Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Негізгі ұғымдар мен түсініктер



бет54/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Ұлттық әдеби тіл, көркем әдебиет стилі, ғылыми-көпшілік стиль, ресми іс-қағаздар стилі, эпистолярлық стиль.
Әдебиеттер:
1. Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. А, 2004.
2. XXғасыр басындағы қазақ әдеби тілі. А, 2000.
10-семинар
Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдеби тілі.
Апта: 10
Сағат саны: 1
Мақсаты: ХХ ғ. басында әдеби тіл ұлттық сипат алғандығын, қазақ тілінде жарық көрген прозалық шығармалар, оқу-педагогикалық сипаттағы кітаптар, аударма әдебиет үлгілері, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, публицистикалық материалдар сол тұстағы әдеби тіліміздің сапалық жағынан өсіп, стильдік жағынан саралана түскенінен мәлімет беру.
Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, үй тапсырмасын сұрау, кеңес беру, түсіндіру, пікірталас, іскерлік ойындар ұйымдастыру.
Бақылау түрі: семинар сұрақтары байынша жазбаша, ауызша жауаптарын көру, конспектілерін тексеру.
Мазмұны:

  1. ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдеби тілінің даму сипаты.

  2. ХХ ғ. басында қазақ баспасөзінің тілдік, стильдік нормалану тұрғысынан жіктелуі.

  3. Қазақ жазуының жетілуі.

  4. Қазақ жазу жүйесін жетілдіруде А. Байтұрсынұлының қызметі.

Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Газет-журналдар, аударма әдебиет, қазақ прозасы, оқу-педагогикалық әдебиет.
Әдебиеттер:

1.Р.Сыздық. XXғ басындағы әдеби тіл.А, 2000


2.Қазақ әдеби тілінің анықтамалығы. Астана, 2016
3.Ө.Айтбаев Қазақ тіл білімі терминологиясы мәселелері. А., 2013.

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау
Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:
Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (БАОӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу.
Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Білім алушының білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 – функцияны қамтиды:
Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде білім алушы жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;
Төртіншісі, білім алушы оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
Оқытушының басшылығымен докторанттің өзіндік жұмысы (БАӨЖ) сабақ кестесіне енгізіледі. БАОӨЖ-дің жалпы көлеміндегі БАӨЖ-дің үлесін жоғары оқу орны дербес анықтайды.
Білім алушының өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
Білім алушының өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
Білім алушының өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеліп, әр аптаның соңында нәтижесі тіркеу бөлімінде белгіленеді.
БАОӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарымен алмастыруға болмайды.
Білім алушының өзіндік жұмысты орындауға қажетті белсенді үлестірмелі материалдармен бітіртуші кафедра қамтамасыз етеді.
БАОӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. БАОӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі мәселелері қарастырылады. Семинарлық сабақтын жоспары, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына дербес түрде жауаптар дайындар. Әрбір сұрақты қысқаша дайындау барысында, негізгі ережелер мен символдарды БАОӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғанан кейін өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтардын көмегімен өз білімдерінді тексеріндер. Дербес талдай алмаған сұрақтарыңды жазып алып, дәрісте оқытуға немесе БАОӨЖ процесіне қойындар.
БАОӨЖ тапсырмалары дәрісте орындалуы керек. Ал дәрісте дербес оқылып қарастырылған білімдер тереңдетіліп, тереңдетілуі керек.
Алайда семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол БАОӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан БАОӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет