Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет15/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Ыстық су шығынын анықтау. Тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктерге керекті ыстық су шығынының нормасы ғимараттың қолайлылық дәрежесіне және ыстық суға деген технологиялық сұранысқа байланысты анықталады. Бірақ, ыстық суды тұтыну бірқалыпсыз болғандықтан, оның құбырлардағы шығыны қалыпты кезден көп ерекшеленеді, сондықтан, құбырлардың гидравликалық есебі су алу аспаптарының бір мезетте қосылу мүмкіндігін ескере отырып, фактылық секундық ыстық су шығыны арқылы жүргізіледі.
Ыстық судың есепті секундтық шығыны q, (л/с) су алу аспабында да, құбырларда да мына өрнекпен анықталады:


q=5 q0 α , (1)

мұндағы, q0 – бір су алу аспабының секундтық су шығыны, СНиП бойынша қабылданады, л/с;


α – есепті учаскідегі су алу аспабының санына және олардың бір мезетте қосылу мүмкіндігәне байланысты қабылданатын коэффициент.
Егер құбырдың есепті учаскісінде өнімділігі әр түрлі су алу аспаптары орналасса, онда (1) өрнекте өнімділігі ең жоғарғы аспап шығыны алынады.
Жеке ғимараттағы немесе ғимараттар тобындағы арналуы және типі бір текті су алу аспаптарының қосылу мүмкіндігі Р мына өрнек арқылы анықталады:


, (2)

мұндағы, qh – ең көп су тұтынатын уақыттағы, бір тұтынушының ыстық су тұтыну нормасы, СНиП бойынша алынады, л/сағ;


N – ғимарттағы немесе ғимараттар тобындағы су алу аспаптарының жалпы саны;
U – ғимараттағы тұтынушылар саны, адам.
Әр түрлі типтегі және арналуы әртүрлі ғимарат топтамасын қамтамасыз ететін құбырлар учаскесі үшін су алу аспаптарының қосылу мүмкіндігі мына өрнек бойынша анықталады:


, (3)

мұндағы, РΣ - ғимарт тобындағы су алу аспаптарының орташа қосылу мүмкіндігі;


Р1, Р2, ...Рі - әр ғимарттағы аспаптардың қосылу мүмкіндігі;
N1, N2, …Ni - әр ғимараттағы су алу аспатарының жалпы саны.
Ыстық сумен қамту жүйелері құбырларын есептеу негіздері. Ыстық сумен қамту жүйелерінің гидравликалық есебінің мақсаты – ғимараттың немесе ғимараттар тобының барлық су алу аспаптарына - жылумен қамтудың жабық жүйелерінде температурасы 500С жоғары және ашық жүйелерде, сондай-ақ жергілікті жүйелерде температурасы 60 0С жоғары қажетті ыстық су шығынын жеткізу.
Гидравликалық есептеуден бұрын, ыстық сумен қамтудың масштабтағы аксонометриялық схемасы сызылады, онда су өлшеу түйіні, аккумулятор, сонымен қатар, қажетті құбыр арматурасының орналасуы және су алу аспаптары көрсетіледі. Ыстық сумен қамтудың гидравликалық есебі - жүйеге су кірген жерден бастап, ең алыс, ең жоғары орналасқан су алу аспабына дейінгі аралықта жоғалатын қысымды ΔН (м) анықтау және алынған мәнді ыстық сумен қамту жүйесінің кірісіндегі қысыммен – Нкіріс (м) салыстыру. Дұрыс жобаланған жүйеде артық қысымның есепті мәні ΔНр (м) нөлге тең болуы керек:
ΔНр= Нкіріс – ΔН = 0 (4)

Жалпы қысым жоғалту ΔН (м) қосынды түрінде анықталады:




ΔН = ΔНт + ΔНв + ΔНпд + Нг + Нсв, (5)

мұндағы, ΔНт, ΔНв, ΔНпд – сәйкесінше, құбырда, су өлшегіште және қыздырғышта жоғалатын қысым, м;


Нг – су кірісіндегі құбырдың осінен ең жоғары орналасқан су алу аспабына дейінгі геодезиялық биіктік, м;
Нсв – ашық су алу аспабы арқылы еркін су ағу қысымы, м.
Беру құбырындағы қысым жоғалту мына өрнекпен есептеледі:


ΔН= i·l·(1+k)·10-3, (6)

мұндағы l- жүйе сызбасынан алынатын учаске ұзындығы, м;


k – жергілікті қысым жоғалту коэффициенті (беру құбырлары үшін к=0,2; жылу пункті мен сүлгі кептіргішті су тарату желілері аралығында к=0,5; сүлгі кептіргішсіз су алу желілерінде к=0,1);
і – есепті учаскідегі үйкеліске жоғалатын меншікті қысым, мм/м.
Үйкеліске жұмсалатын меншікті қысым жоғалуы мына өрнекпен анықталады:
i=A q2, (7)

мұндағы, А- анықтама әдебиеттен алынатын құбырдың меншікті кедергісі, мм·с2/м·л2;


q – (41) өрнекпен анықталған есепті, секундтық ыстық су шығыны, л/с.
Су өлшегіштегі қысым жоғалту мына өрнекпен анықталады:


ΔH=S q2, (8)

мұндағы, S – анықтама әдебиеттен алынатын су өлшегіштің кедергі коэффициенті, м·с22.


Секциялы жылдам су қыздырғыштарда жоғалатын қысым мөлшері мына өрнекпен анықталады:
ΔH= k1 n m w2 10-2, (9)
мұндағы, k1 – құбырлар ішіне қақ өсуін ескеретін коэффициент (әдетте жылына бір рет теазартылатын жүйелерде k1=4);
n – бір секцияның кедергі коэффициенті (секция ұзындығы 4 м болғанда n= 0,75; секция ұзындығы 2 м - n= 0,4);
m – су қыздырғыштың секция саны;
w – су қыздырғыш құбырларындағы су жылдамдығы, м/с (әдетте, w ≤ 2 м/с).
Сыйымдылықты су қыздырғыштардағы су қысымының жоғалуы мына өрнекпен анықталады:
ΔH=0.076 w2 , (10)

мұндағы w – беру құбырындағы су жылдамдығы, м/с.


Сумен қамту тармағындағы қысым жеткіліксіз болған жағдайда (ΔНр < 0), су өлшегіш пен қыздырғыш аралығындағы учаскеге қысымы ΔНр кем емес және өнімділігі q көтергіш сорғылар орнатады. Қысым артық болған жағдайда (ΔНр≥5) су өлшегіш түйіннен кейін дроссельді диафрагма орнатылады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Ыстық сумен қамту жүйелерінің жіктелуі.

  2. Ыстық сумен қамтудың орталықтандырылмаған қондырғыларының схемалары.

  3. Орталықтандырылған ыстық сумен қамту схемалары.

  4. Ыстық су шығындарын анықтау әдістері.

  5. Ыстық сумен қамту жүйелері құбырларының гидравликалық есебінің негіздері.

  6. Орналасу орны бойынша ыстық сумен қамту жүйелері.

  7. Тұтынушыларына қарай ыстық сумен қамту жүйелерінің бөлінуі.

  8. Газды су қыздырғыштар.

  9. Электрлі су қыздырғыштар.

  10. Ыстық су қорын сақтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1,5, ҚӘ 2,3




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет