ТҮЛКІ ДАУЫ
Ел көшіп келе жатса, көштің алдынан бір түлкі тұра қашады. Жаягбіткен жабьіла қуып, бәрі жете алмай қалып қояды. Астында жүйрік Керітөбел денені бар Қыпшақ Ізбасты бала түлкіге жетіп, еоғып альго, қанжығасйна байлап жатқанда, артынан көпшілік келеді.
-
Уа, бала, аң басы жуық! Соғып алған олжаң қайырлы болсын! Қанжығаңа неге байлап тұрсың? Бұрынғы ата-бабаның жолы бар, аты жеткен соғатын, жасы үлкен байланатын, ол жолды қайда тастайсьщ?—дейді.
-
Алғашқы тьфнақ алдым еді, олай десеңіздер, тө-решіге бармай түлкі бермеймін,— дейді Ізбасты. Сонда үлкендер тұрып:
— Көштің байсал тапқаны,
Көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны,
төрешіге барғаны,
Барсақ — барайық,—
дейді.
Самар ханға келіп үлкендер шағым еткен соң, хан Ізбастыны шақырып:
-
Бала! Ата-ананың жолынан шығып, олжаңды үл-кендерге байламағаның қалай?— дейді. Сонда Ізбасты бала:
— Ойдан қашты бір түлкі,
тауға қарай дем алмай.
Жабыла қуды көп кісі,
Бәрі қалды ере алмай.
Сол түлкіні кім алар,
Жетіп соққан мен алмай.
Ағайыннан дұшпан жоқ,
Алдына салып айдап жүр,
Бір түлкіні көре алмай.
Ұялып ханым, жүрмеңіз,
Төресін түзу бере алмай!—
дейді. Сонда хан отырып:
—Аты озған алады,
Жасы үлкен байланады.
Осы бала бір күңдеріңе жарар,
Алдынан сөздерің де тарар,
Түлкі баланыкі,
Шуламай тарандар,—
депті.
ҰЛАН ТҰЗ САҚТАЙДЫ, ҰРҒАШЫ ІН САҚТАЙДЫ
Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгініске келіп, біреуі:
-
Түлкіні мен қырдан қуып келіп індетіп едім,— дейді.
-
Бұл кісінің зерлеп қуып келгені өтірік, менің жерімдегі түлкі,—дейді екінші қісі.
Би екі даугердің сөздерін естіп болған соң:
-
Бұның билігін Төле берсін,— деп баласына жібереді. Даугерлер Төлеге келсе, бір шыбықты ат, бір шыбықты қамшы етіп, үй ішінде «айтшулеп» ойнап жүр екен. Даугерлер өзді-өзі кеңесіп:
«Бидің бізді жас балаға жібергені қалай? Біздің дауымызды ұнатпағаны ма? Бірақ жібергесін айтып көрейік»— деп, балаға жүгініске келген дауларын айтады. «айтатын дауымыз бар» деген соң жүгіріп жүрген бала тұра қалып:
-
Олай болса, айтыңыздар,—дейді. Екеуі арасындағы түлкі дауларын айтып болған соң бала астындағы атын айдап, «айтшу!» деп жүріп кетіп тоқтап, былайша билік айтады: ,
-
Түлкі еркек болса сенікі дейді, алғашқы «қырдан қуып келіп індеттім» дегенге; «ұрғашы болса сенікі» дейді, «менің жерімдегі түлкі» дегенге. Бұл сөзге екі даугер түсінбей:
-
Бұл қалай, әкесі мазақ қылып жіберіп еді, баласы
да мазақ қылғаны ма?— деп Әлібек биге келіп, естіген
сөздерін айтады.
-
Төлеге сөзімізді айтып едік, еркек болса сенікі, ұрғашы болса сенікі,— деді.
-
Төлем төресін түзу берген екен, түлкінің ұланы түз сақтайды, үрғашысы ін сақтайды. Егер еркек түлкі болса қырдан ізімен қуып келіп індеткені рас, түлкі саған тиісті, егер ұрғашы түлкі болса — жер иесі саған тиісті,— депті Әлібек.
ҚАНАЙҰЛЫ БЕКБОЛАТ ШЕШЕН
Абылай ханның тұсында Қарауыл Қанайұлы Бекболат би Қаздауысты Қазыбекке, Шақшақұлы Жәнібекке еріп, Кіші жүз алшынға бір дауға барады.Бітім сөйлесуге Кіші жүзден бір кісі шығады. Амандықтан кейін әлгі кісі алақа-нын ашып үндемей тұрады^ Бекболат: «құп болады» дейді. Тағы да алақанын жұмып қолын созады, Бекболат: «құп» дейді. Саусақтарын жазып, қолын созып тұрады, Бекболат: «құп» дейді. Екі қолын түйістіріп, бірінің үстіне бірін салып тұрады, Бекболат: «құп» дейді. Тағы да сегіз саусағын көрсетеді, Бекболат: «құп! дейді. Содан кейін Кіші жүздің кісісі кетіп қалады. Бекболат қасыңдағы билерге: «дау бітті, біз енді елге қайтайық» дейді. Елге келген соң Абылай Қаздауысты Қазыбек пен Шақшақұлы Жәнібектен бітіс-тіңдер ме?—деп сұрайды. Сонда екі биі төмен қарайды.
-
Уа, неге төмен қарадыңдар? «Қатын ерге, ер жерге қарайды» дегендей, мен сендерді дауға жіберіп едім ғой,— дейді Абылай. Сонда екі би:
— Мына Бекболат деген «құп» ұстап қайтты,— дейді. Абылай Бекболатқа қарап:
-
Барушы да өзің, сөйлеуші де өзің көрінесің, енді өзің айтшы,— дейді.
-
Дауды көп сөйлескеміз жоқ, ол жақтан билікке шыққан адам қолымен біраз ишара көрсетті, еоны мен өзім^-ше ұққанымды айтайьш деп ишара қылған түрін айтты да былай деді: «Бірінші — алақанын ашқаны: «алысуға да жараймын» дегені-еді. Екінші — қолын жұмғаны: «ашсаң аяңда, жүмсаң жұмырыңда, тату-тәтті тұрайық» дегенЬ Үщінші — қолын созғаны: «атса, шапса, қылыш, мылтық сенде де бар, менде де бар, жанжалды қоялық» дегені. Төртінші — бір қолын екінші қолынық үстіне салып түйіс-тіргені: «құшақтап көрісейік» дегені. Бесінші — саусағын көрсеткені: «сегіз күнде ханның алдына тарту-таралғымен барамыз» дегені. Сонда Абылай:
— Уай, бәрекелді-ай, алдамаса игі еді?— дейді.
Бекболаттың айтқанындай, Кіші жүздің кісілері сегіз күн дегенде тарту-таралғысымен Абылай ханның алдына келіпті.
ҚАЗЫБЕКТІҢ БІР ЕР ТУРАЛЫ АЙТҚАН БИЛІГІ
¥лы жүз Үйсіннің бір адамы, Төле биге келіп:
-
Кіші жүздегі бір адамда бір ер бар. Мұндай ерді үш жүздің баласында ешкім мінген жоқ. Мен ол ерге сонша қызыққаныммен ер иесінің байлығы мен мырзалығы менен кем емес, дүние, пұлға қызықпайды. Сұрағаныма бермейді. Сіздің тіршілігіңізде осы ерді алып, бір ерттеніп мінсем деген ойым бар, биеке!—депті. Төле оған:
-
Мен тірі тұрғанда ол тілегіңе де жетерсің. Кіші жүз өзінің асына шақырып отыр, Осы асқа сол мырзаң да келіп қалар. Сонда ретін тап та, жүгініске түсетін қамыңды қарастыр. Оған билікті мен айтпағанда, кім айтар дейсің?— дептіі.
-
Үш жүздің баласы аста бас қосқанда, ерге құмартқан бай үш-төрт жылпың жігіттерін дайындап алыгі, өзі білетін ерді іздепть Асқа ер иесі де келген екен, түсіп атын байлатып қойғанда, әлгі жылпьщ жігіттер:
-
Мынау көк арғымақтың иесі кім, үстіндегі ерін танып тұрмыз. Бұл ермен жесірге бергісіз атымыз бірге жоғалып еді,— деп, айт-ұйт жоқ атты ер-мерімен алып кетіпті. Мұндай нақақ-қорлыққа жаны күйген ат иесі Төле биге келіп жайын айтса, ұлы жүз адамдарыңа қарап:
-
Таныған еріңді ал да, атын өзіне қайтарыңдар, екі арыс елдің арасында бір тай әрі де, бері де жүрмей ме, жоғалған атыңды кумай-ақ қой!— депті..
Қатты назаланған кіші жүз жігіттері төбелес шығар-айын десе, ас өзінікі, ел бүлінеді. Төбелес шығармайын десе көрінеу жасалған қиянат қүйдіріп барады. Сонда астың аяғында Мәме би:
-
Ара ағайын Келдібектің Сарысы бұған не айтады екен?— деп Қазыбекке кісі жіберіпті. Қазыбек тарауға бет алған елді тоқтатып, ұлы жүз бен кіші жүзді екі жаққа отырғызып, ерді ортаға қойғызыпты. Содан кейін екі жаққа да ештеме деместен сабаумен ерді нұқып тұрып:
— Қапталың қайың, қасвщ без,
Қалмамбет шапқан бір ерсің.
¥лы жүз бен кіші жүз,
Бір ерге қайтіп мінерсің? ;
Бүйте берсең, әй, Төле,
Сен де бір күні өлерсің.
Теріс билік айтсаңыз,
Тәңір алдында не дерсің?
Осы ер орнына қайтады:
Осы ер орнына қайтпаса,
Қалменіңмен күйрейсің!—
деп жүріп кетіпті.
Ұлы жүз жағы тұспалға жөнді түсінбей:
-
Қазыбек не деп кетті?— деп Төле биден сұрапты. Сонда Төле би:
-
He деп кетуші еді. Келдібектің Сарысы айтпайды, айтса сол айтқанынан қайтпайды. Орта жүз бен кіші жүз жабылып кетсе, бізден не қалады, ерді орнына апарып тастаңдар!— депті.і
ТӘБІТАЙ МЕН ШОРМАН
Қаржастан Харауыл елінің жігіттері жылқы алыпты! Сол жылқыны іздеп 40 кісімен Шорман төрт ата Қара-уылға келіпті. Шорман «мен бес байталдың артынан қуып, мал іздеп келгенім жоқ, намыс іздеп келдім. Намысымды аламын — жауласамын, болмаса өзіме лайық сыбағалы мүше, толық ер құнындай айып алып тынамын. Қарауылдан жолым да үлкен» деп ауьір салмақты сөз тастаған соң, Қарауыл алыстан Қаңлы Тәбітей шешенді алғызады. Жаз-ды күні аяғында тері ұйық, үстінде бұзау тері жарғақ, басын-да түйе жабағы тымақ — Тәбітей келеді. Амаңдаспай оты-рысымен Шорман:
— Әй, Тәбітей, бай кім, батыр кім, би кім?—депті. Сонда Тәбітей айтыпты:
-
Сен оның біреуі де емессің. Қас батырдың елін жау араламас болар; Батыр болсаң менің жігітім барып малынды алмас. еді. Әділ бидің елін дау араламас болар. Би болсаң ордаңды тастап бес байталдың соңынан ел-жұртың-ды тастап келмес едің. Бай да емессің, бай бөлсаң өзіңнің Ақша атаңның баласы Ертіс бойында, Омбы қаласында неге жұмыс іздеп жүр? Оны неге жиып алмайсың?— депті.
Сөзден жеңілген Шорман Қарауыл жаққа қарап:
-
Әй, момынның баласы-ай! Жүйрікпен ел еруде тезек тасып, көшкенде арба сүйретіп, арқасын жауыр, құйрығын шолақ қылып ұстайсыңдар-ау!— дейді. Біраз бөгеліп отырып Тәбітей:
-
Бәйгеден өзі келетін жүйрікті баптап не қылсын!—
депті сонда.
Далаға шыққан соң Қарауылдың кісілері: —- Тәбеке-ай, соңғы сөзге жауапты тым бөгеліп бердіңіз-ау!—депті.
-
Ол менің кедейлігімді айтып отыр. Мен арсыздықпен жауап бердім. Сендердің кигізген киімдерің мен мінгізген аттарыңды айтайын ба?— депті Тәбітей оларға.
¥ЛЫ БИ ҚАЛЖЫҢ БОЛМАС
Нұрбай батыр сөзге де шебер адам екен. Бір күні біраз мал жоғальш, түн қатып іздеп жүріп, таңертең ерте жұрт тұрмай бір ауылға келеді. Қотанның шетінде тұрған бір адамға келсе Шоң екен. Амандасқаннан кейін, Шоң:
-
Уа, кімсің?—дейді.
-
Кереймін,— дейді Нұрбай.
-
Керей болсаң атың кім?
-
Атым Нұрбай.
-
Нұрбай қарақшы сен бе едің?
-
Сіздің ел қандай кісіні қарақшы дейтінін қайдан білейін, біздің ел қотанның шетінде жалғыз тұрғанды қарақшы дейтін еді!—дейді Нұрбай батыр.
— Жол болсын, неғып жүрсің?— дейді ІІІоң.
-
Он бес шамалы жылқы алдырып, соны іздеп жүрмін.
-
Сенің атың Нұрбай болса, бүгін алдырған жылқың он бес болса, ертең отыз болар,— дейді Шоң.
Бәрекелді, жоғалған жылқымның өзі де отыз еді. ӨзШ де сізді анығын айтар деп едім, анығын айттыңыз. Енді айғағым өзіңіз болдыңыз,— дейді Нұрбай.
-
Қалжыңға түсінбейсің бе?— дейді Шоң. Сонда Нұрбай тұрып:
-
«Ұлы би қалжың болмас, әділ би мылжың болмас» деген сөз бар. Би еместігіңді мойныңа ал, би болсаң малымды бер,— депті. Сол арада Шоң сөзден алдырып, Нұрбайға мал төлеп қайырыпты.
НАУДЫҢ ШАҚША ДАУЫ
Наудан насыбай сұрап атып, бір кісі шақшасьша қызы-ғып, қалайды:
-
Жігіт, бұл шақшаны мен кісіге босқа бермеймін, жақындыққа жарайтын болсаң ал. Мен қолқа салғанда осы алғандағыдан да жомарт болсаң аласың,—дейді Hay. Сонда жігіт:
Бұдан да артық болармын,— дейді. Сөйтіп, жігіт шақ-шаны алып кетеді.
Келесі жылы Ңау қасы л бір ақсақал, бір атқосшы алып, шақша берген тамырына қолқа сала келсе, жігіт:
-
Тұтамдай сиырдың қу мүйізіне қолқа сұрап ат арықтатып, осыншама жерге келер ме? Қайырып-ақ берер едім, балалар қайда тастағанын білмеймін, қарап таппадым,— деп маңайына жуытпайды.
Сонымен Hay жігітпен дауласып Бағаналы Барлыбай бидің алдына келеді. Жігіт алдын ала биге айтып, пара беріп қойған екен. Барлыбай би Hay алдына келісімен:
-
Еи, бір мүйіз шақша даулап үш кісі келіп отыр деп еді, сен сол емессің бе? Шіркін, малдың тәттісін-ай, жігітім-ақ екенсің-ау!— дейді. Сонда Hay:
— Ей, Бағаналы Барлыбай би! ,
Менің шақшам жай шақша емес, жақсы еді.
Таутекенің мүйізінен істеген нақысы еді.
Төрт ат, қырық қой істеушінің ақысы еді.
Тоқсан меруерт көзі бар еді,
Егер құндап сатсаң, тоғыз ат,
Тоқсан қой болады деген істеушінің сөзі бар еді.
Берген ақымды азсынып тау қыстаймын деп балтамды алды, ой қыстаймын деп шотымды алды, көшіп жүремін деп наршамды алды, маған керек деп баршамды алды. Жау шапты деп төрт атымды алды, қалауым деп бөрте атымды алды. Қайқы бас қара атымды алды, тілік құлақ сары атымды алды. Бөрте атымның иесі бәсіре бием еді, өзі тұлпарға жиен еді. Барлыбай би, ендігісін өзің білер-сің,—дейді. Сонда шақша алған былай дейді:
-
Қыстың қатты боларын лақ білер,
Күннің суық боларын құлақ білер.
Менің алғаным тұтамдай сиырдың мүйізі,
Мәнісін Барлеқең өзі-ақ білер.
Сонда Hay тұрып:
-
Рас, қыстың қатты боларын тоқты білер,
Қара қойым жайылымы отты келер.
Пара беріп қоймасаң Барлыбайға,
Айтпаған істің мәнісін боқты білер,—
дейді.
Пара алған Барлыбай «мына пәле өзіме жабысар» деп сескеніп, шақша алғанға ақырыпты:
-
Қандай шақша алғаныңды мен қайдан білемін, мынау азамат шақшасының сыпатын түгел айтты, шақшасын орнына сал,— дейді. Сонда би алдыңда жеңілген жігіт Науға:
-
Әлгі айтқаныңызға шашым жететін емес, өзіңіз би, өзіңіз хан болып төрелігін де өзіңіз айтыңыз!—депті.
Сонда Hay:
—- Жігітім! Өзің ғой биге бастап келген. Қайыр енді, көп сөздің керегі жоқ. Бітейін, бітейін де кетейін. Мына екі кісіге екі ат мінгіз, екі шапан киғіз, Өзіме ат бастаған қасқа тоғыз байла. Қайыр, өзіме салдың, өзгесі салауат, сенде-ақ қалсын!—деген екен.
ҚУ МЕН МОМЫН
Бір қу мен момын тамыр болады. Қу соғымға момын-ның екі жылғы ту биесін алып сояды. Момын балаларға ермек болсын деп кудың бір лақты ешкісін алады. Ақыры екеуі айтысып, айрылысып кетеді. Қу момынның жыл-қысын қайырмайды. Момын малын даулап, ханға жүгінеді. Хан екеуін тергегенде, алдымен қу сөйлейді:
— Рас, мұның байталы ту еді
Бірақ құлындамайтын чку еді.
Менің ешкім егіздең табатын
Іші маңыраған лақ еді.
Сүті ағып тұрған бұлақ еді.
Мүйізі қамшыға caп еді,
Еті тамағыма бап еді.
Терісі борбайыма қап еді,—
дейді.
— Олай болса мұның ешкісі сенің байталыңмен бара-бар екен,— деп хан екеуін бітістірген екен.
АБАЙ МЕН ШӘКІ ШЕШЕННІҢ КЕЗДЕСУІ
Найманның ішінде Саңқабай деген болыпты, мұның жинаған көп ақшасьг бар екен, шамасы қырық мың сомдай болса керек. бсы ақшасын үйінде жұмыс істеп жүрген бір Самалық деген жігіт ұрлапты. Осының дауы Арғын — Найманның арасында неше рет бас қосыста шешілмепті. Ақша иесі Саңқабай оязға арыз беріп, екі уездің адамын шақырыпты. Ояз алдында Саңқабай қырық мың сом ақшам жоғалды десе, Самалық ұрыны жақтағандар оязға:
— Сіз осыған нанасыз ба? Көшіп-қонып жүрген дала-дағы қазақта мұнша ақша бола ма? Бұл өтірік, қазақ елінің арасында даужанжал бола береді, соның кегін алам деп жала жауып отыр,— депті!
— Бұл да дұрыс, дала қазағында мұнша ақша болушы ма еді)?— депті де, ояз істі қысқартыпты. Саңқабай: «Уа, тірнектеп жинаған дүнием-ай, бекерге кете ме, жоқ осы арызымды губернаторға жеткізетін адам болар ма?»— екен деп мұңайыпты, Сөйтіп жер ауып келген, әр істен хабары бар Мүсәпір Байтулақ баласына айтады. Мүсәпір «біздің елде ақшалы екі адам еді: бір Маманбай, екіншісі осы Саңқабай көпес. Мұның ақшасының көбін жұрт біле-тін-ді. Қолы қысқалар бұдан ақша алып отырушы еді»— деп губернаторға барып арыз етеді. Бұл істі ел адамдары сөйлесід шешсін деғен бұйрық алады. Губернатордың бұйрығы бойынша екі уездің бас қосыс жері Балдыбек сайьі болсын деп белгіленеді. (Өйткені бұл жер үш уездің аралығы екен). Осы жерге бірнеше үй тігіледі, ёкі уездің адамдары шақырьыады, арғыннан Абайға хабар етіліп, ол келмекші болады. Найман өз елінің білгіштерін жинайды. Абаймен сөйлесуге әуелі Әріп Тәңірберген баласын шығармақшы болады, бірақ Абайдан Әріп жеңіліп қалады деп қауіптеніп, өр наймандағы Шәкі шешенді алғызады. Шәкі жиынға Абайдан бұрын келеді, Абаи келгенде ІІІакінің үстіне түсіреді. Абайға ерген топ отырғандарға сәлем беріп кіргенде, Шәкі шеген сәлем алып, Абайды бұрын көрмеген екен, сырт пошымынан танып:
-
Уа, сыртыңнан атыңа қаның, жүзіңе танық едім, сен, шырағым, Абай баласың ба?— Ел-жұртың аман ба? .Кешегі Кеңгірбайдың-ұрпағы еді, Базаралы аман ба?— депті. Базаралы сол жылы ғйна сотталған екен.
Абай сөзден тосылып қалып, дауысын ақырын шығарып «аман» дей салыпты. Отырғандар Шәкі шешен мен Абайдың аузына қарап, үндемей отырып қалыпты. Абай да сөйлей қоймапты.
Біраз үнсіз отырғаң соң Шәкі шешен:
-
Уа, Абай шырағым, бұрынғының мынадай бір сөзі бар еді: «Бір бала атадан асып туады, бір бала атамен тең туады, бір бала көптен кейін туады» деген, сені жұрт көтеріп мақтайды, сен осы үшеуінің қайсысысың?— депті. »
Абай үндемей отырып қалыпты, даулы іске келгенде де Абай Шәкіге қарсы шықпай, арғын ақшаны төлемекші болыпты. Даудан қайтқаң соң арғынның адамдары Абайға:
-
Саған не болды? Біз сізді әдейді арнап алып келіп едік, Найманның бір шалына жауап бермедің?—депті. Сонда Абай айтыпты:
— Ей, Шәкі өте айтқыр — шешен екен, ол келген жерден, Базаралыйы сұрап сөз қозғады. Оны өзіміз тұтқынға беріп отырып не дерміз. Екінші — сен әкең Құнанбайдың қандай баласысың? деді. Мен үндемей қалдым. Үндегеңде -әкемнен асып тудым деймін бе? Әкем дүние жүзін кезіді "Байтуллаға үй салдырды, мен оны істегем жоқ. Ал кем тудым десем, мына сендер: «Абай — Абай» деп атымдм шығарып жібердіңдер... Соған жауап бере алмай тоқтағаным осы. Ал мына істің жөніне келсек, Найман елі нақақтан бізге жабысып отырған жоқ, кінә бізде. «Істің ағы, жігіттің бағы» деген бар ғой, сондықтан ел болып мына істі бітірген жөн»—депті.
Сонымен арғын болып найманның ақшасын төлеп, ел арасы тынышталыпты.
ЕШКІ ЕГІЗ ТАБАДЫ
Қоңырат пен Дулаттың арасында үлкен дау болып, екі жақ бас қосқанда Мырзан ешкімге сөз бермей көпті тоқтата беріпті. Мырзанды тоқтату үшін бір шешен, оның бар кемістігін бетіне басып:
Қарамың жоқ адамша—
Көтеріле сөйлейсің,
Көмеғі жоқ адамша.
Құлағы жоқ шұнақ биім,
Құйрығы жоқ шолақ биім,
Көпке сөз бермейсің,—
депті. Сонда Мырзан айтыпты:
-
Жалғыз десең құдайға тілің тиеді,
Кедей десең пайғамбарға тілің тиеді.
Құлағым жоқ болса, сұңқар шығармын,
Құйрығйм жоқ болса, тұлпар шығармын.
Құйрығы ұзынды итке теңейміз,
Құлағы ұзынды есекке теңейміз.
Ешкі егіз табады,
Ит сегіз табады,
Доңыз тоғыз табады.
Әкең сегіз еді,
Өзің тоғыз едің.
Сенің тоғызынды алайын десе,
Құдайдың зауалы жоқ па?
Маған ұл берейін десе,
Амалы жоқ па?— депті.
БОРАН БАТЫР МЕН ЖАНТАЙ ДАУЫ
Боран жас кезінде жарлы болып, Жантай деген байға жалданады. Жантай тынышсыз адам болып, ұрыс шығарып, Боранның Жантайға қолы тиеді. Жантай Боранның маған қолы тиді деп билерге Боранның үстінен шағым береді. Алқа-қотан отырған билер Боранға сөз береді. Сонда Боран былай дейді:
— Жалға жүрдім Жағалбайлы Жантайға,
Бір тай алмақ болып алты айға.
Жарымадым асына,
Тұман түсті басыма.
Шайтан болып ұрысып,
Қолым тиді басына.
Уа, билер, жақсылар,
Бірің қайың, бірің тал,
Бірің шекер, бірің бал,
Айтып-айтпай немене,
Бәріңе мәлім біздің хал.
Бірің балға, бірің төс,
Бірің айт та, бірің кес,
Алдарыңа салынды іс,
Арамға бермей әділ шеш!
Отырғандар Боранның ісін мақұлдап, Жантайдан тайын әперіпті. Боран содан кейін сөзге қатысып шешен атаныпты.
БАСЫҚАРА ДАТҚА МЕН МӨҢКЕ БАЛА
Басықара деген ақты көз датқа әр нәрсеңі сылтау ғып, қазаққа зорлық қыла берсе керек. Бір жолы Арқа қазағының кісінеген айғырының дауысынан Сырдағы елдің әйелі бала тастады дбген сылтаумен барымта алады. Сол малдың артынан үш-төрт қуғыншы шығады. Жолаушылар бір ауылға келсе, қой шетінде ақсақ бала тұр екен.
-
Бұл кімнің ауылы?— дейді жолаушылар.
-
Мезгілбайдың ауылы,— дейді бала.
-
Бұл ауыл қонған қонаққа не тамақ береді?
-
Еті бар үйге кездессең етін береді, еті жоқ үйге кездессең, бары мен ниетін береді,— дейді бала.
-
Мұнан әрі ел бар ма?
-
Әттегененің ауылы бар.
-
Онан әрі кім бар? ,
-
Түнқатардың ауылы бар.
-
Онан әрі ше?
-
Таңатардың ауылы бар.
Жолаушылар жүріп кетті. Өкінді. Түнғатты. Таң атты. Ертең ашуланып қайтып кеп, баладан айып сұрап биге жүгінді. Бала да, жолаушылар да жоғарғы сөзді айтты. Би жолаушыларға баланың сөзіне түсінбегенін айтып, баланы жолбасшы ғып береді. Бұл бала Мөңке еді. Мөңке Басықара датқаның еліне жүрерде бір түйе, екі кебеже, бір теке ала шықты.
Датқаның ауылына таянғаннан бастап алдынан үріп шыққан итті атып тастай берді. Датқаның екі қара тазысын да атты. Датқа ашуланып:
-
Қайдан келесіңдер?— дейді.
-
Арқаның елшісімін,— дейді бала.
-
Еліңнің кең қарын кемеңгері, үлкен ақсақалы қайда?— дейді Датқа.
|