Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Түркі тілі, қараханид кезеңі, орта ғасыр, тарихи көз.
Әдебиеттер:
1.Б.Сағындықұлы. «һибат-ул хақайиқ»нұсқаларының (XIIғ)қолданбалы мәтіні.Астана, «Ғылым», 2018.
2. Г.Баялиева. Орта ғасыр ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілінің сабақтастығы. Қарағанды, 2021
5-семинар
Тақырыбы: ХУ-ХУІІ ғ. Қазақ әдеби тілі.
Апта: 5
Сағат саны:
Мақсаты: Қазақтың ауызша төл әдеби тілінің тарихы ХУ-ХУІІІ ғасырлардан басталады.Бұл кезең қазақ хандығын құраған ру-тайпалардың өз алдына дербес халық болып топтана бастаған, яғни қазақ этнонимінің тарих сахнасынан орын ала бастаған тұсы. Сондықтан қазақтың төл әдеби тілі осы кезеңмен шендестірілетіндігінен мәлімет беріп, түсіндіру.
Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, үй тапсырмасын сұрау, кеңес беру, түсіндіру, пікірталас, іскерлік ойындар ұйымдастыру.
Бақылау түрі: семинар сұрақтары байынша жазбаша, ауызша жауаптарын көру, конспектілерін тексеру.
Мазмұны:
ХУ-ХУІІ ғ. қазақтың ауызша төл әдеби тілінің сипаты.
Асанқайғы, Қазтуған, Жиембет, Марғасқа т.б. және қазақ әдеби тілі.
ХУ-ХУІІ ғ. ауызша әдеби тілінің лексика-грамматикалық, стильдік ерекшелігі.
Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Төл ауызша әдеби тіл, ақын-жыраулар, дидактикалық толғау, жаугершілік лексика, көне сөздер, шешендік сөздер, кірме сөздер, төл сөздер, ресми іс-қағаздар.
Әдебиеттер:
1.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А.,2014.
2.Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі.А., 2010.
6-семинар
Тақырыбы: ХУІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі.
Апта: 6
Сағат саны: 1
Мақсаты: ХУІІІ ғасырда қазақ қоғамы үшін ерекше кезең болғандығынан, елдік дербестікті сақтау мақсатында қазақ елі біртіндеп Ресей патшалығының қол астына ене бастағандығын, бұл өзгерістер қазақ қауымы қолданған әдеби тілге өзіндік әсерін тигізгендігін саралап түсіндіру. ХУІІІ ғ. жыраулық дәстүрмен қатар ақындар мектебі дами бастағандығы, сөздік құрамы қазақтың төл сөздері мен араб, парсы кірме сөздерінен тұратындығынан мәлімет беру.
Достарыңызбен бөлісу: |