Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


МОДУЛЬ 1. ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ, ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ



бет2/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

МОДУЛЬ 1. ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ, ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

1 Дәріс


Тақырыбы: «Кіріспе. Инженерлік жүйелер туралы жалпы мәліметтер»

«Инженерлік жүйелер, желі және жабдықтар» пәні. Жылу жүйелер мен қондырғыларының маңызы. Тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі. Ғимараттар мен құрылыстарда жылулық жайлылықпен қамтамасыз ету. Желдету және кондиционерлеу.




Дәрістің мақсаты: адамның жайлы өмір сүруіне өту қажетті және оның өндірістік жұмыстарына тиімді инженерлік жүйелер туралы жалпы мәліметтермен танысу.
«Инженерлік жүйелер, желі және жабдықтар» пәнін меңгеру кезінде бакалавр студенттері жылу энергиясын алу, түрлендіру және тарату, сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету құрылғылары мен жұмыс істеу принципі, жылыту, желдету, кондиционерлеу, ыстық сумен қамтамасыздандыру, жылумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету заңдылықтарының негізін білуі қажет. Сонымен қатар, олар практикада есептеу негіздері және ішкі инженерлік жүйелер және ғимаратты және жеке объектілерді, елді мекендерді және өндіріс орындарын сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету сұлбалары; жылыту; желдету; кондиционерлеу; ыстық сумен қамтамасыздандыру; жылумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету туралы өздерінің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қолдана білуі қажет.
Қалалар мен елді мекендердің, бөлек ғимараттардың, өнеркәсіпті құрылыстардың осы заманғы құрылысы мәселелерін шешу үшін жылу- газбен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау, канализация және қоршаған ортаны қорғау инженерлік жүйелердің құрылысынан, жобалау мен пайдалану негіздерінен теориялық білімдер және тәжірибелік дағдылар аса маңызды болып табылады.
Заманауи қалаларды және ірі елді мекендерді, сонымен қатар жеке ғимараттарды, құрылыстар мен өндіріс орындарын салу мәселесін шешу кезінде жобалау негіздері, құрылыс, ішкі және сыртқы инженерлік жүйелерді пайдалану турлы теориялық білім мен практикалық дағдылануды меңгеру қажет. Инженерлік жүйелер тізіміне адамның жайлы өмір сүруіне өте қажетті және оның өндірістік жұмыстарына тиімді шарттар жүйесі кіреді.
«Инженерлік желілер және қондырғылар жүйелері» пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер жылу энергияны өндіру, түрлендіру және тасымалдау заңдылықтары негіздері жөнінде, жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа кондиционерлеу, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, суды әкету және ауа алабы мен су ресурстарын қорғау жүйелердің құрылысы және әрекет негізі жөнінде білімді алу керек.
Сонымен қатар, олар инженерлік жүйелерді есептеу және жобалау негіздерінен алған теориялық білімдері мен дағдыларды іс жүзінде қолдана білу керек.
Инженерлік жүйелер тізіміне адамның өмір тіршілігі жайлы болуына, өндірістік іс әрекеті тиімді болуына қажетті жағдайлар туғызатын жүйелер жатады. Жеке айтқанда, тұрмыста немесе, кәсіпорындарында, жылу энергияны шығару үшін жылу өндіргіш қондырғылар өте кең қолданды. Жылуөндіргіш қондырғыларға жылу энергияның әдеттегі көзі болып табылатын қазан қондырғылар жатады. Онда отынның химиялық түрде байланған энергиясы жылу энергияға түрлендіріледі. Соған қоса күн энергиясын, геотермальді энергияны, және энергияның басқа түрлерін жылуға айналдыратын қондырғылар қолданылады.
Жылу энергияның жылу көзі-жылу өндіргіш қондырғылардан - тұтынушыларға (тұрғын және қоғам ғимараттар, өнеркәсіптік кәсіпорындары) тасымалдау үшін жылу жүйелер қолданылады. Жылу жүйесі жылу энергия көзін (жылу өндіргішті) тұтынушымен байланыстыратын құбырлар жүйесінен тұрады.
Тұтынушыларға түсетін жылу энергия коммуналдық-тұрмыстық, өндірістік объектілердің жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау қажеттеріне және өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық қажеттеріне шығындалады.
Жылыту жүйелер арқылы қысқы мерзімінде бөлмелердегі ішкі ауа мен қоршаған қабырғалардың ішкі беттерінің температуралары керекті деңгейге келтіріледі. Бөлмелердегі ауаның күйі жылыту жүйелердің ғана емес, желдету және ауа кондиционерлеу жүйелер әрекетіне тәуелді болады.
Ғимараттар мен құрылыстарда жылулық жайлылықпен қамтамасыз етіледі- жылдың суық мезгілінде өмір суру және жұмыс жасауға қолайлы оптималды температуралық жағдай. Ғимаратта жылулық жайлылықты жасау және оны сақтау үшін техникалық жетілдірілген құрылғылар қажет.
Жылыту-ғимараттар мен құрылыстарда ішкі ауа мен қоршаулардың ішкі беттік температурасын қажетті мөлшерде ұстап тұруды қамтамасыз ететін инженерлік жүйелердің бір түрі. Жылдың суық мезгілінде бөлмедегі ауаның жағдайын қалыптандыру жылыту ғана емес желдету арқылы да жүзеге асады.
Желдету және ауа кондиционерлеу жүйелер адамның көңіл-күйі тұрақты болу үшін, сонымен қатар өнеркәсіптік процестер тиімді орындалу үшін қажетті микроклиматтық және санитарлы-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етеді.
Желдету және кондиционерлеу ғимаратта адамның өзін жақсы сезінуі және өндірістік процесстерді тиімді жасау үшін қажетті микроклиматпен қамтамасыз етеді.
Бұл жүйелер бірігіп ғимаратқа қажетті мөлшерде температура, ылғалдық, қозғалмалық, қысым, ауа құрамы мен тазалығын қамтамасыз етеді.
Қажетті температуралық-ылғалдық шарттардың бұзылуы нәтижесінде жылулану және желдету жеткіліксіз ғимараттар мен құрылыстар тезірек қирайды.
Тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау үшін жергілікті және орталандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелер қолданылады.
Сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету бөлімінде ғимараттар мен елді мекендерді және өндіріс орындарын сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету жүйелері мен желілері туралы ұғым береді.
Сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету жүйелері елді мекендерді, жеке объектілерді және ғимараттарды сумен қамту, сонымен қатар ағынды суларды елді мекеннен шығаруды қарастырады. Сумен қамту жүйелері қолданылуы, қызмет көрсету аясы, суды қолдану тәсілі, орнатылған құрылғының қарқынмен қамтылуы бойынша бөлінеді.
Тұтынушылардың коммуналды-тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоғамдық және өндірістік ғимараттарда ыстық сумен қамту қажет. Тұтынушыларды ыстық сумен қамту үшін жекеленген және орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері қолданылады.
Бұл жүйелерде жылу энергиясын өндіру үшін жылу көздері қолданылады. Жылу көздері ретінде дәстүрлі жылу энергиясының көздері-қазандықтар мен ЖЭС, сонымен қатар күн, геотермалды және басқа да энергияларды түрлендіруші дәстүрлі емес құрылғылар қолданылады.
Тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда және өндіріс орындарында жылу көзінен тұтынушыға жылу энергиясын тарату үшін жылу энергиясының көзі мен тұтынушыны байланыстырытын құбырлы жылу желілері қолданылады. Тұтынушыларға жеткізілген жылу энергиясы коммуналды-қолданбалы және өндіріс обьектілерін жылыту, желдету және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар өндіріс орындарын технологиялық қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Қазіргі заманда тұрмыста да өнеркәсіптік кәсіпорында да әр түрлі газ тәрізді отындар өте кең қолданылады: табиғи газ және сұйылтылған газдар. Оларды тұтынушыларға жеткізу үшін, сақтау және үлестіру үшін газбен жабдықтау жүйелер қолданылады.
Тұрғын елді және өнеркәсіптік кәсіпорындарын қажетті сапалы таза сумен және жеткілікті мөлшерде сумен жабдықтау жүйелер қамтамасыз етеді.
Адамдардың тіршілік ісі нәтижесінде және өнеркәсіптік кәсіпорындарында пайда болатын сарқынды суларды жинап әкетіп және тазарту үшін канализация жүйесі пайдаланады.
Кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарының, коммуналдық-тұрмыстық объектілердің қалдықтарының құрамындағы ластайтын заттар қоршаған ортаға зиян келтіреді. Ауа алабын және су ресурстарын осындай улы заттардан қорғау үшін қоршаған ортаны қорғау инженерлік жүйелер қолданылады.

Бақылау сұрақтары:



  1. «Инженерлік жүйелер, желі және жабдықтар» пәніне маңызы?

  2. Ғимараттар мен құрылыстарда жылулық жайлылықпен қамтамасыз етудің орны?

  3. Желдету және кондиционерлеуге сипаттама?

  4. Жылу жүйелердің жұмысы қандай?

  5. Жылыту жүйесінің жүктелген міндеті.

  6. Желдету және ауа кондиционерлеу жүйелердің жүктелген міндеті.

  7. Сумен жабдықтау жүйелердің жұмысы.

  8. Канализация жүйелердің жұмысы.

  9. Қоршаған ортаны қорғау жүйелердің міндеті.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1-3, ҚӘ 1


2 Дәріс


Тақырыбы: «Жылу энергия көздері. Жылу өндіргіш қондырғының құрылысы»

Жылу өндіргіш қондырғылар. Жылу энергиясын өндіру, аса қызған бу өндіретін және қатты отын қолданатын жылу өндіргіш қондырғының элементтері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет