Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет13/15
Дата09.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#123858
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Бұл ағашқа атты байламайық, екі-үш шақырым жерден жаяу-жалпылап баратын біз Әлімге келіңбіз бе? Неде болса ауылына атпен барып түсейік,— дейді. Ауылға келген соң, Ақсуат би алдарынан шығып:

  • Елмісіңдер, жаумысыңдар! Алдарында құрулы ағашты көрмей, ауыл үстін тал түсте шаңдатып жүрген не қылған көргенсіз едіңдер?— деп ақырыпты.

    Сонда Сырым батыр ат үстінде тұрып:

    • Ел десең — елміз, жау десең — жаумыз. Айдаладағы ағашқа атын байлап аулыңа жаяулап келетін бізді ұры деп тұрсың ба, не Әлімнің келіні деп тұрсың ба? Би, бізбенен дұрыстап сөйлес,— депті.

    • Өздерің нешеусіңдер?—депті Ақсуат даусын бәсең-

    детіп.

    • Он екі ағайындымыз,— депті Сырым мен Бөкен

    қатарласа беріп.

    Ақсуат би сонда ауыл жігіттеріне:

    • Түсіріңдер, он екі ата Байұлы атқа мінген екен,— депті.

    Аттан түсіп жайғасқаннан кейін де би еөз қата қой-маған соң Сырым:

    • Би, жөн сұраса отырайық!— дейді.

    • Менің не жөнімді сұрайсың? Өз атым — Ақсуат, жерімнің аты — Бұйырған, Әлімнің қаққан, қазығынан, маған тірелмей іс кетпейді,— депті.

    Сонда Сырым:

    • Би, жөн білсең, суатпын деп мақтанба! Су жаманы "суат, қасынан соқпақ кетпейді. Қазықпын деп мақтанба,

    мүлік жаманы қазық, басынан тоқпақ кетпейді. Жерім Бұйырған деп мақтанба! Бұйырған деген шөп болады, жеген жылқы тоқ болады. Тоқ жылқыны сойылдап алар-ман айдаса, жоқ болады,— депті.

    • Ал, жігіттер, жайларыңа түсіндім, енді жұмыстарың-ды айта отырыңдар,— депті сонда Ақсуат би.

    Сырым тақпақтап:

    Тірі малдың өзі қайтсын, Өлі адамның құны қайтсын. Өткен өрелі болсын, Қалған салауат болсын!—



    депті.

    Сонда Ақсуат:

    • Айтуыңыз рас, Байұлының бір кісісі бізден өлуі рас. Ердің құны мың қой, үлесе келсе үй басына бір қой, не қысырақ. Адамның құны 40 қысырақ, айыбы қалы кілем жапқан қара нар болсын,— депті. Байұлы осыған келісіп, бітісіп қайтыпты.



    ТАСЫП ЖҮРГЕНІМ ЖОҚ... САСЫП ЖҮРМІН

    Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алма-дың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара ал-мадың»— депті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым аман-даспай жүре береді.

    Сонда Нұралы:

    • Батыр, бұрылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау!—депті.

    Сонда Сырым:

    • Хан, тасып жүргенім жоқ, қара қазақ баласының басьш қоса алмай сасып жүрмін,— депті.


    СЫРЫМНЫҢ МАЛАЙСАРЫМЕН АҚЫЛДАСУЫ

    Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Байбақты деген руына басшы болған Бұлан деген кісі қартайған кезінде бір жиында жұртқа: «Мен қартайып жасым жетті, мына алдымдағы піскен қойдың басын біреуің келіп ұстап, Байбақтыға бас болып, елді бастаңдар»—депті. Сонда жұрт қаңтарылып кідірген соң, аяқ жақтан Сырым шығып:

    • Бәлі аға, би де, басқарушы да, бастаушы да болам,— деп Бұланның алдына келіп отырыпты.

    Сырым сонда 20 жастағы уыздай жігіт екен. Хаған қарт батасын беріп, содан бастап Сырым Байбақтыға би болыпты.

    Сырым содан кейін елдің қарияларынан ақыл алу үшін атқа мініпті. Қараман, Тана, Малайсарьі биден ақыл, бата алуға жолға шығыпты.

    Малайсарының аулы төменгі Тоиайды қаласының аузында екен. Малайсарының шаруасы шағын болса керек. Ауылына келгенде қарт азғантай қойының алдында тұр екен. Сырым сәлем беріп:

    Аға, кім болдыңыз!— деп сұрапты,



    Малайсары:

    Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй Танамыздағы,— депті. Сонда Сырым:

    • Тананың қайсысысың. Жеті үй — Жиембетпісің? Бес үй — Бессарымысың? Тышқан құлақ — Асанбысың? Төлеуден алған — Құнанбысың?— дегенде, Малайсары:

    • Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың! Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген бір баласы желігіп атқа мінді деп естіп едім. Сен, сірә, сол бала боларсың!—депті.

    Сонда Сырым:

    • Бәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда Сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған бір шалы ғой деп күлкі қылайын, ұтылсам, ат мінгізіп, шапан жауып, батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз — мына астымдағы ат, шапаным мынау!— деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті. Малайсары екеуін де алмай, былай депті:

    • Шырағым, үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең халқың соңыңнан қалмас, ұмытсаң артыңа ермес. Ол үш сөз: ұят, борыш, обал! Одан кейінгі бір ақылым: «Жақынды жаралама, Алысты қаралама!»


    ТҰЯҚҚА Т¥ЯҚ
    Орта жүз бекг кіші жүздің арасында бір барымта дауы болып, орта жүз адамдары неіііе рет келіп малын ала алмайды. Соңғы рет келе жатқанда жолаушыларға Сырым жолығып, жөн сұрапты.

    • Уа, ағайындар, жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушыларсыңдар?— дейді Сырым.

    Жолаушылар жай-мәнісін айтады. Сырым қосыла жүреді. Кіші жүздің ханына келіп, елдің дауын айтады, бірақ екі елдің арасы бітімге келе алмайды. Сонда Сырым екі ел арасының бітімін көздеп ханға:

    • Бір дауды шеше алмасаң, несіне хан болып отырсың, құлаққа құлақ тұяққа тұяқ емес пе?—дейді.

    Хан сөзден тосылып, малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, орта жүзді разы ғып қайырыпты.

    НҰРАЛЫ МЕН СЫРЫМНЫҢ ҚҰДАЛЫҒЫ
    Нұралы хан мен Сырым екі жақ болады. Кедейлер Сырым жағына шағып, ал байлар мен төрелер Нұралы жағына шығып, ел екіге бөлініп, көтеріліс бола берген. Сол замандағы билер мен ақсақалдар Сырым мен Нұралыны табьістыру үшін Нүралының баласы Құлтайға Сырымның Қансұлу деген қьізын беретін болып, Нұралы мен Сырымды құда қылады. Құда болғаннан кейін де Нұралының билігіне, берген төресіне Сырым қарсы келе береді.

    Бұл қүда болғанмен дұшпаңдығын қоймайды екен,— деп Нұралы Сырымды тұтқынға алмақ болып, Оралдың губернаторьіна шақыртады. Сырымның Оралға кетуімен байланысты Нұралының баласы Сырымның қызына барып. қол ұстамақ болады, қыздың жеңгелері қазақ әдетін жасамақ болады. Сонда қыз: «Мен ол ханның баласына бармаймын, аулына қайтып жүре берсін»— дейді.



    Нұралының баласы: «Қыздың қояр не кінәсі бар екен,, өзі келіп менімен сөйлессін»—дейді. Қыз келеді, сонда Құлтай:

    • Маған қояр қандай кінәң бар, менсінбейсің бе, теңсінбейсің бе?— дейді.

    • Мен сенімен жолдас бола алмаспын. Қасқыр мен қойдың жолдас болғанын қайдан көрдің? Сенің әкең менің әкемнен артық емес, хандығы болмаса, ал сіз менен артық емессіз, еркектігіңіз болмаса. Сенің әкең менің әкемді, Оралдың. түрмесіне жабамын деп жүргенде, мен саған қандай пәнде болмақпын,дейді қыз.

    Ханның баласы Құлтай сөзден ұтылып, ауылына келіп, жай-мәністі шешесіне баяндайды. Нұралының әйелі Оралға кісі жіберіп, Сырымды босатуды сұрайды. Нұралы Сырымды босатып алады. Енді Сырым дәлелі болмай қызын Нұралының баласына бермек болып жүргенде, ханға қарсы тағы көтеріліс басталады. Сонда Сырым:

    «Нұралыны өлтірсеңдер де баласы Құлтайды өлтірмеңдер, бата бұза алмаймын» деп тапсырады жолдастарына.

    Сырымның жинаған қолы Нұралыны шапқанда Құлтай төрелердің әскерімен бірге қашады. Сөйтіп жүргенде Сұл-тансымақтың алаша руынан шыққан аталықтың балалары Құлтайды өлтіреді. Сырымның қолына қосылмай, төрелердің әскеріне барып босқа өліп қалғандықтан «Құлтайдың сорындай» деген сөз халық аузында мақал болып қалған.

    Содан кейін Сырым қызын Адай Мәмбетәлі деген батырдың баласына береді. Сырымның ондағы ойы Адайды өзіне қаратып, көтеріліске жақтастарын көбейту болған.

    СЫРЫМ МЕН НҰРАЛЫНЫҢ ҚАҚТЫҒЫСУЫ

    Нұралы хан Сырыммен жарасқысы келіп, араға кісі салып, ордаға шақыртады. Сырьш Нұралының елшісіне екі сұрақ қояды:

    • Құс көлге бара ма? Кел құсқа бара ма?

    • Әрине, құс көлге барады,— дейді елшілер.

    • Қонақ ордаға қеле ме? Орда қонаққа келе ме?

    • Әрине, қонақ ордаға келеді.

    • Ендешедейді Сырым.— Халық — көл, хан —- құс. Ел — орда, хан — қонақ.

    Көл құссыз да күнелтеді, құс көлсіз күнелтіп көрсін. Орда қонақсыз да өмір сүреді, қонақ үйсіз өмір сүріп көрсін. Менің ханда ісім жоқ, ісі болса өзі келсін!

    Сөзден тосылып, жолдас-жораларымен Нұралы хан Сырым батырға келеді. Сырымның аулы отырған жерде биік қара төбе болады екен. Хан мен батыр сол төбенің басында жолығыс жасайды.

    • Аттың торысы көп пе, төбелі көп пе?~ дейді Сырым.

    • Әрине, торысы көп,— дейді Нұралы.

    • Зордан да зор бола ма?— дейді хан.

    • Зордан да зор шығады.

    Екі көзің сонда шығады,— дейді батыр. Сырым Нұралының аузын аштырмайды, бір сөзін асырмайды. Халық пен хан арасындағы бұрыннан білтелі жара бітіспей, қайта шиеленісе түседі. Сырым қарттармен ақылдасып, халықты күреске әзірлей береді.

    СЫРЫМ БАТЫРДЫҢ НҮРАЛЫ ХАНДЫ ШАПҚАНЫ

    (2-нұсқа)

    Сырым жас өспірім бала күніңде-ақ қой бағуды қойыпты. Жігіттік дәуіріне жетісімен хан, билердің кеңесінде болып, билікке кірісіп сөз айтпағанмен, сөзін тыңдап отыруға құмар болыпты.

    Бір күні ханның ордасында бір жұмыспен жиналып отырған қазақтардың біреулері ханның ілулі тұрған ішігін көріп:

    «Жарықтық, бұл нендей аңның терісі екен»— деп таңырқасады. Сонда хан отырғандарға жекіріп: «Атаңа нәлет қазақ деген неткен көргенсіз халықсыңдар, бір тышқанның терісіне сонша неге естерің кетті?»— дейді. Сырым сол жерде ханның сөзіне шыдай алмай ұшып тұра келіп:

    Япырмай, мына сарттың тасуын қара, қазақты аяғына басуын қара! Құдай тағала 6666 аяғы, 114 басы бар бір мақұлық жаратты, сен соны білемісің? Үш күннщ ішінде осы сөздің мағынасын тап, егер таппасаң басыңды аламын,— депті де, дойырын табалдырықтан шұбатып, үйден шыға жөнеліпті.



    Сырым әр жақтағы Асан Таубай дейтін биден ақыл сұрапты: «Ңұралы хан солай деді, мен былай дедім» деп. Сонда Таубай: «Хан тасқан екен, оиы шаппақ керек» деп ақыл айтыпты. Сонан соң Нұралы ханның ұлын Үрым­ға, қызын қырымға жіберіп, Сьфым батыр іпауып альшты. Нұральгқашып Уфаға тығылып, ақырында сонда өліпті Сырым батыр 34 жас шамасында Нұралы ханды шапқан себепті үкімет тарапынан жер аударылып, онан аман-есен қелген соң, ханға қарсы күресті бұрынғыдан да күшейте түсіпті.


    СЫРЫМНЫҢ ҢҮРАЛЫ ХАНДЫ ШАБУЫ

    Сырымның жинаған қолы Нұралыны шапқанда Құлтай төрелердің әскерімен бірге қашады. Сөйтіп жүргенде Сұл-тансымақтың алаша руынан шыққан аталықтың балалары Құлтайды өлтіреді. Сырымның қолына қосылмай, төрелердің әскеріне барып босқа өліп қалғандықтан «Құлтайдың сорындай» деген сөз халық аузында мақал болып қалған.

    Содан кейін Сырым қызын Адай Мәмбетәлі деген батырдың баласьіна береді. Сырымның ондағы ойы Адайды өзіне қаратып, көтеріліске жақтастарын көбейту болған.

    СЫРЫМ БАТЫРДЫҢ НҰРАЛЫ ХАНДЫ ШАПҚАНЫ

    (2-нұсқа)

    Сырым жас^өспірім бала күніңде-аққой бағуды қойыпты. Жігіттік дәуіріне жетісімен хан, билердің кеңесінде болып, билікке кірісіп сөз айтпағанмен, сөзін тыңдап отыруға құмар болыпты.

    Бір күні ханның ордасында бір жұмыспен жиналып.4 отырған қазақтардың біреулері ханның ілулі тұрған ішігін көріп:

    «Жарықтық, бұл нендей аңның терісі екен»— деп таңырқасады. Сонда хан отырғандарға жекіріп: «Атаңа нәлет қазақ деген неткен көргенсіз халықсыңдар, бір тышқанның терісіне сонша неге естерің кетті?»— дейді. Сырым сол жерде ханның сөзіне шыдай алмай ұшып тұра келіп:

    Япырмай, мына сарттың тасуын қара, қазақты аяғына басуын қара! Құдай тағала 6666 аяғы, 114 басы бар бір мақұлық жаратты, сен соны білемісің? Үш күннщ ішінде осы сөздің мағынасын тап, егер таппасаң басыңды аламын,— депті де, дойырын табалдырықтан шұбатып, үйден шыға жөнеліпть



    Сырым әр жақтағы Асан Таубай дейтін биден ақыл сұрапты: «Ңұралы хан солай деді, мен былай дедім» деп. Сонда Таубай: «Хан тасқан екен, оиы шаппақ керек» деп ақыл айтыпты. Сонан соң Нұралы ханның ұлын Үрым­ға, қызын қырымға жіберіп, Сьфым батыр іпауып альшты. Нұральгқашып Уфаға тығылып, ақырында сонда өліпті Сырым батыр 34 жас шамасында Нұралы ханды шапқан себепті үкімет тарапынан жер аударылып, онан аман-есен қелген соң, ханға қарсы күресті бұрынғыдан да күшейте түсіпті.

    СЫРЫМНЫҢ ҢҮРАЛЫ ХАНДЫ ШАБУЫ

    (3нұсқа)

    Сырым Жайық беріші Алдар бимен кеңеседі. Ол туралы ел аузында мынадай сөз сақталған: .

    Хандардың ең ақыры Нұралы еді,

    Төренің «Арқар» деген ұраны еді.

    Хан ұлын батыр Сьфым шабарында,

    Ақылды Алдар биден сұрап еді.

    Нұралы ханды шабамын деуің дұрыс. Ол халықтың қас дұшпаны екені рас. Оны шабу үшін тайың құнан шықсын, құнаның дөнен шықсын,— депті Алдар би. Онысы бір-екі жыл әзірлену керек дегені екен. Күш жиып, ханды шабу үшін ру басы адамдарының аттарын атайды. «Солар арқылы қол, қару-жарақ жйнап аттанғайсың?»—дейді қарт. Аталған ру басыларының ішінде Беріштің Жонбай себегі Саржала бар екен. Оны атағанда Сырым Саржаламен көңілдері қоңырқай болып жүргенін айтыпты. Оның мәнісі былай болса керек, Сырым батыр әкесі Дат қайтыс болған соң, оның сүйегін Беріштің бір атақты қорымына қояды. Басына биік етіп мола соғады. Даттың моласы алыстан көрінеді, қорым Даттың атымен атала бастайды. Мұны естіген Беріштің биі Саржала 40 адаммен барып, Даттың моласын құлатып, тасын ұсатып айнала шашады да, Беріштің моласын сылап-сипап қалпына келтіріп қайтады.



    Сырым батыр Саржаланың бұл ісіне іштей наразы болып жүреді екен. Соны айтқанда Алдар би: «Саржала екеуіңнің араларыңдағы болған көңілдің қоңырқайлығы халықтың қас дұпшаны Нұралыны шабуға кесірі жоқ. Негізгі мақсат ханды құрту ғой! Оны орындап шығу үшін Саржалаға барып айту керек. Ол елден қол жинасып көмектеседі!» деген. Ақырында «қартайьщ отыр» деп ханға қарсы аттанарда шалынды ұмытып кетпе, мен де күресіңе үлесімді қосамын,— депті қарт.

    Елден қол жинап болып, Сырым батыр Алдар биге келсе, қару-жарағымен, ат-азығымен жүз жігіт әзірлеп қойған екен. Жинаған қалың қолмен барып Сырым Нұралы ханды шабады. Үлын ұрымға, қызын қырымға жібереді. Ханның қатын-баласының ішінен тек бір ханымды ел Сырымнан сұрап алып қалады. Оның аты Жұмсақ ханым деседі. Ал Нұралы ханның қарақан басы қашып құтылып, Жайық бойындағы казак-орыс байларына барып тығылады.

    СЫРЫМ БАТЫРДЫҢ ХАНДЫ ШАБУЫ
    Нұралы атасы Әбілқайыр хан дүниеден қайтқан соң оның орнына Жайықтың шығыс бетіндегі кіші жүз нәсілдері — Әлімұлы, Байұлы, Жетіруға хан болып тұрады. Нұралы Руссия патшасына қадірлі хан болып, сырт би-лікті Руссия патшасьша беріп, елді қысьш, мықтап ұстайды. Өзі даңқты, әрі білімді, бай һәм саясатқа жетік болады. Көп әйел алып, отыз ұлды, қырық қызды Нұралы хан атанады. Әр қатынның баласы басқа-басқа тәрбиеде өседі. Балалары ер жетіп, өз тізгінін ұстаған соң олардың жақсылары да, жамаңдары да байқала бастайды. Мысалы, бір қатынның баласы Бөкей кіші жүздің бір тармағын билеген. Енді бір қатынның баласы Қаратай, Есім, Орман — «бес бөрі» атанған сотқар болған. Енді бір қатынның баласы Сығалы, Қисық дегендер өте тентек, ел бүлдіргіш болған, тағы сол сияқтылар. Сығалы, Қисық «хан баласымын» деп елге азар береді, еріксіз мал сойғызьш, қыз-келіншегі бар үйге ықтиярсыз қонады. Біреудің тәуір малы болса, - берсе қолынан, бермесе жолыңан қолдап алады, ондай малдарын халық ханға айтуға қорқып, кіші жүз Байұлы Байбақты руынан шыққан Дат баласы Сырымға айтады. Сырыммен хан құда екен. Сырым Нұралының Есімхан деғен баласьша қыз берулі. Сырым Нұралыға балаларының елге берген жәбірін айтып, тыйым салуын талап етсе, Нұралы «балалардың ойын-күлкісін айтьш не керек» деп, Сырымның сөзін аяқсыз қалдырады. Екінші, ханның өзі де елдің жарамды атын қоймайды һәм үй басына алым-салық салады. Үшіншіден, Нұральщың бел баласы, Сырымның күйеу баласы Есімхан Сырымның аулына келіи қонак, больш жатьш, түнде Сырымның қызының бір тұлымын Ісесіп әкетеді. «Есімханды ұстап берсін» деп Сырым Нұралыға кісі жібереді. Бірақ оны Нұралы хан тыңдамайды. Сөйтіп батыр мен хан араз болып, ел арасында жік шығады, ел қозғала бастайды. Ақырында Сырым Хиуаның ханына барып, ханның қазысынан:

    • Әділ болуға шартпен тұрған ханды өлтірсе құны не болады?—деп сұрайды. Сонда хаңның қазысы айтады:

    • Әділ болуға шартпен тұрған ханды өлтірсе, оңың құнын төлеуге дүние жетпейді,— дейді. Сонда Сырым айтады:

    • Егерде сол шартпен тұрған хан шартынан айнып, екі заңға бірдей қарсылық етсе, оның құны не болады?— дейді. Сонда қазы айтыптьі:

    • Екі заңға бірдей қарсы болып, шартын бұзған ханды өлтірсе, оның құны жоқ,— депті.

    Сонан кейін Сырым елге келіп жігіттерге жел беріп, көп халықты ұйымдастьфып, Нұралыны шаппақ болып аттанады. Бұл хабардк есітіп, Сырыммен қарсыласуға төтеп бере алмай һәм үкіметтен жәрдем ала алмай Нұралы хан қашады. Сол қашудан қайта орнын көре алмай Уфа шәһәріне барып, башқұрттармен бірге болып, ақырында сол башқұрттардың арасында дүниеден қайтады. Сырым Нұралының ауылын шауып, Есімхан деген баласын өлтіріп, Нұралының орнына 1785 жылдан кейін «хан» болады. Сырым қазақ халқына жағымды жақсы хан бола тұрса да, Руссия патшасына бағынбай, үкіметпен қарсы болып, ақы-рында жауласып, өкіметтен жеңіліп, Хйуаға ығысьш кетеді. Хиуаның ханымен дұрыс тұра алмай, әр түрлі амал-қулық-тарына қарсы больш, амал көрсеткен себепті ақырында зынданға алынып, сол түрменің ішінде өз қолымен у ішіп, дүниеден қайтқан екен, қабірі сол Хиуа шәһәрінде.

    ХАН МЕН СЫРЫМ

    Хан Сырымнан:

    • Өтірік пен шындық арасы қандай?—деп сұрадты,

    • Өтірік пен шындық арасы төрт-ақ елі. Құлақ естіген өтірік, көз көрген рас,— дейді Сырым.

    • Жазғытұры жер бетінде 60 түрлі қурай шығады, қайсысы асыл болады?—депті хан.

    -— Көкпек деген шөп асыл болады. Басқасы күзде қурап, ұшып кетеді. Бұл қыста да көктеп тұрады, азбайды,— деп жауап беріпті Сырым.

    • Тым сөзің көп екен,— депті хан.

    • Сөзі көпті айыптасаң 220 қағазы, 440 беті бар құранды айыпта. Менің сөзім құранның сөзінен көп емес, кем де емес,— депті сонда Сырым батыр.


    ХИУА ХАНЫ МЕН СЫРЫМНЫҢ ҚАҒЫСУЫ

    Сырым қалың қолмен Ңұралыны шауып алысымен ханға патшадан көмекке көптеген солдат келеді. Сырымды әскерлер жеңіп, Сырымның бірнеше жолдастарын тұтқьшға алады. Сөйтіп Сщрым бастаған көтеріліс басылады. Қалған жолдастарымен Сырым бұл жақтан кетіп, Түрікпен, Бес-қала, Хорезм қалаларына барып көмек сұраиды., Ханды қайта шаппақ болады. Бірақ ол жақтың хандары мен бектерінің көпіпілігі төрелер екен. «Еңбектен қашеа дөң-бекке» дегендей, ол жақтағы төрелермен жауласып, бұл жақтан көмек алам десем, бұл жақта да төрелер екен ғой,— дейді Сырым батыр. Ол елдің де төрелерімен, хандарымен үйлесе алмайды. Нашар адамдарға зорлық жасағанына шыдай алмай хандарға қарсы шығады. Артына ерген ел адамдары жорықтан қажып, елге қайта бастайды.

    Хорезм хандары Сырымды озса құтылу, қалса өлтіру әрекеттеріне кіріседі. Бір күні Хорезм хандары мен билері мешітте намаз оқиды. Намаз артынан қол жайып батиқа жасағанда Сырым бұшпақ ішігінің жеңімен бетін сипайды. Сонда хандар:

    • Әй, қазақ, сен батаны жеңіңмен жасағаның қалай?— дейді.

    • Менің жеңімнен бата өтпей қалса, сендердің оқыған намаздарың мешіттен өтпей қалады ғой дейді Сырым.

    Күндерде бір күні хан Сырымды сөзден тоқтату мақсатымен:

    • Әй, қазақ ағайын, сіздің елдің тілдері қалай? Жалғама сөздер көп болады екен. Мысалы жігіт-мігіт, ас-мас, қыстау-мыстау дейді. Ол не сөз?—дейді.

    Ханның сұрауларына Сырым былай деп жауап берген екен:

    Қазақ балуанға түскенде жықса, ел үшін еңбек етсе, елін жауға алдырмаса, соны «жігіт» дейді. Жоғарыдағы айтылғандар қолынан келмесе оны «мігіт» дейді.

    АЛДАР БИДІҢ СҰРАУЫНА СЫРЫМНЫҢ ЖАУАБЫ

    (2-нұсқа)

    Сырым Есімханды өлтіріп келгенде, Алдар би:

    Қарадан хан болдың,



    Айырдан нар болдың,

    Жоқтан бар болдың.

    Көнеден дәурен озды,

    Кандей қамқа тозды.

    Атадан ұл озды, ,

    Анадан қыз озды,—

    депті.

    Сырым сонда былай деп жауап қайырған екен:

    • Қарадан хан болсам,

    Халқым қалаған болар.

    Айырдан нар болсам,

    Атам жараған болар.

    Жоқтан бар болсам,

    Құдайым қараған болар.

    Көнеден дәурен озса,

    Жасы жеткен болар.

    Көндей қамқа тозса,

    Күтімі кеткен болар.

    Атадан ұл озса,

    Еркіндігі болар,

    Анадан қыз озса,

    Еркелігі болар.

    Сонда Алдар би: «Жарайсың балам, жарайсың, қадамың қайырлы болсын!»— деген екен.
    СЫРЫМНЫҢ ҮРГЕНІШ ШЕШЕНІМЕН АЙТЫСЫ
    Сырым Үргеніштің ханына барып, жүз көріс қылған, хан Сырымның атағын сырттан: «Қазақтың өзі шеыіен, өзі батыр кісісі» деп есітеді екен. Хан Үргеніщ шешені мен Сырымды айтыстырыпты.

    Үргеніш шешені:

    • Сөз анасы не?

    Су анасы не?

    Жол анасы не?—

    деп сұрайды.

    Сырым батыр:

    • Сөз анасы құлақ,

    Су анасы бұлақ.

    Жол анасы тұяқ!—

    деп жауап береді. Үргеніш шешені:

    • Дау мұрады не?

    Жауда мұрады не?

    Қыз мұрады не?

    Жол мұрады не?—

    дейді.

    Сырым Батыр:

    • Дау мұрады — біту,

    Сауда мұрады — ұту.

    Қыз мұрады — кету,

    Жол мұраДы — жету,—

    дейді.

    Үргеніш шешен:

    • Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не?—деп сұрайды.

    Сырым батыр:

    • Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз?— дейді.

    Үргеніш шешені: ,

    Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме?—



    дейді.

    Сырым батыр:

    • Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді,—дейді.

    Үргеніш шещені:

    • «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген, сіз қонақсыз, өз елінізге барғанда біздің халықты қандай ел көрдім деп барасыз?— дейді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет