Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты


Басқа жігіттер аударысып ойнап келеді екен, менің ағам төмен қарап мұңайып келеді екен,— депті



бет12/15
Дата09.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#123858
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Басқа жігіттер аударысып ойнап келеді екен, менің ағам төмен қарап мұңайып келеді екен,— депті.

  • Қырық қыз-келіншектің ішінен қарьшдасыңды .«сен қалай таныдың,— дегенде:



    • Мең қыз-келіншектердің киіміне емес, өңіне қарадым. Қарындасымның өңі сынық, назары пәс екен,— депті Сырым.

    Сырым көзінің шарапшынын шешкенде:

    Бала, қара дауға жастай үйір екенсің, ұзақ жасамассың,— деп Мөңке жас адамнан жеңілгенін ауырлап, жантая қеткен екен.

    СЫРЫМНЫҢ ӘЙЕЛГЕ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

    (1-нұсқа)

    Ерте заманда Табын руынан Жетірудың Барақ деген ауылынан бір қызды арғын батырларына бір генерал күшпен тартып алып берген екен. Оңдағы мақсаты Алшын мен Арғынның екі арасын араздастырып екі жар етіп жау-ластыру болса керек. Күндерде бір күні осы Алшынның екі адамы сол Арғын жаққа барып, ауылға қайтып келе жатқанда, жолда қой бағып жүрген бір әйелге тап болып, жөн сұрайды. Сонда әйел: «Сіздер Сырым дегенді білесіз-дер ме?»— деп сұрайды. Бұлар білетін брлып шығады. Сонда әйел басындағы шаршы орамалының ұіпынан, үстіндегі көйлегінің қолтығынан екі жапырақ шүберек жыртып беріп: «Осыны Сырымға тапсырыңдар»— деп өтінеді.

    Бұлар ауылға келгеннен кейін жаңағы әйелдің екі жапырақ шүберегін Сьфымға әкеліп береді. Сьфым оны өздігінен шеше алмай, баяғы Есентемір Бөкен би мен Тана Қоске билерге әкеліп беріп, мән-жайды айтадш. Сонда Бөкен; би «мен жастаумын шй мына Қосекеңе бер» дейді. Сонда Қоске:

    • Басындағы орамалынан бергені — басым байлауда жүр, мені осы тұтқыннан құтқар дегені. Ал көйлегінің қолтығынан жыртып берсені — денеге көйлек жақын ғой, мен сенің жақыныңмын дегені,— деп шешеді.

    Бөкен мен Қоске:

    • Шырағым, сен бала болғанмен бастай едің, дауға шебер едің, қасыңа жолдас ертіп, сол әйелге барып алып қайт, бермейміз деп айтыса қалса, сол елдің Мөңке деген биі бар, соның алдына барарсың,— дейді.

    Сырым жолдастарымен Арғынның Мөңке биіне барып:

    • Сіздің қарауыңызда менің жақын қарындасым қой бағып құлдықта жүрген көрінеді. Сол қарындасымды босатып ауылға алып қайту үшін келдім,— дейді.

    Сонда Мөңке Сырымға былай дейді:

    • Өзіңмен қырық жігітті бір түстен киіндірем, біреуі сен боларсың. Ал ол жақтан қырық қызды бір түстен киіндіріп қарсы шығарам, біреуі сенің қарындасың болады. Қарсы келгенде екеуің біріңді-бірің тани кетіп, табанда көріссеңдер, қарындае сенікі, болмаса бере алмаймын,— дейді.

    • Сол қалпымен қырық жігіт, қырық қыз қарсы келгенде әлгі тұтқын әйел: ,

    • Арыстаным, аман келдің бе?— деп Сырымның қолын алады. Сонда Сырым:

    Асылым, аман жүрмісің?—деп қолын береді. Екеуі танысқаннан кейін қайтадан Мөңке биге келеді.

    Сонда Мөңке әйелге:

    • Сіз, көп адамның ішінен Сырымды қайдан таныдыңыз?— дейді. Сонда әйел тұрып:

    • Келе жатқан жігіттердің біреулері жан-жағына қарайды, ал біреулері күліп-ойнап келеді. Мына менің ағам Сырым бір қалыпта тұнжырап келеді екен. Жоқ жоғалтқандай, дұшпанда кеткен кегі бардай, түсі тұнжырап келе жатқан алшынның арыстаны осы болар деп көрістім,— дейді.

    Сырымға «сіз қайдан таныдыңыз!»— дейді. Сонда Сырым:

    • Қайғысыз адамның бетіңде жарығы бар, қайғылы адамның бетінде салығы бар, мен содан таныдым,— депті.

    Мөңке би әйелді Сырымға береді, Сырым ауылға алып келгеннен кейін төркіндері:

    • Сіз өзіңіз осы қызды жаттан алып келдіңіз, енді өзіңіз өкіл аға болып, өз қолыңыздан ұзатыңыз,— дейді.

    Сырым өз қолынан қызды ұзатып, өз теңіне Әлім Дербісәлі дегеннің баласына қосады.

    БАҚАЙ ҚАРТ ПЕН СЫРЫМ

    Сырым батыр 14 жаста Нұралы ханды шапқан себепті өкімет тарапынан жер аударылып, онан да аман-есен келген соң халқы үлкен той жасап, Сырымды хан қоймақ болады. Сонда 91 жасында көзі көрмей, нардай шөгіп жатқан Бақай дейтін сыншы қарт:

    • Ау, жаным халық-ау, бір жас балИны хан сайлайМыз деп жатырсыңдар, сол баланы маған бір көрсетіңдерші, аруағы қандай, жасы қандай екен, байқап көрейін,— дейді.

    Қарт қыңқылдап қоймаған соң, халықтың тапсыруымен Сырым келіп сәлем береді.

    Сырым дейтін сен боласың ба?— дейді Бақай.

    • Иә, аға, болсақ болармыз,— дейді Сырым.

    • Сырым сен болсаң,

    Жоқтан бар болдың.

    Айырдан нар болдың,

    Көлденең ұрып озады,

    Көнді қамқа тозады,

    Атадан ұл озады,

    Анадан қыз озады,—

    депті қарт. Сонда Сырым:

    Жоқтан бар болсам,



    Құдай берген болар.

    Айырдан нар болсам,

    Атам үлек болар.

    Көнеден дәурен озса,

    Асырауы кемірек болар.

    Көнді қамқа тозса,

    Киісі салақ болар.

    Атадан ұл озса,

    Еркіндігі болар.

    Анадан қыз озса,

    Шіркіндігі болар,—

    деген екен. Бақай би разы болып:

    • Жарайды Сырым, өмір жасың ұзақ болсын!— деп бата беріпті.



    АҚМОНШАҚ AT

    Сырымның қарт атасы Шолпан батырды төрелер қы-лыііітап өлтіреді. Шолпаннан дат іште қалып дүниеге келгесін, қара қазақ жиналып, төрелерменен арадағы зіт1 ұмытылмас үшін жас баланың атын Дат қояды. Дат атасының кегін ала алмайтын төмен, өзі тентек болып өседі.

    • Ей, Дат сенің атың заманында қойылған еді-ау, есіміңе келісің лайықты емес, тек бір қоя салынған ат еді-ау!—деп, қазақтың қарітары Датты бетіне соғып жүреді.

    Дат өсіп бір тәуір әйелге үйленеді, одан Сырым туады.*

    Сырым өеіп ат арқасына мініп, ағайын аралап жүріп Бай-бақтының Сасай дейтін атасының ауылына келеді. Келсе ағайындары қаумалап ортаға алып, жылап қря береді.

    • Мына атаңа нәлет Нуралының баласы Есім сұлтан біздің бір ағайынның Ақмоншақ деген .жүйрік атын лауға, мінемін деп ұстатып альні еді; енді бәйгеге қосып, Есімнің Ақмоншағы атанып, атағын шығарып жүр. Міне, биыл екі жыл болады, талай рет кісі жіберіп сұрадық, берер емес. Бүгінде «құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ ал» дейтінді шығарды,— дейді.

    • Ақмоншақты бір жесірге балайтын едік, бүтін Бай-бақтының атағын шығарған ат еді. Шырағым, сол атқа сен бар, саған берер,— дейді ағайындары.

    • Ей, ағайын, сіздер мені Нұралыға жұмсамаңдар, ол ит маған да .бермес. Берсе құп жақсы, егер бермесе мен онан тегін қайтпаспын бір жанжал туып кетер,— дейді Сырым. Ағайындары қаумалап болмайды, ақырында Сьфым баратын болады, барып Нұралы ханның өз үйіне түседі.

    • Сырым, жай жүрмісің, жұмысьщ не?— Дейді ^ Нұ-ралы.

    • Сіздің Есім сұлтаныңыз менің бір ағайынымның атын ұстап лауға мінген екен, оған екі жыл толыпйі. Мауқы басылса, сол аттың сүйегі болса да альш кетейін деп келіц едім,— дейді Сьфым.

    • Жарайды, олай болса Есімді шақыртып айтайын,— дейді хан.

    • Есім шырағым, мына Сырым Аққұсты сұрап келіпті, бірталай міңдің ғой, енді берсейші!— дейді Нұралы ба-ласына.

    • Ағайыннан бір ат міне алмасам, мен несіне сұлтан болып жүрмін? Мен атты беремін деп алғаным жоқ. Сырымға ат керек болса, құлаққа — құлақ, тұяққа — тұяқ алсын да кетсін,— дейді Есім.

    • Менің де есітейін дегенім осы сөз еді,— деп, Сырым табалдырықтан сыр еткізіп үйден шыға жөнеледі.

    Нұралы хан Сырым кеткен соң, Есімді қайта шақыртып алып:

    • Шырағым Есім, сен түсін, мына Сырым бір тайдың құнына келіп жүрген жоқ, бұл соғысқалы келіп жүр. Сен білмейсің, бұның атасы Шолпаң біздің бабаларымыздың қолынан жазымдалған, бұл арам соны әлі ұмытпай жүр екен, атын беру жөн болар,— дейді.

    Есім Сырымның артынан кісі шаптырып: «Келіп қонақ болып, атын алып кетсін»— дейді.

    Атаңа нәлет Есімнің есігіне бір тай үшін екі барып еңкейсем-ау! Ханыңа сәлем айт, келіп қонақ болатьга күнімді өзім айтармын,— деп Сырым қайрылмай кете барады. Ағайындарына келіп атты әкеліп берсе аларсыңдар, өздері әкеліп бермесе' енді сұрамаңдар,— деп жүріп кетеді.

    Сырым аулына келіп атын тастап, Есімнің ызасынан желмаяға мініп, ханды шабуға Сарыарқаның қазағынан көмек сұрай елге сауын айтады. Сөйтіп жүргенде елдің ақсақалдары кеңесіп, Сырымды Бақай сыншының алдынан өткізбекші болады. Сонда, екеуі кездескенде Бақайдың Сырымның қолын ұстап түрып айтқаны:

    • Иә, Сырым бала, жоқтан бар болды,

    Айырдан нар болды.

    Көнеден дәурен озды,

    Көнді қамқа тозды.

    Атадан ұл озды,

    Анадан қыз озды,

    Боздан. бурыл озды.
    Осыған тоқталмай жауап берші, шырағым,— дейді.

    Сонда Сырым батыр:

    • Иә, Бақай ата!

    Жоқтан бар болса,

    Қүдайдың'құдіреті болар,

    Айырдан нар болса, атасы үлек болар.

    Көнеден дәурен озса, күтімі кем болар.

    Көнді қамқа тозса, киюі салақ болар.

    Атадан ұл озса, еркіндігі болар,

    Анадан қыз озса, шіркіндігі болар.

    Боздан бурыл озса, жүйріктігі болар,—

    депті.

    • Ей, Сырым, әкең сенің Дат төмен, тентек, шылғауын асына малып ішетін еді. Шешең Қараторы қайратты, күндіз келген жиырма кісіні, "түнде келғен жиырма кісіні қонақ қылып аттандыратын еді. Сен шешеңе тартып туған екенсің-ау, балам,— дейді Бақай сыншы.

    • Иә, Бақай ата, әкем Дат тентек болса, болған болар, шешем күндіз келген жиьфма адамды, түнде келген жиырма' адамды қонақ етіп аттандырса, қырықтың бірі қыдыр деген онда мен қыдьфдан жаралған болармын.

    Өзін өзі езген ит,

    Өзен бойын кезген ит.

    Өзі болған жігіттің

    Түп атасын қазған ит,—

    деп еді, депті Сырым.

    Сонда Бақай сыншы сөзден жеңіліп, батырды үйіне қонақ етіп, астына ат мінгізіп, иығына шапан жауып, батасын беріп аттандырыпты.

    БАЛАБИ МЕН СЫРЫМ

    Сырым бір жылы орта жүзге барғанда сол елдің Балаби деген биіне кез келеді. Сьірым мен Балаби екеуі көп әңгі-мелеседі. Балаби Сырымға бірнеше сұраулар қояды, Сырым жауап береді.

    • Сіз ағайынды нешеу едіңіз?— дейді Балаби.

    • Мен ағайынды екеумін,— дейді Сырым.

    • Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік.

    • Сіз түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенім рас, бірақ та олардың маған қанша керегі бар? Менің ағайынды екеумін дегенім — біреуі өзім, екіншісі — халқым.

    - Сөз анасы не,

    Су анасы не,

    Жол анасы не?— дейді Балаби.

    Сөз анасы — құлақ,



    Су анасы—бұлақ.

    Жол анасы — тұяқ,— деп жауап береді Сырым.

    • Өтірік пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар?-- дейді Балаби.

    • Өтірік пен шынның арасы төрт елі. Көз бен көргеннің арасы, құлақ пен естігеңнің арасы неше щақырым деп мені алдамаңыз,— дейді Сырым.

    -- Ақылды қаңдай адамға айту керек?

    • Ақылды ұққанға айту керек.

    -- Ат не үшін шабады? ......

    Ер не үшін шабады?

    .-- Ат шабысына қарай шабады,

    Ер камысына қарай шабады.

    • Бұл дүниеде не тәтті?— дейді Балаби.

    • Аста түз тәтті,

    Адамда дос тәтті,— дейді Сырым.

    МӨҢКЕНІҢ СҰРАҒЫНА СЫРЫМНЫҢ ЖАУАБЫ

    Мөңке би Сырымға үш сұрақ қойыпты:

    Таудан бйік не бар?-



    Судан терең не бар?

    Оттан өткір не бар?

    Оған Сырым былай деп жауап қайырыпты:

    • Таудан биік көңіл бар,

    Теңізден терең ғылым бар.

    Оттан өткір қайғы -зар.

    КӨПЕС ПЕН СЫРЫМ

    Бір көпес Сырымнан: «Қазақ бай ма, орыс бай ма?»— деп сұрапты. Сырым: «Қазақ бай» депті. Сонда көпес: «Қазақ қайдан бай болады, бүтін қазақтың малы бір менің малыма жетпейді?»—депті. Сырым: «Ой, сенің байлығын бар болсын, сен бір каладан бір қалаға күндік жерге шықсаң арқаңнан қабың, қалтаңнан наның қалмайды. Қазақ айшылық жолға азықсыз шығады»— депті. Көпес ойланып қалыпты.

    СЫРЫМ МЕН ЗІЛҒАРА

    (/ -нұсқа)

    Сырым аулының бір жігіті Зілғара ауылынан қыз айттырады да, қалыңдық ойнап жүріп алатын жылы айниды. Қыз, үйде жүкті болып қалады. Зілғара мен Сырым айтысып, ұлы жүздің бір биіне жүгінеді.

    Сонда Сырым:

    • Құда болдым даңқымен,

    Сыйласуға халқымен.

    Екі-қара нар бердім,

    Қос жорғаны пар бердім,

    Үш жиырма мал бердім.

    Күміс деп айттырып едім, мыс шықты,
    Алтын деп айттырып едім, таты шықты,
    Айтуға болмайтын аты шықты.


    Сол себепті төреге барып, төбеге шығып, мұның қызын алмай жүрмін;— дейді,

    Сонда Зілғара: -

    • Рас, құда болды даңқыменен,

    Сыйласуға халқыменен.

    Екі қара нар берді.

    Қос жорғаны пар берді.,

    Үш жиырма мал берді.

    Құлындай байлады,

    Тайдай жайлады.

    Алты жыл қалыңдық ойнады,

    Алмаймын дегенді биыл ойлады,—

    дейді. Төреші Сырымға екінші рет сөз бермей: «келініңді ал!» деп кесім айтыпты.

    СЫРЫМ БАТЫР МЕН БАЙСАЛ БИ

    (2-нұсқа)

    Сырым батыр шеркеш Байсал бимен құда болысады. Сырым батыр Байсалдың баласына қыз бермек болып, бес жиырма мал алады, балалар ер жетіп, аларына келісіп, күйеу бала малын әкеліп беріп, есік ашып, ұрын келіп жүреді. Сөйтіп жүріп екі жастың ынтымағы жараспай қалады. Байсалдың баласы:

    • Әке, мен Сырымның қызын алмайтын болып келдім, енді Сырымның босағасын аттамаймын, малыңды қайтып ал,— дейді.

    • Шырағым балам, Сырым бізге мал қайырмайды, тентек болып, айрылыспалық,— дейді Байсал баласына.

    • Жоқ, әке, айтқан антым бар, айтқаным айтқан. Мал солай кетсе де, алмаймын дедім, алмаймын,— дейді баласы. Шара жоқ, Байсал Сырымға адам жібереді.

    • Құдаңыз сәлем айтты, өз көңілімде ещ нәрсе жоқ, балалардың дәм-тұзы жараспай қалыпты, малымды беріп жіберсін деді құдаңыз,— дейді Сырымға барғаң адам.

    • Өй, атаңа нәлет! Мен Байсалдың малын бағып беруге алып па екем?— деп адамдарын Сырым қуып жібереді.

    Бірер аптадан кейін Байсал құданың өзі келеді. Сырым баяғыша қонақ етеді.

    • Ал, Байсал, сенің жұмысың маған белгілі ғой, ал бұл туралы ханға барып жүгінелік, диуан саған тисе, малыңды қайырамын,—дейді, Байсал «жарайды» деп екеуі жолдастасып жүріп отырады.

    Сырым хан аулына жақындап қалғанда: ,— Ей, Байсал, екеуіміз балалар жаста құда болып, су мен сүттей араластық. Енді хан аулына барып айтысып жатсақ, ұят болмай ма? Ордада келімді-кетімді кісі де көп болар. Онан да басқа біреуге жүгінейік,— дейді. Бұны Байсал да мақұл көреді. Екеуі жолдан бұрылып, Адай-Атақозы биге жүгініске келеді.

    Сендердің араларыңда арғы-бергі сөз көп болар, оның бәрі маған керек емес, сендер бес ауыздан тақпақ сөзбен, арыздарыңды айта қойыңдар. Байсал, сен талап иесі ең ғой: Сөз алдымен саған беріледі, әуелі сен айт,— дейді Атақрзы. Сонда Байеал:



    • Сырымға құда болдым даңқыменен,

    Араласып сыйласуға халқыменен;

    Бес жиырма мал бердім бұрынғы ата-бабаның салтыменен.

    Қара нарға қалы кілем жауып бердім,

    Арғымақ жылқының асылын тауып бердім.

    Күндердің күнінде

    Алтын дегенім мыс болды,

    Мыс дегенім жез болды,

    Сондықтан малымды іздеп келген талапкермін,— дейді. ,

    • Байсалдың құда болғаны рас даңқымменен,

    Араласып сыйласқаны да рас халқымменен.

    Бес жиырма мал алғаным да рас бұрынғы ата-баба салтыменен.

    Бұның баласы үш жылдай қалыңдық ойнады,

    Құлындай байлап, тайдай жайлады.

    Өз мақсаты біткен соң алмаймын дегенді енді ойлады.

    Мен онысына көнбедім,

    Төре биді іздедім.

    Төресін әділ берер деп,

    Алдыңызға келгенім,—

    дейді Сырым.

    • Ал, шырағым Байсал, балаң үш жылдай қалыңдық ойнаған болса, малың қайтқан екен, енді саған мал тимейді. Алсаң жесіріңді аласың, алмасаң үйіңе барасың,— дейді Атақозы.


    СЫРЫМ МЕН БАЙСАЛ

    (3-нұсқа)

    Байбақты Сырымның қызын Алаша Байсал би көп мал беріп баласына айттырады. Бұлар бірнеше жыл өткеннен соң Байсалдың баласы Сырымның қызын алмайтын болады. Байсал Сырымға кісі жібереді.

    • Балам қызыңды алмаймын дейді, менің берген ма-лымды қайтарып берсеңіз екен,— деп.

    • Мен Байсалдың малын бағып беруге алғаным жоқ, алса қызымды берем, алмаса өзі білсін,— дейді Сырым.

    Сонан кейін екеуі хан алдына барып айтыспақ болады. Екеуі жолда келе-жатып кеңеседі:

    Ханның. аулында жақсы да, жаман да жиналған, ел көп болу керек, екеуміз барып ханға жүгінуіміз жараспас, біз Атақозы биге барып соның үкіміне риза болсақ қайтеді,— деседі.

    Бұл байлауға риза болысып, аттарын бұрып, Атақозы-ның ауылына келеді. Атақозыға жай-мәністерін айтқаннан кейін, Атақозы айтады:

    • Сіз екеуіңіз белгілі Сырым менен Байсалсыздар ғой, сіздер ұзақ дау айтпай-ақ, екі-үш ауыз сөзбенен қыбқаша жұмыстарыңызды айтыңыз,— депті. Сонда талап иесі Байсал мына сөзді айтыпты:

    • Қозеке мен Сырымға құда болып едім даңқымен,

    Араласып сыйласуға халқымен.

    Бес жиырма мал бердім,

    Бұрынғы ата-бабамның салтымен.

    Қалы кілем қара нарға жауып бердім,

    Арғымақ жылқының асылын тауып бердім,

    Алтын дегенім мыс шығып,

    Күміс дегенім жез шығып,

    Сондықтан малымды іздеп келген талапкермін.

    Сонан соң Сырым айтады:

    • Байсалдың менімен құда болғаны рас, даңқыммен,

    Араласып сыйласты да халқыммен.

    Бес жиырма мал бергені рас,

    бұрынғы ата-баба салтымен.

    Мұның баласы үш жыл қалыңдық ойнады,

    Құлындай байлады, тайдай жайлады.

    Бар мақсаты біткен соң,

    енді алмаймын деген қиял ойлады.

    Мен бнысына көнбедім,

    Сіздей әділ биді іздедім.

    Төресін әділ берер деп,

    Осы еді алдыңызға келгенім,

    Атақозы диуанды Сырымға беріпті.

    Мұнан кейін «Сырым мен Байсал Атақозыға жүгініп, Атақозы диуан беріпті» деген сөзді хан естіпті. Хан бұ-ларға ашуланып, Сырым мен Байсалға еш нәрсе айта алмай, Атақозыны шақыртады. Атақозы ханның аулына келсе^ хан үйінің алдында жүр екен. Атақозы келіп аттан түсіп, «бас тақсыр» деп, ханның қолын алады.

    Сонда хан қолын ұстап тұрьш, «ойда орысты, қырда қазақты олжалап жүрсең де, шыр бітпеген бір қасқа екенсің ғой»—депті де, «үйге жүріңіз» деп жүре беріпті. Сонда:

    Тақсыр, тұра тұрыңыз, үйге әлгі сөзіңіздің жауабын беріп кірейін депті де, ханның етегінен ұстай алып, мына сөзді айтыпты:



    Өлеңді жерде өгіз семіреді,

    Өлімді жерде молда семіреді.

    Қаралысының алдында қатын семіреді,

    Халқының қамын ойламаған хан семіреді.

    Сіздің семіз болуыңыз халық қамын ойламағаныңыздан болар. Мен қайтсем топтан торғай шалдырмаймын деп, қазақтың жалғыз тайын қалмаққа алдырмаймын деп, бір түнде тоғыз оянамын, тоқсан толғанамын, маған қайдан шыр бітсін,— депті.

    Хан жұмған аузын аша алмай үйіне кіргізіп, қонақ етіп, сыйлап шығарып салыпты.

    СЫРЫМ БАТЫР МЕН АҚСУАТ БИ

    Байұлының Әлім еліңде жүріп бір кісісі өлген екен. Соның қүнын алуға Байұлынан — Байбура Сырым, Есентемір Бөкен, Қылыш Кестен, Шеркеш Арыстанбай, Амандық Қаракемпір, Шеркеш Асау мен Тұрлан, Беріштен Айтуар бас болып, небәрі 12 кісі болып жүріпті. Құн алатын ауыл Бұйырған деген жайлауда отырады. Оның Ақсуат деген биі бар екен. Ақсуатқа ел тек құн мәселесімен барады екен. Би аулынан екі-үш шақырым жерге жолаушы ат байлайтын ағаш белдемесін жасатып, аулына аттылы кісі келтірмейді екен. Байұлының адамдары белдеме ағашқа келгенде, Сырым батыр:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет