Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет14/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Ыстық сумен қамтудың орталықтандырылмаған қондырғылары. Орталықтандырылмаған ыстық сумен қамту жүйелері орталықтандырылған жылумен қамту жүйелері болмаған немесе орталықтандырылған ыстық сумен қамту мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолданылады. Тұрғын, қоғамдық ғимараттардың мұндай жүйелерінде ыстық су көздері - газ немесе электрлі су қыздырғыштар немесе қатты, газ тәрізді отындарды пайдаланатын су қыздырғыш колонкалар болып табылады.
Газды су қыздырғыштар биіктігі 5 қабаттан аспайтын ғимараттарды қолданылады. Газ су қыздырғыштары ақпалы және сыйымдылықты болып бөлінеді. Ақпалы тез су қыздыратын су қыздырғыштар тұрғын пәтерлердің ас бөлмелеріне орнатылады. Олар екі орыннан су алуға есептелген. Қуаттылығы жоғары сыйымдылықты АГВ типтес автоматтандырылған су қыздырғыштарды біріктірілген жергілікті жылыту жүйелері мен ыстық сумен қамту жүйелеріне қолданады (24-сурет). Оларды жатаханалар мен қонақ үйлердің ортақ ас бөлмелеріне орнатуға болады.

24-сурет. Газды су қыздырғыштар 
1- газды су қыздырғыш; 2- кеңейткі шанақ; 3,4- жергілікті жылыту жүйесінің беру және кері құбырлары; 5- қол жуғыш; 6- ванна; 7- су ағызу; 8- сумен қамту жүйесінің құбыры

Электрлі су қыздырғыштар тұрғын үйлерде, қонақ үйлерде, жатақханаларда, шаштараздарда, ауруханаларда қолданылады. Олар ыңғайлы және гигиена талаптарына сай. Су қыздырғыш конструкциясы герметикалы 30÷1000 л су ыдыстарынан және оқшауланған кедергі қыздыру элементтерінен тұрады. Су қыздыру электр тогының автоматты қосылып, ажырауымен реттеледі. Сыйымдылығы 100 л-ге дейінгі су қыздырғыштар қабырғығы бекітіледі, ал сыйымдылығы 100 л-ден үлкен су қыздырғыштар еденге орнатылады. Ескі аз пәтерлі үйлерде ағаш, көмір, шым тезек немесе газ жағуға арналған ошақтармен қамтылған су қыздырғыш колонкалар қолданылады. Казіргі уақытты жеке тұрғын үйлерде ыстық су көзі ретінде жергілікті жылыту жүйелері мен ыстық сумен қамту жүйелерін жылу энергиясымен қамтуға арналған су қыздырғыш қазандар кеңінен қолданылып жүр (25-сурет).


Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері. Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері сыртқы жылу тармақтарына жалғанады және олар екі түрлі болады: жергілікті су құбырларындағы суды жабық жылумен қамту жүйесінің жылу пунктінде қыздыру (№3 дәрістегі 4-сурет) және ашық жылумен қамту жүйелерінен тікелей су алатын (№3 дәрістегі 5-сурет).
Көбінесе ыстық су жергілікті жылу пункттерінде (ЖЖП) немесе орталық жылу пункттерінде (ОЖП) дайындалады.

25-сурет. Электрлі су қыздырғыштар
1-су қыздырғыш қазан; 2- айналдыру сорғысы; 3,4- жылыту жүйесінің беру және кері құбырлары; 5- кеңейткі шанақ; 6- су қыздырғыш; 7- сумен қамту құбыры; 8- ыстық сумен қамту жүйесіне су беру.

ЖЖП алынатын ыстық су жүйелері аудандық немесе кварталжық жылумен қамту жүйелерінде қолданылады. Ыстық сумен қамтудың жергілікті схемалары әр түрлі болып келеді және ғимараттың арналуына, өлшемдеріне және жылу жүктемесінің өзгеру сипатына және т.б. факторларға байланысты ерекшеленеді.


Кішігірім, аз қабатты ғимараттарда, сондай-ақ, монша-кір жуу орындары мен сол секілді мекемелерде ең арзан және қарапайым жоғарыдан тартылған тұйықталған және аккумуляторлы жүйелер қолданылады. Мұндай жүйелерде ыстық су алдын-ала дайындалып қояды. Аккумулятордағы көп мөлшердегі су қоры оның жоғары температурасын, тіпті су көп қолданылған жағдайда да сақтауға мүмкіндік береді.
Үлкен тұрғын үйлерде су қолдану графигі тұрақсыз болады, мұндай үйлерде аккумуляторсыз тұйықталған жүйелер қолданылмайды, себебі, су алу ұзақ уақытқа тоқтатылса, су суып қалып, оны төгуге тура келеді. Жергілікті жүйелердің құбырларында жылутасымалдағыштың үздіксіз немесе қысқа уақытты, табиғи немесе еріксіз айналуы судың суып қалуының алдын алады.
Табиғи айналым жоғарыдан тартылған жүйелер үшін тиімді (26-сурет) Тұйықталған айналмалы контурдағы судың табиғи айналуы ыстық су мен суыған судың тығыздықтарының айырмасы нәтижесінде туындайды.



26-сурет. Табиғи айналым.
1,2- жылу тармағының құбырлары; 3- су қыздырғыш; 4-температура реттегіш; 5- су құбыры; 6- беру желісі; 7- ауа жинағыш; 8- жоғарғы магистраль; 9- тарату желісі; 10- айналым құбыры; 11- су алу аспаптарына.

Үлкен шатырлы үйлерде ауа жинағыштардың орнына аккумулятор-шанақтарын орнатқан тиімді. Табиғи айналу қысымының жеткілікісз болуынан, көбінесе мұндай жүйелерді қолдану шектеледі. Сондықтан, ұзын тасымал құбырлары бар ғимараттарда сорғы көмегімен еріксіз су айналымын тудыратын жүйелерді қолданады. Ыстық су қорын сақтау және жүйенің тиімділігін арттыру мақсатында 27-суретте көрсетілгендей, «а» және «б» сызықтарына параллель төменгі аккумулятор-шанағы қосылады, ол сорғы мен су қыздырғыштың өнімділігі су тұтыну жүктемесінен артық болған кезде іске қосылады.





27- сурет. Ыстық су қорын сақтау.
1,2- жылу тармақтары құбырлары; 3- су қыздырғыш; 4- температура реттегіш; 5- су құбыры; 6- айналдыру сорғысы; 7- беру құбыры; 8- айналу құбыры; 9- тарату желісі; 10- су алу аспаптарына; 11- сүлгі кептіргіш.

Жылу тармақтарынан тікелей су алатын ыстық сумен қамту жүйелері схемалардан көп ерекшеленбейді. Ерекшелігі жылу пункттерінде су қыздырғыш орнына араластырғыш орнатылады. Мысал ретінде жылу тармақтарынан тікелей су алудың жоғарыдан тартылған, аккумулятор-шанақты (28-сурет) және төменнен тартылған схемалары берілді (29-сурет).



28-сурет. Жоғарыдан тартылған, аккумулятор-шанақты су алу схемасы. 1,2- жылу тармағының құбырлары; 3- араластырғыш; 4-температура реттегіш; 5- аккумулятор-шанақ; 6- айналдыру сорғысы; 7- су алу аспаптарына; 8- элеватор; 9- жылыту жүйесіне.



29 - сурет. Төменнен тартылған су алу схемасы.


1,2- жылу тармақтары құбырлары; 3- араластырғыш; 4- температура реттегіш; 5- дроссель шайба; 6- ауа әкету; 7- су алу аспаптарына; 8- элеватор; 9- жылыту жүйесіне.
Бұл схемалардағы араластырғыштар – сыртқы жылу тармағынан келетін судың температурасын азайту үшін, жылу тармағының қайту құбырындағы салқындаған сумен араластыруға арналған. Жүйедегі ыстық су айналымын тудыратын «а» және «б» нүктелері арасындағы қысым құлдырауы 29-суретте көрсетілген дроссель шайба арқылы іске асады.
Аса биік ғимараттарда, су алу аспаптарындағы қысым айырмашылығының көп болуынан зоналарға бөлінген ыстық сумен қамту схемалары қолданылады (30-сурет).



а) б)
30-сурет. Зоналарға бөлінген ыстық сумен қамту схемалары
1- беру құбыры; 2- кері құбыр; 3- су алу аспаптарына; 4- қысым реттегіш.
30, а -суретте көрсетілген схемада әрбір ыстық сумен қамту жүйесі ЖЖП өз жабдықтары жинағынан су алады. Бұл схемалар аса сенімді, бірақ өзіндік құны және пайдалану шығындары қымбат. Ыстық суды ортақ беру құбырынан таратқанда (30, б-сурет) жоғарғы және төменгі зоналардағы қысым сәйкесінше, айналу желісінде (кері) және беру желісінде орнатылған қысым реттегіштер арқылы реттеледі. Мұндай схемалардың кемшілігі - режимдерді реттеу күрделілігі.
ОЖП ыстық сумен қамту, әдетте, топтасқан ғимараттар үшін жүргізіледі. ОЖП топтық су қыздырғыштар (жылумен қамтыдың жабық жүйелерінде) және араластырғыш қондырғылар (ашық жылумен қамту жүйелрінде) жылу тармақтарына ЖЖП секілді жалғанады.
ОЖП ыстық су дайындаудың мынадай артықшылықтары бар:
1) жылу техникалық жабдықтардың (қыздырғыштар, айналдыру сорғылары, температура реттегіштер және т.б.) жалпы санын азайту;
2) ыстық сумен қамту құбырларының таттануын болдырмау үшін жергілікті сумен қамту жүйесінің суын орталықтан өңдеу мүмкіндігі;
3) пайдалану шығындарын азайту.
Бірақ, осы артықшылықтарға қарамастан, ОЖП су дайындаудың мынадай кемшіліктері бар:
1) жекелеген ғимараттар арасында суды бірқалыпты таратудың күрделілігі;
2) ыстық сумен қамту жүйесін қосу күрделілігі;
3) алысырақ орналасқан ғимарттарға жеткізілетін су температурасының түсіп кетуі.
Жоғарыда аталған себептерді ескере отырып, ОЖП су дайындау схемасы техника-экономикалық есептеулермен негізделуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет