Жылыту бетон панельдері (17-сурет) - диаметрі 15-20 мм құбырларды иректеп немесе колонна түрінде жүргізіп, бетон қабырғалық құрсауына бекітеді немесе бетон ішіне шыны, пластмасса, бетон каналдар жүргізеді.
17 -сурет. Жылыту бетон панельдері
Конвекторлар – қырланған құбырдан және қаптамадан тұратын конвективті аспаптар (75 % артық жылу конвекциямен беріледі) (18-сурет).
18-сурет. Конвекторлар
1-қырлы жылыту элементі; 2- қаптама; 3-ауа қақпағы
Қырлы құбырлар – ашық орнатылатын, конвективті типтегі жылыту аспаптары, шойыннан дайындалады, жылыту жүйесіне жалғау үшін ұштарын фланецті қосылыс етіп жасайды (19-сурет).
19-сурет. Қырлы құбырлар
Тегіс құбырлы аспаптар – Ø 32 ÷ 100 мм құбырлардан ирек немесе колонна (регистр) түрінде жасалады (20-сурет).
20-сурет. Тегіс құбырлы аспаптар
а) – ирек құбырлы; б)- регистр
Калориферлер – құбырдың бірнеше қатар қырларының арқасында едәуір жылыту ауданы бар ықшам жылыту аспаптары (15, е –сурет). Калориферлерді ауамен жылытудың жергілікті және орталық жүйелерінде қолданады.
Жылыту жүйелерінің жылыту аспаптары әдетте, сыртқы қабырға тұсына, көбінесе терезе астына орнатылады, себебі, терезеден келетін суық ауа ағындарына тосқауыл болады. Жылыту аспабының түрі ғимарат пен бөлмелердің арналуына қарай таңдалады. Жылыту аспатарын таңдауға байланысты ұсыныстар мен олардың бетінің шекті температурасы СниП құжаттарында беріледі.
Орталықтан жылыту жүйелерінің құбырлары жылу тасымалдағыштың есепті мөлшерін жылыту аспаптарына жеткізуге және суыған жылутасымалдағышты одан әкетуге арналады. Орталықтан жылыту жүйелерінде металл (болат, мыс, шойын және т.б.) және металл емес (пластмасса, шыны және т.б.) құбырлар қолданылады.
Жұмсақ көміртекті болаттан жасалған жапсарлы және жапсарсыз құбырлар dу=15÷150 мм кеңінен қолданылады.
Жылыту жүйелерінің құбырлары сумен жылыту жүйелерінде беру және қайту магистральдары, бумен жылыту жүйелерінде бу және шық құбырлары, сонымен қатар, жылыту желілері және аспаптарға жеткізуші құбырлар болып бөлінеді.
Жоғарыдан тартылған жүйелерде беру магистралін шатырда немесе кей жағдайларда, жоғарғы қабаттың төбесі астынан тартады, ал қайту магистралін төледе немесе бірінші қабаттың едені астынан тартады. Төменнен тартылған жүйелерде екі магистральді де төледе немесе бірінші қабат едені астында тартады.
Жылыту желілері сыртқы қабырға тұсында тік тартылады. Бұрыштағы бөлмелерде оларды бұрыштан жүргізген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |