8-семинар Тақырыбы: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті.
Апта: 9
Сағат саны: 1
Мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ұлттық жазба әдеби тіліміздің қалыптасқандығынан мәлімет беру. Сонымен бірге әдеби тіл функционалдық стильдерге тарамдала бастады. Ыбырайдың ХІХ ғ. ІІ жартысында қазақ әдеби тілінің дамуында алатын орны ерекше екендігінен баян ету.
Сабақ барысы:Сабаққа қатысуды тексеру, үй тапсырмасын сұрау, кеңес беру, түсіндіру, пікірталас, іскерлік ойындар ұйымдастыру.
Бақылау түрі: семинар сұрақтары байынша жазбаша, ауызша жауаптарын көру, конспектілерін тексеру.
Мазмұны: ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің сипаты.
Ы. Алтынсарин шығармаларының тілдік ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар мен түсініктер: Көркем поэзия тілі, қоғамдық публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми іс-қағаздар стилі.
Әдебиеттер: 1.Сыздық. Р.Абай және қазақтың әдеби тілі. А, 2004
2.Қазақ әдеби тілінің анықтамалығы. Астана, 2016
9-семинар Тақырыбы: Абай және қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі.
Апта: 10
Сағат саны: 1
Мақсаты: Абайдың қазақтың ауызша тарап келген байырғы әдеби тілін дамытып, ұлттық сипатта жаңа сатыға көтергендігінен мәлімет беру. Тілдегі грамматикалық және лексикалық өзгерістер қатарында қозғалыс болып, әдеби нормалауда өзгерістер жүргендігін баян ету.
Сабақ барысы: Сабаққа қатысуды тексеру, үй тапсырмасын сұрау, кеңес беру, түсіндіру, пікірталас, іскерлік ойындар ұйымдастыру.
Бақылау түрі: семинар сұрақтары байынша жазбаша, ауызша жауаптарын көру, конспектілерін тексеру.
Мазмұны: Абай – қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің негізін қалаушы.