температурасының ауытқулары жатады. Цемент жасушаларының өсінділерінің дентин түтікшелерімен анастомоздарының болуы туралы мәліметтер белгілі бір қызығушылық тудырады. Түтікшелердің мұндай байланысы пульпаның қанмен жабдықталуы бұзылған жағдайда (қабыну, пульпаның жойылуы, түбір өзегінің пломбылануы, қуыстың бітелуі және т.б.) дентин үшін қосалқы қорек жүйесі болып табылады.
Пульпа немесе тістің жұмсақ тіні тіс сауытының қуысында және түбір түтікшесінде орналасады. Ол борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрып, үш: шеткері, аралық және орталық – қабаттарға бөлінеді.
Пульпаның шеткері қабаты айқын базофильді цитоплазмасымен ерекшеленетін бірнеше қатар алмұрт пішінді көп өсінділі жасушалар – дентинобластылардан тұрады. Олардың ұзындығы – 30 мкм, ені – 6 мкм аспайды. Дентинобластылардың ядросы жасушаның базальды бөлігінде орналасады. Дентинобластылардың апикальды бетінен дентин түтікшесіне өтетін ұзын өсінді шығады. Дентинобластылардың бұл өсінділері дентин мен эмальды минералдық тұздармен жабдықтауға қатысады. Дентинобластылардың бүйірлік өсінділері қысқа болып келеді. Қызметі жағынан дентинобластылар сүйектің остеобластыларына ұқсас. Дентинобластылардың бойынан тіс тіндерін кальцийлеу үрдісінде белсенді қызмет атқаратын сілтілі фосфатаза, ал олардың өсінділерінен – мукопротеидтер табылған. Пульпаның шеткері қабатында жетілмеген коллаген талшықтары орналасады. Олар жасушалардың арасынан басталып, әрі қарай дентиннің коллаген талшықтарына ұласады.
Аралық қабат жетілмеген коллаген талшықтары мен өмір сүруін тоқтатқан дентинобластыларды ауыстыратын ұсақ, бөліну қабілеті жоғары жасушалардан тұрады. Орталық қабат жасушалардан, талшықтардан және қан тамырларынан құралады. Бұл қабаттың жасушалық құрамының арасында адвентициальды жасушаларды, макрофагтарды және фибробластыларды ажыратады. Жасушалардың арасынан аргирофильді және коллаген талшықтары байқалады. Пульпада эластикалық талшықтар табылған жоқ.
Тістің пульпасы тістің қоректенуі мен зат алмасуына жауапты. Пульпаның жойылуы зат алмасу үрдістерін күрт тежеп, тістің жетілуін, өсуін және регенерациясын (қалпына келуін) бұзады.
Тіс жақ сүйегі альвеоласындағы периодонттардың көмегімен ғана емес, сондай-ақ көпқабатты жазық эпителийдің тіс мойыны кутикуласымен бірігуі арқасында да бекиді. Беку аймағының эпителийі қызыл иектің бүйір (кіре беріс) бетіндегі эпителийге қарағанда жұқарақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет